Семинар Экономикалық өсу: мақсаттары, түрлері, факторлары мен қарқыны. Экстенсивті және интенсивті экономикалық өсу



бет23/23
Дата31.12.2021
өлшемі118,18 Kb.
#21174
түріСеминар
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Қорытынды

1. Экономикалық өсу ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуін көрсетеді. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежееінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.

2. Экономикалық өсуді өлшеудің тәсілдерін екіге бөлуге болады: 1) Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс эшномика мүмкіншілігінің молаю шапшаңдығын бағалау үшін қолданылады. 2) Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.

3. Экономикалық өсудің екі түрін ажыратып көрсетеді: 1) нақты экономикалық өсу - бұл статистикалық органдардың кезеңділікпен жариялап отыратын ЖІӨ-нің немесе басқадай макроэкономикалық көрсеткіштердің жыл сайынғы шынайы түрде өсуі. 2) потенциалды экономикалық өсу - экономиканың белгілі бір жылдамдықпен немесе қарқынмен өсе алу мүмкіндігі мен дәрежесі. Бұл өсуді қамтамасыз ете алатын факторларға мыналар жатады: а) еңбек, капитал және жер сияқты ресурстарды арттыру; ә) технологиялық прогрестің көмегімен, өндірістің ұйымдастырылуын жақсарту немесе жұмыс күшінің біліктілігін арттыру есебінен осы ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру.

4. Экономикалық өсудің теориялық тұрғыдан негізгі үш типі бар: 1) интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. 2) экстенсивті типі - қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі. 3) аралас типі - факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.

5. Экономикалық өсудің неокейнстік, неоклассикалық және тарихи-әлеуметтік үлгілері бар.



6. Экономиклық өсудің факторларын сұраныс факторлары, ұсыныс факторлары және бөлу факторлары деп бөледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет