Семинар сабағын бағалау критерийлері:Мақсатқа бағытталуы:проблема қою, болашақ кәсіби қызметтің материалын пайдалана отырып, теорияны практикамен байланыстыру.
Жоспарлау: профильдік пәндермен байланысты негізгі сұрақтарды белгілеу, әдебиет тізімінде жаңа оқулықтардың болуы.
Семинарды ұйымдастыру: пікірталасты тудыру және оны өрбіту іскерлігі, барлық жауаптар мен баяндамаларды талдау, оқу уақытының пікірталаспен толықтырылуы, оқытушының өз іс-әрекеті.
Семинарды өткізу стилі: қызу пікірталас тудыратын ұтымды сұрақтар қою, ойды да, қызығушылықты да оятпайтын пікірталас.
«Студент-оқытушы» қарым-қатынастары:құрметпен қарайды, талап қоятындай, бейтарап.
Топты басқару: студенттермен байланысты тез орнатуы, топта өзін сенімді ұстауы, студенттермен әділ және орынды әрекеттесуі, керісінше, өктем дауыс, жұмыста көшбасшыларға сүйенуі, басқа студенттерді енжар қалдыруы.
Оқытушының ескерту жасауы: білікті, жалпы немесе ескертулер жасамайды.
Студенттердің семинарда жазып алуы: күнделікті, сирек, жазбайды.
Лабораториялық жұмыстар Лабораториялық жұмыстар студенттердің теориялық-әдіснамалық білім мен дағдыларын біріктіруге бағытталған. Мысалы, эксперимент инженерлерді даярлауда өзектілікке ие. «Лаборатория» латын тілінен «labor» сөзін аударғанда – еңбек, жұмыс, қиындық дегенді береді. Оның мәні ежелден-ақ адам өмірінде болатын ғылыми және өмірлік міндеттерді шешу үшін ақыл-ой және дене күштерін пайдаланумен байланысты. Оқу мамандығына орай лабораториялық жұмыстар белгілі бір айқын спецификаға ие. Сондықтан әрбір нақты жағдайға түрлі әдістемелік нұсқаулар қажет.
Жалпы педагогикалық нұсқаулар:
Біріккен топтық әрекет – ең тиімді формалардың бірі. Оның бағыты оқытушыға байланысты. Оқытушы практикалық міндеттерді студенттердің әрі қарай өз бетімен ізденуіне мүмкіндік беретіндей, студенттердің ақыл-ойын белсендендіретіндей, практикалық жұмыстың әдістерімен қаруландыратындай қойылуы тиіс.