Тік жүретін адам. Ежелгі адамдардың қазба қалдықтары Азия, Еуропа және Африкадан табылған. Оларды ғылымда тік жүретін адам деп атайды. Олар бұдан 1 млн - 300 мың жыл аралығында тіршілік еткен. Тік жүретін адамдардың негізгі эволюциялық жетістігі - тас құралдарын жасау, абстрактілі ойлау және сөйлеу нышаны болған.
Неандертальдықтар. Бұл ертедегі адамдардың қазба қалдықтары Еуропа, Азия, Африкадан көптеп табылған. Ертедегі адамдар 300 - 400 мың жыл бұрын тіршілік еткен. Ғалымдар осы заманғы алғашқы адамдар, шамамен, 40 мың жыл бұрын пайда болған деп жорамалдайды. Олар неандертальдықтардың арасында өмір сүрген.
Кроманьондықтар. Осы заманғы типті адамдар кроманьондықтар деп аталады. Соңғы 40 мың жыл ішінде адамның сыртқы кейпі аса өзгерген жоқ деуге болады. Осы заманғы алғашқы адамдардан эволюция барысында Саналы адам пайда болды.
Тапсырма:
Жүйелеуді аяқтау
Адамның жануарлар дүниесіндегі алатын орны:
Хордалылар типі→.....→....→....
Кестені толтыру
Адам эволюциясының кезеңдеріне сипаттама:
Достарыңызбен бөлісу: |