Семинар латынның «seminarium»


Жасушадағы энергетикалық алмасу немесе организмнің тыныс алуы



бет10/18
Дата23.09.2023
өлшемі0,51 Mb.
#109945
түріСеминар
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Байланысты:
Семинар Биологияға кіріспе

Жасушадағы энергетикалық алмасу немесе организмнің тыныс алуы
АТФ синтезі. Тыныс алу және жану
Тыныс алу туралы ілімнің негізін орыс ғалымы М.В.Ломоносов (1757) және француз химигі А.Л.Лавуазье (1777) қалады. Олар: “Жану дегеніміз-жанатын дененің ауадағы оттекпен қосылуы” деген болатын. Сондықтан заттардың оттекпен қосылуы-тотығу, ал ыдырауы-тотықсыздану деп аталады. Тірі организмдерде жүретін мұндай реакциялар биологиялық тотығу реакциялары деп аталады. Отекттін қатысында органикалық заттардың жаныуы-табиғатта жүрсе,ал тірі организмдердегі тыныс алу процестері митохондрия органоидінде жүзеге асады. Жану кезіндегі энергия жылу түрінде бөлінсе, ал тыныс алу кезіндегі бөлініп шыққан энергия организмдердің бүкіл тіршілік процестеріне және өзінің құрылымын белсенді күйде сақтауға жұмсалады.
Гликолиз процесі. Ферменттердің қатысуымен глюкозаның тотыға отырып ыдырауын гликолиз процесі дейді.ол гректің “glykys”-тәтті, “lysis”-ыдырау деген сөзінен шыққан.
Эукариоттар және көптеген прокариоттар (бактериялар) АТФ молекуласын синтездеге қажетті энергияны глюкозаның ыдырауынан алады. Бұл процесс 3 сатыға бөлінеді: 1) гликолиз; 2) лимон қышқылының айналымы; 3) электрон тасымалдау тізбегі.
Гликолиздің оттексіз (анаэробты) ыдырауы. Бұл процесс жануарлар жасушасын-
дағы митохондрияның ішкі мембранасында жүреді. Ол ферменттердің әсерімен бірінен кейін бірі кезектесіп жүретін 13 реакцияның жиынтығынан тұрады. Бұл реакцияға оттек мүлде қатыспайды, сондықтан оттексіз ыдырау деп аталады.
Гликолиздің оттекті (аэробты) ыдырауы. Глюкозаның толық ыдырауы немесе
оттекті ыдырауы да – митохондырияның ішкі мембранасында үздіксіз жүретін процесс.
Реакцияға глюкозаның оттексіз ыдырауы сияқты аралық заттар ретінде ферменттер, АДФ және фосфор қышқылы қатысады. Бұл реакцияның оттексіз ыдыраудан айырмашылығы оттектің қатысуымен глюкоза толық ыдырайды. Жасушаның тіршілік әрекеттеріне жұмсалатын энергия көзі гликолиз процесі кезінде АТФ түрінде синтезделеді. Сондықтан бұл процесті энергетикалық алмасу дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет