Семинар материалдары №2 «45minut kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым»



Pdf көрінісі
бет10/45
Дата10.01.2017
өлшемі2,94 Mb.
#1531
түріСеминар
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45

Біздің   ұсынысымыз:  Сандар   ұғымының   құпиясын   ашқан   ұлы   ғалымдар   еңбегін   өзім   сияқты
жеткіншек ұрпақтардың оқып – үйренуін насихаттаймыз.    
ПАЙДАЛАНҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Балалар  энциклопедиясы, ІІІ том
2.Бастауыш мектеп, №4, 2010жыл
3. Глейзер Г.И. Мектептегі математика  тарихы . , «Мектеп», А., 1985 ж.
4. «Математика  және  физика» журналы, №2, 2008ж.
5. «История  математики»,2-бөлім, 1979ж.
6. Ғаламтор  материалдары
7. Собалақов  А.  Математика  тарихынан,  «Мектеп», А., 1966 ж.
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРДІҢ БІРІ:
 “ДИАЛОГ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ”
Маншарипова Ақжан Телеуқызы
Қызылорда облысы. Жалағаш ауданы №123 Т.Жүргенов атындағы
 орта мектептің математика пәні мұғалімі
   
 Аңдатпа
Бұл жұмыста білім берудегі жаңа тәсілдердің бірі диалог арқылы оқытуды  сабақта тиімді пайдалану
жолдары көрсетілген.  Жұмыста алдымен диалог арқылы оқытудың оқушының білімінің артуына көп
көмегін тигізетіні туралы айтылып, сол айтылғандардың айғағы ретінде сабақта диалогтік оқытудың
қалай   жүргендігі   айқын   көрсетілген.   Әр   сабақта   сұрақтардың   қалай   қойылғандығы   талданып,
сабақтағы   сұрақ   қоюдың   үлгілерін   пайдалану   жолдарын   айтылған.     Мұғалім   өз   кәсіби   қызметін
талдай келе, оны одан әрі жақсарту туралы пікірін де айтып кеткен.
Аннотация
В этой работе показан один из новых практичных методов в образовании, используемых на уроке –
диалог. В работе сначала говорится о большой пользе диалога для повышения знаний ученика, и
64

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
вследствие сказанного показано, как проходило диалоговое обучение на уроках. Говорится также в
работе, как обсуждалась постановка вопросов на каждом уроке, а также пути применения постановки
вопросов на уроках. Учитель, обсуждая свою профессиональную деятельность, выражает мнение о
дальнейшем ее улучшении.
Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім (Strong, Ward & Grant,
2011).  
Бүгінгі таңда тұрған негізгі мәселе – жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Жеке тұлға дегеніміз – қоғам
мақсатына   сай,   ойлау-сөйлеу   қабілетінің   нәтижесінде   саналы   әрекет,   қарым-қатынас   жасайтын,
рухани,   зерделілік   мінез-құлық   ерекшеліктерімен   дараланатын   адам.   Олай   болса,   жеке   тұлғаны
дамыту ұшін оқытудың жаңа әдістерімен оқытып, тәрбиелеуіміз керек. [1]
Білімнің жаңа  үлгісі   өзіне  сәйкес  жаңа  мұғалімдерді  талап етеді.  Ол  мұғалім   шығармашылықпен
қызметтің   барлық   келеңді-келеңсіз   жақтарын   зерттеп-меңгеруге   ынталы,   өзінің   пәнін   жетік
меңгерген, кез-келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігін, парасаттылығын, ақылдылығын,
мәдениеттілігі,   іскерлігі,   шеберлігі   арқасында   шеше   алатын,   педагогикалық   үрдістің   нәтижесін
жақсартуға ұмтылған мұғалім болу керек. [2]
Сабақта мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңызды-ақ, бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не
біліп, не істейтіні одан да маңыздырақ. Нағыз ұстаз, міне, осынысымен бағаланады(Цицерон) 
Әрбір мұғалімнің алдына қойған мақсаты – оқушылардың  алған білімінің терең  болуы және алған
білімінің   оқушы   есінде   сақталуы.   Білім   оқушының   есінде   сақталуы   үшін  оқушы  осы   білімді   өзі
қалыптастыруы қажет, яғни мұғалім  сабақта оқушыға осындай жағдай тудыруы қажет. 
Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері
болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, білім беру жеңіл болмақ. 
Диалог негізінде білім беру мен білім алушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы
арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал
екенін меңзейді. [3]
Мұғалімнің жетекші сұрақтары арқылы сабақ барысында талқылауға түскен тапсырмалар, оқушы мен
оқушы арасындағы зерттеушілік әңгімелер оқушы есінде   ұзағырақ сақталады және олар қойылған
қалың сұрақтарға жауап беру арқылы сыни тұрғыдан ойлайтын тұлға болып қалыптасады. 
 Осы мақсатта мен өзімнің сабақтарымда диалог арқылы оқытуды пайдалануға тырыстым. 
Менің оқушыларым алғашқы өтілген “Санды өрнектер. Әріпті өрнектер” тақырыбындағы сабағымда
сұрақтарға тек бір сөзбен ғана жауап бергісі келді және өздерінің ойын жеткізе алмады. Сұрақ тек
«Бастама-жауап-кейінгі   әрекетпен» ғана  шектеліп қалды:  Бастама:        Мұғалім:  Әріпті  өрнек  деп
қандай өрнекті айтады?
Жауап:       Сымбат: Құрамында әріптері  бар өрнекті
Кейінгі әрекет:   Мұғалім: Жақсы! 
Осының нәтижесінде сабақта диалог өз дәрежесінде көрініс таба қойған жоқ. 
Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ
берудің   тиімді   құралына   айналады   және   де   оқушылардың   білім   алуына   қолдау   көрсетіп,   оны
жақсарта және кеңейте алады. 
Осы кездескен қиындықтарды жою үшін оқушыларға сабақ барысында берілген тапсырмалардың,
сұрақтардың  сипатына біршама өзгерістер енгіздім. 
Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі:
төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар кең қолданылады деген пікір бар. Кей кездері төмен
дәрежелі   сұрақтарды   «жабық»   немесе   «дұрыс   емес»   сұрақтар   деп   те   атайды.   Олар   жаттап   алуға
бағытталған және де оған берілген жауап («дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп) бағаланады. Ал жоғары
дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға,
кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады. [3]
 Сыныпта өтілген келесі сабақтарымда сабақтың әр кезеңіне сәйкес сұрақтарды нақтырақ қоюға назар
аудардым. 
“Натурал   санның   еселігі”   тақырыбындағы   сабағымның   «Тұсаукесер»   кезеңінде   тапсырманы
баяндаған әр оқушыға қосымша  сұрақтар беруге тырыстым. Мысалы,
Мұғалім: Берілген натурал санның ең кіші еселігі қандай сан?
Айзат: Еселіктерінің ең кішісі 
65

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Мұғалім: Ал, санның еселіктерін қалай табамыз?
Айзат: Осы санды 1-ге, сосын 2-ге, сосын 3-ке және ары қарай солай көбейте береміз 
Мұғалім: Сонда берілген санның ең кіші еселігі қандай сан болады?
Айзат: Сол санның өзіне тең болады        
        Бұл мұғалім мен оқушы арасында болған диалог формасы. 
Менің  түйгенім,  диалогтың бұл  түрін  қолдану  оқушы білімінің тереңдеуіне   көп септігін  тигізеді.
Оқушыны ізденімпаздыққа, дәлдікке үйретеді.
Оқушының   білім   алуын   қолдау   үшін   сұрақ   қоюдың  түрткі   болу,   сынақтан   өткізу   және   қайта
бағыттау  сияқты әртүрлі техникаларын пайдалануға болады.  Түрткі болу: түрткі болуға арналған
сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет, айталық,
сұрақты қарапайым етіп қою, өткен материалға оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау және толығырақ
жауап беруге итермелеу. 
Сынақтан өткізу: сынақтан өткізуге арналған сұрақтар оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге,
өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы қажет, сондай-ақ
«Сіз мысал келтіре аласыз ба?» деген сияқты сұрақтар тапсырманы орындау барысында оқушыға
бағдар беріп отырады.
Қайта бағыттау: сұрақты басқа оқушыларға  қайта бағыттау,  мысалы, «Көмектесе алатындар бар
ма?» [3]
Әр сабағымда мен де сұрақ қоюдың әртүрлі техникаларын қолдануға тырыстым. Мысалы «Пифагор
теоремасын қайталауға есептер шығару» тақырыбындағы сабағымда осы әдістер пайдаландым.
Сабақ   барысында   бір   оқушыға  түрткі   болуға  арналған   «Ұзындықтары   5,   4,   3-ке   тең   кесінділер
тікбұрышты   үшбұрыштың   қабырғалары   болады   деп   есептеуге   бола   ма?»   деген     сұрақ   қойдым.
Сұраққа бұл оқушы жауап бере алмады. Сондықтан сынақтан өткізу үшін осы оқушыға «Тікбұрышты
үшбұрыш қабырғаларын қандай теореманы қолданып табуға болады?» деген сұрақты тағы қойдым.
Бұл   сұраққа   да   тұшымды   жауап   болмаған   соң   басқа   оқушыларға    қайта   бағыттау  сұрағын,   яғни
«Көмектесе аласыңдар ма?» деген сұрақты қойдым. 
Сұрақ   қоюдың   бұл   үлгісін   «3-ке   және   9-ға   бөлінгіштік   белгілері»   тақырыбындағы   сабағымда   да
қолдандым:  
  Түрткі болу :  Мұғалім: 9-ға бөлінетін санның барлығы 3-ке  бөліне ме?
                       Гүлбаршын: Бөлінеді
   Сынақтан өткізу:  Мұғалім: Ал енді 3-ке бөлінетін санның барлығы  9-ға  бөліне ме? 
                           Гүлбаршын: я,........ жоқ
 Қайта бағыттау :  Мұғалім: Көмектесе аласыңдар ма? 
 Жанерке: 9-ға бөлінетін санның барлығы 3-ке бөлінеді, себебі 9 саны 3-ке бөлінеді 
Менің тағы бір түйгенім, сұрақ қоюдың бұл әдістерін қолдану оқушылардың білімінің артуына және
олардың бір-бірінің идеяларын құрметтеуге үйренуіне, айтатын жауабын ой елегінен өткізіп барып
айтуға үйренуіне себеп болады деп ойлаймын.
Сабақ барысында оқушы мен оқушы арасында диалог болғаны оқушының білімінің тереңдеуіне көп
септігін тигізеді. Көбінесе зерттеушілік әңгімеде көрінеді. Зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар
өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істейді. Оларда ортақ проблема болады, бұл мәселе
бойынша   бірлескен   түсінік   қалыптастырады;   идеялармен   пікір   алмасып,   бір-бірінің   идеяларын
талқылайды,   баға   береді;   ұжымдық   білім   мен   түсінікті   қалыптастырады.   Басқаша   айтқанда,
оқушылар бірге ойланады. 
Сыныпта өткізілген   «Төртбұрыштардың аудандары» тақырыбындағы сабағымда   диалог болуына
назар   аудардым.   Оқушыларға   «Неліктен   төртбұрыштардың     кейбіреуін   дөңес   төртбұрыш   деп
атаймыз?», «Температура оң, теріс сандармен және нөлмен өрнектеледі. Аудан неге тек оң самен
өрнектеледі?» деген және тағы да басқа сұрақтар, тапсырмалар берілді.
Маған ұнағаны оқушылардың осы сұрақтар төңірегінде топта талқылау жүргізіп, оны өз ойларымен
айтып түсіндіруге тырысқаны. 
Оқушылар  зерттеушілік әңгімеге  тартылғанда,  өз  ойларын дауыстап,  айтады;  болжамдар ұсынып,
талқылайды. Талқылау кезінде олар «мүмкін», «егер», «бәлкім» деген сияқты сөздерді қолданып, өз
идеясын дәлелдеу үшін «сондықтан» деген сөзді пайдаланып, топ тарапынан қолдау қажет болғанда
«Солай емес пе?» деген сұраққа сүйенеді. 
Пікірталастың   мақсаты   жеңімпаздар   мен   жеңіліске   жеткендерді   анықтау   емес,   керісінше,   тіпті
66

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
басқаларда қарама-қайшы пікір болса да, өз ойын дәлелді негіздер келтіре отырып, оны қорғай білу
дағдыларын дамыту. [4]
Менің бір қуанғаным аталған жұмыста оқушылар «мүмкін», «егер», «бәлкім» деген сияқты сөздерді
қолданып, өздерінің айтқандарын дәлелдеуге тырысып жатты. Өздерінің ойын ашық, еркін айтуға
ұмтылды.
Сабақ   барысында   оқушылар   арасында   зерттеушілік   әңгіменің   болуы   олардың   сабаққа   деген
ынтасының артуына, пәнге деген қызығушылығының артуына көп көмектеседі деп ойлаймын.        
Жаңаша әдіспен сабақ өту барысында менің түйгенім, сыныпта диалог өз дәрежесінде жүру үшін:

Топтағы оқушылардың рольдерін дұрыс бөліп алуына ықпал ету;

Сабақта берілетін тапсырманы дұрыс таңдау;

Тақырыпқа байланысты қойылатын сұрақтарды дұрыс таңдау;

Сабақта қойылатын сұрақтардың түрлі әдістерін пайдалану; 

Топта зерттеушілік әңгіме жүретіндей жағдай жасау керек деп ойлаймын.
   Сондықтан әр сабақты өткізу барысында оқушыға олардың арасында зерттеушілік әңгіме өрбіп,
диалог болатындай тапсырмалар беруіміз қажет деп ойлаймын. 
       Қорыта айтарымыз, оқушылардың білетіндігін және білмейтіндігін анықтау үшін жақсы қарым-
қатынастық, тілдік дағдылар және түсіністікпен қарау талап етіледі. Мұғалімдер қолданысындағы
оқушылар   қысқа   жауап   беретін   сұрақтармен   салыстырғанда,   диалогтік   сұхбаттасу   мұғалімдер   де,
оқушылар да білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болып
табылады. 
       Сонымен білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер   оқушылар білімінің сапалы болуына көп
септігін тигізеді. Олар өздері қалыптастырған білім арқылы үлкен нәтижелерге жетеді деп ойлаймын. 
           Пайдаланылған әдебиеттер:
«12-жылдық білім» журналы, №2,2008 ж
«Математика және физика» журналы, №2,2012 ж
Мұғалімге арналған нұсқаулық
С.Мирсеитова. Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде. Қарағанды, 2011-«Кәсіби даму
мектебі» сериясы
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ
 ӨЗІНДІК ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІЗДЕНІСТЕРІН АРТТЫРУ
 Шілдебаева Жанар Төлешбайқызы
Қызылорда облысы Жалағаш ауданы  Аққұм ауылы
А. Бисенов атындағы №38 орта мектептің жоғары санатты 
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Әлемде   болып   жатқан   қарқынды   өзгерістерге   сай   XXI   ғасырдың   оқушыларын   лайықты   оқытуда
қазіргі   білім   беру   жүйесінің   жаңаша   мазмұн   алуы   бәсекеге   қабілетті   отыз   елдің   қатарына   енуге
ұмтылған мемлекетіміздің өркениетті дамуына сүбелі үлес қосары анық. Нәтижеге бағытталған білім
берудің қажеттілігі –бүгінгі заман талабы.
Қазақстан Ресубликасының Президенті Н.Ә Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір
мүдде,   бір   болашақ»   Қазақстан   халқына   Жолдауында:   «Орта   білім   жүйесінде   жалпы   білім
беретін   мектептерді   Назарбаев   зияткерлік   мектептеріндегі   оқыту   деңгейіне   жеткізу   керек.
Мектеп   түлектері   қазақ,   орыс   және   ағылшын   тілдерін   білуге   тиіс.   Оларды  оқыту  нәтижесі
оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру
болуға тиіс» деген сөзі бәрімізге айқын.
Білім сапасын арттырудағы басты тұлға-ұстаздың үнемі ізденуі, білімін жан-жақты жетілдіруі талап
етіледі.   Қазақстан   Республиксының   педагог   қызметкерлерінің   біліктілігін   арттыру   курстарының
бірінші   деңгей   бағдарламасын   меңгеру   барысында   мұғалімдерге   артылар   жауапкершіліктің
қаншалықты маңыздылығын түсінгендеймін. Бәсекеге қабілетті ұрпақты дайындау жолында отандық
табыстарды  зерделеп,   ұлттық   ерекшеліктерімізді   ескере   отырып,   әлемдік   жинақталған   тәжірибеге
сүйену арқылы оқыту мен тәрбиелеуді жаңаша ұйымдастырудың қажеттілігі сезілуде.
67

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Мұғалімдерге   біліктілікті   арттыру   курстарында   деңгейлі   бағдарламаларды   игеруде   оқушылар
өздерінің қалай оқу керектігіне назар аудара отырып, өз ойларын жеткізе алатын, алынған ақпаратты
ұғына отырып, сын тұрғысынан ойлауға,  талдауға бейімделген, өз бетінше шешім қабылдайтын, өмір
сүруге бейім тұлғаны даярлауға мүмкіндік береді. 
Сын тұрғысынан ойлауға   үйрету арқылы оқушылардың белсенділігін арттыруға, олардың бойына
жағымды ахуал қалыптастыруға, пәнге деген қызығушылығын арттыруға жол ашады.
Сын тұрғысынан ойлау тақырып бойынша білетін ақпараттарын еске түсіріп, жинақтай отырып, жаңа
ақпаратпен танысу барысында алынған білімнің не үшін қажеттілігіне баға берумен негізделеді. 
Сыни ойлауға негізделген сабақ үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде оқушылардың жаңа ақпаратқа
қызығушылығы оянады,   бойындағы бар  білімін жүйелейді,  сындарлы  қарым-  қатынаста  өзара   ой
алмасады,   жаңа   тақырыптың   мақсатын   анықтайды.   Екінші   кезеңінде   жаңа   ақпаратпен   танысады,
жаңа ақпаратты өзіндегі бұрыннан бар білімімен байланыстырады, пайда болған сұрақтарға жауап
іздейді, оқыған ақпараттарын талдайды. Ақпараттың маңыздылығы туралы шешім қабылдай алады.
Үшінші   кезең-білім   алудың   қорытынды   кезеңі.     Рефлексия   арқылы   оқушылар   өз   ойларын   айқын
тұжырымдайды, өз білімінің толығуын   тексереді. Ойды     мұқият таразылауға, бағалауға, талдауға,
болжай білуге үйретеді.  Бұдан шығатын  негізгі түйін: оқушы жаңа білімге өзінде бар білім арқылы
келеді.   
Дәстүрлі   оқытудағы   білім   мазмұнын   құрудың   ақпараттық-түсіндірмелік   тәсілі   оқушыны
жаттандылыққа, сабақ барысында меңгерген теориялық білімін өмірде қолдана алмайтын шектеулікке
әкеп   соғары   анық.   Сондықтан   да         педагог   қызметкерлердің   біліктілігін   арттыру   курсының
бағдарламасын меңгергеннен кейін, мектепте оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйретуде бірнеше
қадамдар жасалды:
     1.Оқушыларды бірлескен топтық жұмысқа тарту   сын тұрғысынан ойлауды дамытудың алғашқы
тәсілі   болып   табылады.Топтық   жұмыс   уақытында   оқушылар   өз   сыныптастары   мен   мұғалімнің
тұрақты қолдауына ие бола отырып, сын тұрғысынан ойлауға тартылады.
          2.Сын   тұрғысынан   ойлауға   үйретудің   негізгі   көздерінің   бірі-ашық   сұрақтар   қоя   білу.   Ашық
сұрақтар Не? Қашан? Кім? Қанша? Қалай? Неге? Дегеннен басталады.Ашық сұрақтар қою арқылы
креативті ойлар туынайды. 
      5-сыныптың әдебиет сабағында «Ер Төстік» ертегісінен төмендегі мәтінді оқу барысында  сыни
ойлауға жетелейтін сұрақ қойылды:
...Төстік өзгеше бала болып өседі. Бір айда бір жастағы баладай, екі айда екі жастағы баладай,
үш   айда   үш   жастағы   баладай,   бір   жылда   он   бестегі   жаңа   өспірімдей   болып,   екі   жасында
алысқан кісілерін алып ұратын алып бала болады. 
Халық баланың бұлай тез өсуін неге армандады? Төстікті екі жасында алып бала етіп бейнелеуіне не
себеп болды?
     3.Оқушыларға нақты ақпаратты ұсынбай, екіұдай ойлануға жетелейтін әдістерді қолдана білу де
сыни ойлауға дағдыландырады.
    7-сыныпта Қазыбек биге қатысты мәтінді талдау барысында бидің қалай төрелік ететініне болжам
жасау ұсынылды:
           Қазыбек беріде елге белгілі болған кезде бір бала үшін дауласып, екі әйел алдына келіп
жүгінеді. Әйелдің бірі:
    -Мынау баламды мен есін білмейтін жас күнінде жоғалттым, соны мынау әйел тауып алды
ма, әлде ұрлап алды ма, оны білмеймін, әйтеуір асырап алыпты. Бүгін танып, сұрасам, «өз
балам» деп бермейді,- дейді.
    Екінші әйел тұрып:
   -Бала өзімдікі, өзім таптым. Мынау босқа жармасып тұр,-дейді. Қазыбек екі әйелдің сөздерін
тыңдап болып, біраз ойланып отырып қалады...
     Қазыбек би екі әйелдің дауын қалай шешеді? Қандай болжам айтар едің?
4. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту және қадағалау мақсатында     бағалау
және рефлексияны пайдалану да өз нәтижесін береді.  
Бүгінгі сабақта сіз үшін не аса маңызды болды? 
Бүгінгі алған біліміңіздің басқа сабақтармен және мектеппен қандай байланысы бар? деген сұрақтар
қою арқылы рефлексия жасау білім алушыны сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді.
Қорыта айтқанда, сын тұрғысынан ойлау бір нәрсені елестетуге, болжам жасауға, ақпаратты нақты
68

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
ұғынуға, бағалай және талдай білуге дағдыландырады. Мен өз ойымды ұлы хакім Абайдың мына
нақыл сөзімен қорытындылағым келеді: «Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік
болса, сонда ғана оның аты адам болады.» Бұдан шығатын негізгі түйін, баланы білуге өз еркімен,
шын махаббатпен жетелей білсек, өзіндік ұстанымы, көзқарасы бар шәкірт тәрбиелесек, көздеген
мақсатқа жете білгеніміз.
-------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Қызылорда облысы Сырдария ауданы №44 орта мектебінің 
химия пәнінің мұғалімі Медетова Ләззат Мүталлапқызы 
І деңгей тыңдаушысы, сертификатталған
         ЖЕКЕ  ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ 
СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Қазіргі   ғылым   мен   техниканың   қарыштап   дамыған   кезінде   оқу   -   білімнің,   соның   ішінде
болашағымыз,     бүгінгі   мектеп   оқушысының   білімі   мен   тәрбиесі   аса   маңызды   мәселе.   Еліміздің
әлеуметтік - экономикасының дамуына  өзіндік үлес қоса алатын, өзіндік ой - пікірі бар жан - жақты
дамыған, білімді де, білікті тұлғаны дайындап, тәрбиелеу аса құрметті қоғамдық міндет. Себебі, ел
тұтқасын жан - жақты білімді ұрпақ ұстанған шақта ғана өркениет алға дамымақ.
Жас   ұрпаққа   білім   беруде,   оларды   болашақ   еліміздің   тұтқасы   етіп   тәрбиелеу   әр   ұстаздың,   әрбір
мектептің ең қасиетті міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі
әрі   ауқымды  өзгерістер  өрістеуде.   Осы  мақсатта   мемлекетіміздің  білім   сапасын  арттыратын  түрлі
құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде. Мемлекет тарапынан көптеген қаражаттар бөлініп,
еліміздің көп жерлерінде мұғалімдердің біліктілігін көтеру курстары өткізілуде. Мемлекеттік білім
беру жүйесін әлемдік үздік үлгіге сәйкес деңгейге көтеру көзделген. Жеке тұлғаның білім алу және
рухани қажеттіліктерін, оның мүмкіндіктерін ескеріп қанағаттандыру.
Білім беруді жаңарту үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үдерісі, бұл білім беруде кезең кезеңімен
өтетін   және   алынған   нәтижелерге   бағытталған   өзгерістер.   Қоғамдағы   жүріп   жатқан   өзгерістер,
ғылыми- техникалық прогресс және жалпы білім беретін мектеп құрылымының өзгеруі - жас ұрпақты
тәрбиелеуді дамытып қалыптастыруды талап етеді. Қазіргі өркениетке жеткізетін құрал тек қана -
білім. Білімді ұрпақ ғана болашақ иесі болып табылады. Білім - қоғамды әлеуметтік мәдени ғылыми
үрдіспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, қауым үшін де, қоғам үшін де жоғары құндылық.
    Адам баласының жер бетінде адам болып, бақытты ғұмыр кешуі үшін екі нәрсе керек.Ол – тән
азығы мен жан азығы. Тән азығы адамның тірі жан ретінде өмір сүруін қамтамасыз етсе,  ал тән
азығына материалдық қажеттіліктерді қамтамасыз ететін азық-түлік, киім-кешек, баспана, көлік
сияқты   адамның   күнделікті   тіршілігін   қамтамасыз   ететіндер   жатады.   Ішкі   жанымызбен,
түйсігімізбен   сезінетін   рухани   дүниені   меңгеруге   ұмтылу   –   жан   қалауы.   Басқаша   айтсақ,   жан
азығы   –   рухани   құндылықтар.   Қазіргі   таңда   рухани   құндылықтардан   гөрі   материалдық
құндылықтың   яғни,   тән   қалауы   бірінші   орынға   қойылғанын   біз   жасыра   алмаймыз.Бұл   жас
ұрпақтың   білімі   мен   тәрбиесіне   кері   әсер   ететіні   белгілі.   Егер   біз   рухани   құндылығымыздан
айырылсақ, табиғатты сүю, ата-ананы сүю, бірге туған бауырды сүю, жалпы адамзатты сүю, өз
Отанын, ұлтын сүю деген қасиеттерден қол үзіп қалмауымыз мүмкін. Біз көптеген жасөспірімнің
өзіндік   пікірі,   көзқарасы  қалыптасуы   кенжелеп,   ойды   еркін  жеткізу  қабілеті   төмендеп  кеткенін
жасырмауымыз керек. Тестпен емтихан алу, ҰБТ сынақтары оқушының тек тестке дайындалып,
материал жөнінде бетсыдырғы мәлімет алып, мағынасына терең үңілмей-ақ сынақтан өтіп, рухани
құндылықты   өмір   сүру   қағидасы   ретінде   жаратпауы   алаңдарлық   жағдай.   Сонымен   қатар
компьютер, ұялы телефон, ғаламтордың дамып, қолжетімді болуы, жасөспірімдердің көңілін аулап,
оқушылардың   кітап,   газет-журнал   оқу   дағдыларын   бойына   сіңіруіне   мүмкіндік   бермей,
көзқарастың тарылуына әкелді.Рухани құндылықтан ада болып, адамгершілік қасиетіміз алшақтап,
білімді механикалық тұрғыдан меңгерсек, біздің күлтемірден айырмамыз қайсы?! Мен бұл жерде
қоғамда   барлығы   осындай   деуден   аулақпын.   Бірақ,   жасөспірімнің   көбі   өз   уақыттарын   тиімді
пайдаланбайтыны белгілі. Қазіргі таңда жоғарыда айтылған компьютер, ұялы телефон, ғаламтор
сықылды жетістіктерді жасөспірімдердің рухани өркендеу үшін пайдалануын жүзеге асыруымыз
керек.   Ол   үшін   не   істесек   болады?   Ғылым   мен   техниканың   шапшаң   дамыған   заманында,
компьютер   мен   ұялы   телефонға   тәуелді   болған   жасөспірімдердің   қолына   оқулық   ұстатып,
69

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
тәрбиелеп, оқыту мұғалім алдындағы үлкен бір мәселе.Дегенмен, қандай да бір қиыншылықтан
шығудың жолдары болатыны белгілі.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында  «Орта білім
берудің   мақсаты   –   терең   білім,   кәсіби   дағдылар   негізінде   еркін   бағдарлай   білуге,   өзін-өзі   іске
асыруға,   өзін-өзі   дамыту   және   өз   бетінше   дұрыс   адамгершілік   тұрғысынан   шешім   қабылдауға
қабілетті   жеке   тұлғаны   қалыптастыру»   делінген.   Ал   мұғалімнің   міндеті   жеке   тұлғаның   өзіне,
қоғамға   қажетті   қабілеттерін   қалыптастыру,   дамыту   және   өз   бетімен   білім   алуына,   өзін-өзі
дамытуға   қолайлы   жағдай   туғызу.   Осы   тұрғыда   былтырдан   бастап   жаңа   форматта   оқыту   мен
оқудың   Кэмбридждік   әдіс-тәсілін   қазақстандық   мұғалімдерге   меңгерту   қолға   алынды.   Себебі,
жоғарыда   айтылғандай,ақпараттық   қоғамныңнегізгі   талабы   –   оқушыларға   ақпараттық   білім
негіздерін   беру,   логикалық   ойлау   қабілетін   дамыту,   ақпараттық   технологияны   пайдалану
дағдыларын   қалыптастыру   және   ақпараттық   сауатты   болып   өсу   мен   ғасыр   ағымына   бейімдей
тәрбиелеу, яғниақпараттық қоғамға бейімдеу болып табылады. Ағылшындардың озық тәжірибесі
осыған сәйкес келеді.
Өздерін ұлы халықпыз деп есептейтін ағылшындардың жас ұрпақ үшін жасаған бұл бағдарламасы
шынында да осал емес екен. Бүкіл әлемді өзінің тілімен баурап алған ағылшындарды ұлы демеске
амал да жоқ. Бағдарлама нұсқаулығының алғашқы бетінен-ақ:  «Бұл бағдарламаның басым бөлігі,
түрлі   тәсілдер   қарастырылғанына   қарамастан,   сындарлы   оқыту   теориясы   негіздерін   қамтыған.
Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» әдіс арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған
өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сол себепті де механикалық есте сақтау, үстірт білім алу
жағдайлары   орын   алады.   Дәстүрлі   оқытудан   алынған   механикалық   түрде   есте   сақталған
мәліметтерді   емтихан   кездерінде   ұтымды   пайдалануға   болады,   бірақ   мән-мағынасы   терең
меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту аяқталған соң немесе емтихан біткен
соң   керексіз   болып   қалады   және   оқушы   оны   өмірде   пайдалана   алмайды.   Сындарлы   оқытудың
мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде,
кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету» деген сөздер ішіңді жылытады. Бізге
керегі де осы емес пе еді?!
Бағдарламаның оқушыға тиімді боларын, оған білім мен тәрбие берудегі зор үлесі бары сезіліп
тұр. Себебі, оқытып тәрбиелеуді қатар алып жүрудің қыр-сырын ағылшындар терең меңгергенін
көруге   болады.   «Мұғалім   –   мектептің   жүрегі»   деп   халқының   болашағы   үшін   білімнің   даңғыл
жолын   салған   Ыбырай   Алтынсарин   бекерден   бекер   айтпаған.   Әрбір   мұғалім   өзін   мектептің
жүрегімін деп есептеп, мектептің жанын кіргізердей дәрежеде болуы тиіс.Өз ісіне аса ықыласпен
ден қоя отырып, құзырлы мұғалім ретінде баланың жүрегіне білім нәрін себе білсе нұр үстіне нұр.
Бағдарламада   зерттеуші-психолог   Шульман   түсінік,   дағды   және   тұтастықты  «мұғалімнің   үш

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет