Семинар материалдары №2 «45minut kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым»



Pdf көрінісі
бет9/45
Дата10.01.2017
өлшемі2,94 Mb.
#1531
түріСеминар
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45

Жобаның негізгі мақсаты: Қазақ халқының байырғы тағамы – құрттың пайдасын анықтау арқылы 
маңызын көрсету. Қазақтың байырғы тағамы құртты ұлттық бренд ретінде әлемдік нарыққа шығару 
қажеттілігін  түсіндіру.
Жобаның міндеттері:

Қазақтың ұлттық тағамы – құртпен танысу;

Құрттың қазақ өмірінде алатын орнын көрсету;

Құрттың адам денсаулығына пайдасын көрсету. Мәселе: Құрттың адам денсаулығына пайдасы
58

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
бар екенін зерттеу.
Зерттелетін зат: Құрттың тіршілікке қажетті құндылығын зерттеу.
Зерттеу  жұмысының   өзектілігі:Аталған   еңбектердің   маңыздылығына   баға   бере   отырып,  ұлттық
құндылықты  сақтап  қалу  жолдарын  көрсету.
ІІ. НЕГІЗГІ  БӨЛІМ
2.1. Құрт - адам денсаулығына қажетті құндылық.
        Іші-бауырымыз құрысып-тырысып, көзіміз қарауытқанда, дәруменіміз азайып кетті деп 
шығамыз. Ондайда банан, киви, апельсин жеу керек деп ақыл айтатындар да табылады.
        Осы біздің атам қазақ апельсин көрмей өсті ғой, олар неге құлап, талып қалмаған деп 
таңғаламыз. Сөйтсек, олардың ішкен-жегені нағыз дәрумендердің көзі екен.Көкорай шалғынды 
жалпағынан басып жайылған сиырдың сүті, түйенің шұбаты мен жылқының қымызы – дәруменнің, 
күш-қуаттың көзі осылар екен. Дүкендерде сатылатын сырды қазақшалап сыртына “ірімшік” деп 
жазып қояды. Бірақ сырдың дәмі қазақтың қозы қарын қосып қайнатқан ірімшігінің садағасына да 
татымайтынын, әсіресе, ауыл қазағы жақсы біледі. Әңгіме оның дәмінде ғана емес. Ғылыми зеттеулер
көрсеткендей, сиырдың сүтінің құрамында, 100 грамға шаққандағы ақуыздың мөлшері 22,85-34,52% 
болса, қазақ ірімшігіндегі ақуыздың мөлшері 40-42% екен. Сыр құрамында көміртегі ары кетсе 
4,52%-тен аспайды, ал ірімшікте ол 10,93% болады. Адам ағзасындағы сүйек ұлпаларының мықты 
болуы үшін ең қажет элемент фосфор болса, дәстүрлі әдіспен жасалған ірімшік құрамында фосфор 
0,51%, ал кальций 2,3% мөлшерінде кездеседі екен. Ал қуаттылығына келсек, 100 грамм сыр 268,8-
401,38 қуат берсе, 100 грамм ірімшік 408,4 қуат береді. Құртымыз да химиялық құрамы мен 
калориясы жағынан қала дүкендеріндегі сүзбені (творог) он орап алады. Сүзбеде ақуыз мөлшері 14,5-
18,6% болса, қазақ құрты ақуызға өте бай – 52,6%. Ал 100 грам сүзбе 87-227-ге дейін қуат берсе, 
құрттан 370,1 қуат алуға болады.
       Құрт – сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт – сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт 
деген мағынаны береді. Пісіліп майы алынған айранды қайнатып кенеп дорбада сүзіп алып тұздап 
өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі. Жасалу тәсілдеріне қарай құрт сықпа құрт, ақ құрт, қара құрт, 
майлы құрт деген түрлерге бөлінеді.Қазақ ырымы бойынша кеппеген құртты жеуге, алуға болмайды. 
Егер өреден құрт алып жесе, жауын жауады деген ырым бар. Сабада жиналып пісілген іркітті майы 
алынғаннан кейін түбіне май жаққан үлкен қазанға құйып қайната береді. Құрт қайнап жатқан кезде 
оның түбі күйіп кетпес үшін арнаулы құрт былғауышпен (басында кырғыш темірі болады) әлсін-әлсін
қазанның түбін, ернеуін қырып араластырып отырады. Әбден қойылған құртты қапқа құйып керегеге 
асып қояды, сонда оның қалған суы тағы да ағып, құрғайды. Бұдан кейін қолмен бөлшектеп, тақшаға, 
шиге, колмен сықпалап өреге жайып кептіреді. Көгермей, кызбай біртегіс кебу үшін өреде жатқан 
кезде оны бірнеше рет аударыстырады. Осындан әдіспен кайнатып, кептіріп алған құрт жыл бойына, 
кейде 2—3 жылға дейін сақтала береді. Кұрт күшті ас, ол әр түрлі тамаққа қосылады. Құрт– малдың 
сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам. Сабаға сүтті жинап, сүт ашығаннан кейін 
піседі, сүт іркітке айланып, майы бетіне қалқып шығады. Майын бөлек алып тұздап қарынға салады 
да, іркітті қазанға суы сарқылғанша қайнатады. Құрт қайнап жатқан кезде қазанның түбін, ернеуін 
қырып, әлсін-әлсін араластырып отырады. Құрт қайнап, әбден қойылған соң қапқа құйып, керегенің 
басына немесе ашаға іліп, сары суын ағызады. Құрт капта бір тәулік тұрған соң, суы әбден сарқылып, 
құрғайды. Бұдан кейін құртты қаптан алып, сықпалап бөліп, шиге, тақтаға қолмен сықпалап өреге 
жайып кептіреді. Содан кейін құртты кептіру үшін әр түрлі формаға келтіреді.Оның негізі түрлері – 
күлше, жарма, сықпа және шүңірмек. Күлшені жасағанда құртты кесектеу етіп (уысқа сиярлықтай) 
домалақтайды. Одан соң оң қолдың бас бармағы мен төрт саусағының арасына қысып бүйірін 
жұқартып, дөнгелек формаға келтіреді. Күлше ұзақ уақыт сақтау үшін жасалады. Кейде күлшенің 
бүйірін тесіп моншақ сияқты жіпке тізіп, керегенің басына,өренің ашасына іліп кептіреді. Оны көп 
кептіру керек, әйтпесе іші көгеріп кетеді. Сықпаны жасағанда құртты шағындап қана алып,төрт 
саусақтың бүгуіне салып сығып жасайды. Шүйірмектің мөлшері сықпаның жартысындай ғана 
болады. Шүйірмек жасағанда құртты екі саусақты бүгуіне салып, екінші жағын басқа қолдың 
бармағымен батыра қысады. Бұл тез кебеді.
       Құрттың қай түрі болсада өреге кептіріледі. Күлше мен жарманы қысты күні жеу үшін, ал,сықпа 
мен шүйірмекті жазды күні, күзде шайға салу үшін дайындайды. Қайнатқан құрттың өзі екі түрлі 
59

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
болады: бірі –ақ құрт. Ол көп ашымаған және пісуін жеткізіп, майдан әбден арылған іркіттен 
қайнатылады. Кейде аздап тұз қосып, кептіреді. Ол көбіне жазда, күзде желінеді. Екінші- қара құрт. 
Ашуы жеткен іркіттің пісуін қандырмай, майын жартылай алады немесе алмай қайнатады. Құрттың 
осы түрі қыста езіп, дәмді құрт көже даярлайды. Езілгеннен қалған қиыршық құрт малта деп аталады.
Астауға салып қолмен езуге немесе қойдың бас сүйегімен (азу тістерімен) үгуге болады.Құртты 
ыстық суға, сорпаға езеді. Езген құртты сол күйінде ішуге де, сорпаға не көжеге қосып ішуге де 
болады. Құрт аса қуатты әрі жағымды тағам. Сүзбе құрт сары суынан арылған қатықтан 
дайындалады.[5]
2.2. Құрттан істелетін немесе құрт қосылатын тағамдардың кейбір түрлері
Ж а с қ ұ р т.Сүзбеде тұрған құртты сары маймен жентектеп бастырма ретінде шаймен бірге 
дастарқанға қояды. Әсіресе кепкен құртқа, бауырсаққа тісі өтпейтін қарттар үшін өте кенеулі ас 
саналады. Ертеректе жас құртты мипалауға, құйрық-бауырға қосқан.
Құрттың сарысуын сүт қосып қайнатып, ірімшік жасайды, ауырған малға ішкізеді, әйелдер бас 
жуады, сондай-ақ одан тері илеу үшін малма жасайды.
К ө б і к . Қайнап жатқан кұрттың қалқып алған беті. Майлы, кенеулі ас ретінде жас балаларға, 
қарттарға калқып беру салт болған. Бұрын құрт қайнатқан үйден көбік жалаймыз деп, ауыл балалары 
келіп жиналатын әдет те болған.
Ыстық құрт. Қайнап жатқан құртты алып, май қосып сапырып ішетін кенеулі ас. Өкпе ауруына, суық
тиіп ауырған сырқаттарға ем саналған.
Сықпа құрт. Мұның кайнатқан  құрттан айырмашылығы сол ашыған айран қапқа кұйып сүзіледі де 
тұздалып, әр түрлі үлгімен бөлшектеліп тақшаға кептіріледі. Сықпа құрт та бастырма ретінде 
пайдаланылған. Мұндай кұрт жайған әйел ауыл балаларына арнап дөңгелек жасап, жіпке тізіп 
мойындарына іліп қуанту салты болған.
М а л т а. Езілген құрттың таусыншақ түйіршіктері, ол әрі жұмсақ, әрі сүйкімді ас саналады. Ұзақ 
сапарларда ауызға салып суын жұтқан кезде әрі сусын, әрі қорек болған.
Езген құрт. Сорпаға, тұздыққа, көжеге және басқа тағамдарға қосу немесе сұйық күйінде ішу үшін 
кепкен құрт астауға салып ұнталады, келіге түйіледі немесе қол тиірменге тартылады. Езген құрт — 
ұлттық тамақтардың ең бір сүйкімдісі және кенеулісі.
А қ м а л т а. Езген құрттың ең соңғы шайындысы. Ол өте жұғымды және тез сіңетін тағам болып 
саналады, оны сол сұйық түрінде ішеді.
Ұнтақ құрт. Арнайы түйіп ұсатқан немесе қап түбінен жинап алған үгінді. Оны сүттің піскен 
қаймағына былғап жейді.
Қ ұ р т - м а й. Сары майға батырып табақ жасайтын кепкен сықпа жалпақ құрт. Оны асығыс кезде 
дәм таттыру үшін немесе жеңіл-желпі түстік ретінде дастарқанға қояды. Кейде құрт, ірімшік, май 
тағамдарының қосындылары да құрт-май деп аталады.[1]
Қазақстанның ұлттық бренді – құрт.
    Ұлттық брендті құру – Қазақстанның өзекті мәселесі. Мәдениет, тарих қайраткерлері және бизнес-
құрылым өкілдері де осы мәселе бойынша ізденісте. Ұсыныстар өте көп. Біреулер ұлттық бренд 
домбыра, қобыз сияқты музыкалық аспаптар десе, екіншілері қымыз және шұбат сусындары деп 
санайды, ал үшіншілері киіз үйді жақтайды. Келешекте Қазақстанның атын шығаратын не екені 
белгісіз. Таңдау қиын, ұлттың сәні – кешке киетін сәнді киім емес. Мен қазақтың байырғы тағамы-
құртты әлемдік нарыққа шығару керек деп санаймын. Оның мың жылдық тарихы бар, және бүгін 
құрттың дайындалу рәсімі ұмытылған жоқ. Қазір ұлттық бренді ойлап табу мәселесі туралы айтсақ, 
назарымызды неге құртқа аудармасқа?! Бір кездері құрт көшпенділерді ұзақ жорықтарда және 
соғыстарда аштықтан құтқарған. Бұл азық өте ұзақ сақталады, ал ол кезде тоңазытқыштар болмаған. 
Мен әжем жасаған құртты жеп өстім. Менің әжемнің бірінші ойлап шығарған құрты үшбұрышты 
болды және әр бұрышы үш жүзді білдірген. Осы бұрыштарда қазақтардың негізгі игілігі – киіз үй, 
қойлар, жылқылар, түйелер. Сонымен қатар, сыйлы қою түрінде де әзірленген. Бұл Қазақстанға 
келген әр шет ел азаматына өте жақсы сыйлық.
Басқа шет елде демалыста болып, сол елден естелік және жейтін сыйлық әкелу – бұрынғы туристік 
дәстүр. Түркиядан біз әлемге әйгілі пахлавасын, Үнді елінен шайларын әкелеміз. Әр елде достарына 
сый ретінде әкелуге болатын, ерекше тағамдары бар. Ал, Қазақстан не ұсына алады? Тек базарда 
сатылатын құрттан басқа ештеңе жоқ.
60

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Құртты өндірудің үш бағыты болса деймін. Бірінші «сыйға тартылатын құрт». Бұл құрт шоколодпен 
қапталған және жаңғақ қосылған.Екінші бағыт – етті құрт (жылқы, қой, сиыр еттері). Бұл құрт 
байырғы ата-бабаларының әдісі бойынша жасалады. Үшіншісі – балыққұрт. Осы құрт балықтың әр 
түрінен жасалып, балық мүсінінде болады.
                  2.4. Сиыр сүтінен дайындалатын құртты жасау әдісі:
1. Сүтті ыдысқа құйып ашытып ұйытасыз (айран түрінде).
2.Ашыған айранды матадан тігілген қалтаға (дорбаға) құйып, іліп қоясыз.
3.Сарысуынан арылған сүзбені арнаулы ыдысқа құйып, қайнатасыз.
4.Құрт кайнап жатқан кезде оның түбі күйіп кетпес үшін, әлсін-әлсін қазанның түбін араластырып 
отырасыз.
5.Әбден қоюланған құртты матадан тігілген қалтаға (дорбаға), іліп коясыз, сонда оның қалдығы тағы 
да ағып, құрғайды.
6.Қоюланған құрттың құрамын өз қалауыңызша толықтыруыңызға болады. 7.Құрамына мөлшерлеп 
тұз, бал, қант (шекер), жеміс-жидек тосабын қосу қажет.
8.Дайын болған қоспаны қолмен бөлшектеп, сықпалап тақтаға жайып кептіресіз.[5]
Осылардың  бәрін  әжем  айтты. Мен  әжемді  өте  жақсы  көремін.
ҚОРЫТЫНДЫ. Құрт – адам денсаулығына қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім. Бұл тағамның 
емдік, тұрмыстық пайдасы бар. Қазіргі заманда жастардың көбі осы тағамды, оның денсаулыққа 
пайдалы екенін білмейді. Өз сыныптастарымнан құрт туралы не білетіндерін сұрастырғанда, біреуі де
білмей шықты. Ана  тілі сабағында сыныптастарымды жобаммен таныстырдым. Оларға құрттың өте 
маңызды тағам екенін түсіндіре алдым деп ойлаймын. Өз отбасым да, құрбыларым да осыған көз 
жеткізді.Менің ойымша, құрт Отанымыздың ұлттық бренді мәртебесіне лайық. Құртымыз әлем 
нарығына шығып қана, өз еліміздің балалары осы тағамның пайдасын көре алады деп ойлаймын. 
Себебі, қазір құртты тек қазақ халқы біледі, ал егер осы тағам ұлттық бренд болса, оны тек шетелдер 
ғана емес, өз еліміздің барлық тұрғыны дәмін татып, бағалайды.  Қорыта айтқанда, қазақтың ұлттық 
тағамы – құрт адам денсаулығына қажетті тағам. Біз, Қазақстанның балалары, осы құнды тағамның 
жойылуына жол бермеуіміз керек. Оның  жойылып  кетпеуіне  үлкендер  көмектесуі керек  деп  
ойлаймын. Құртты мемлекет басшылары патенттеп алуы керек дегім келеді,
Менің  ұсынысым:
– Ол үшін құртты жетілдіру бойынша зауыттар жүйесін ашу қажет  деп  ойлаймын.
-Құртты ұлттық  бренд  ретінде  дүние  жүзіне  таратса;
-Құртқа  қосымша  сәбіз, қызылша  сияқты  көкөністерді  қосуды  ұсынамын.
-Құртқа мемлекеттік патент берілсе. 
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Кенжеахметұлы С., Қазақтың дарқан дастарқаны, Алматыкітап,А.- 2007 ж.
2. Анфимова Н.А., Татарская Л.Л. Аспазшылық, Просвещение, М.- 2002 ж.
3. Ермакова В.И. Аспазшылық, Просвещение,М.- 1993 ж.
4. Матюхин З.П. Тамақтану, гигиена және физиология негіздері, Просвещение, М.- 1999 ж.
5.Ғаламтор  материалдары
ЗЕРТТЕУ  КҮНДЕЛІГІ
Сәуір  айының  басында  сынып  жетекшім Ажар  апаймен  ақылдасып  қазақтың  құрты  туралы  
жазуды  ойладық. Құрт  туралы  материалдар  жинай  бастадым. Жинаған  материалдарды апайым  
ретке  келтірді. Ғылыми  жобамды  жаза  бастадым. Арасында  анам, тәтелерім  көмектесті.
------------------------------------------------------------------------------------------------------
61

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
«АДАМНЫҢ  АЛҒАШҚЫ  САНДАРДЫ  ОЙЛАП  ТАБУ  ТАРИХЫ»
            Бағыты:  Математика, ғылым, техника
Орындаған: Қызылорда қаласы
№43 Ж Махамбетов атындағы мектептің 3 «Ә» сынып оқушылары
Медетбек Сағи, Алтай Акбар, Қуаныш Аружан
 
Ғылыми  жетекші: №43 мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Садықова  Ажар  Сейтсұлтанқызы
К І Р І С П Е
Алғашқы  адам  сөйлеуді, отпен  пайдалануды  үйрене (саналы  өмір  сүре) бастаған  кезде, қазіргідей
сан  есімдер  (бір, екі, үш, ...)  болған  жоқ. Бір  топ (мысалы, екі)  нәрсені  санарда, ол – екі саусағын,
не   екі шыбықты   шошайтып көз   алдына   ұстап   тұрып, немесе   оларды   саналатын     нәрселерге
бірме-бір  қойып,  зат  арқылы  санады. Бұл  кезде  адам  өзі білетін  осы  екі  санның өзін, затсыз
санауға     болмайды     деп     білді.   Саналатын     нәрсе     екеуден     артық     болса,   мысалы,   қолындағы
саусақтарын, аспандағы  жұлдыздарды, бір  сөзбен  «көп» деп  атады.
Қазақ  баланың  саусақтарын  бүгіп  ойнатып, санауға  даярлап  отырған:
Бас  бармақ,
Балалы үйрек,
Ортан  терек,
Шылдыр  шүмек,
Кішкене  бөбек.
2. НЕГІЗГІ   БӨЛІМ
2.1. Салыстырып  санау,  сан аттарының  пайда  болуы. Ауызекі  санау.
Алғашқы  адам айналасындағы  заттардың  өзгермейтін  кейбір  қасиеттері бар  екенін, мысалы, 
адамның  көзі  мен  қолының  екеу  болатынын, ал, тас, ағаш  сияқтызаттардың  қатты  болатындығын 
байқап,  екі  ағашты  көрсе қол (не қол сияқты) деп, қатты  затты  кездестірсе тас  сияқты  «тастай» 
деп  салыстыра  сөйлеп  ұғынысқан.  Қазақтың  қазір де  бір  қатты  нәрсені  (мысалы, құртты)  
«тастай» деп  салыстыра сөйлейтін  сөзі, сол  ертеден  адамның  затты, табиғат  құбылысын дәл 
сипаттауға  сөз  қоры да, мәдениеті де жеткіліксіз  болған  кезден  және  зат  арқылы  ойлап  
ұғынысуға  бейім  болған  кезінен  сақталып  келіп, әдетке  айналған  сөз  болу  керек. [3]
Екі  нәрсені  көзбен, бес  нәрсені  бір  қолдың  саусақтарымен т.с.с. салыстыра  жүріп, адам  өз  
мүшелерінің  атымен  санды да  атайтын  болды. Мысалы, орыс  халқында  бес  саны  сүйемге  
(«пядь») ұйөас  сөзбен  «пять»  болып, үнділерді екі  саны  көзге  ұйқас сөзбен  аталады, ал  Ява  
аралындағы малайялықтар  бес  санын  «қол» деп  атайды. Адамның бір  қолында  бес, екі  қолында  
он  саусақ  болуының  жалпы  санау  процесінің  даму  тарихындағы  ролі  күшті  болды.
Дерексіз  санаудың  осындай  қиындығын  оңайлатпақ  болып, қазақтар  баласына  былай деп  
үйретеді:
Бір  дегенім  білеу,                           Алты  дегенім  асық,
Екі  дегенім  егеу,                             Жеті  дегенім  желке,
Үш  дегенім  үскі,                            Сегіз  дегенім  серке,
Төрт  дегенім  төсек,                        Тоғыз  дегенім  торқа,
Бес  дегенім  бесік,                      Он  дегенім  оймақ,
                                                      Ол  бір  - қара  жұмбақ.
Мұнда  қазақ  сан  мен  соған  сәйкес  тұрған  заттың ( «бір»  мен  «білеудің»,  «екі»  мен  
«егеудің» т.б.)  аттары  арасындағы  ұйқастықты  пайдаланып, санды  ұмытсаң,  затты  есіңе  ал,  «бір 
дегенім білеу»  деп  барып,  баланы  затқа  сүйенбей  санауға  үйретпек  болады. Ал  ақырғы: «Он  
бір-қара  жұмбақ» деген  жол:  онан  арғы  санау- ол  өз  алдына  бөлек  тұрған (қара мал-ірі мал  деген
сияқты)  ірі  жұмбақ, санау  тәртібі  де  өзгеше  дегенді  аңғартады. [7]
62

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
2.2. Адамның  сандарды  алғашқы  жазу  тәсілдері
Қазір  адамның  күнделікті  тұрмыста  қолданатын  сөздері  сонша  көп  болса да  олар  
бірнеше  әріп  арқылы  жазып  шығамыз.
 «Барлық  санды  аз  таңбалармен  кескіндеп, оларға  түрін  былай  қойғанда, орындарына  
қарай  мән беру  мәселесі,-дейді   француздың  атақты  математигі Лапласс,- қазір  сондайлық оңай,  
сондықтан  оның  тамашалығын  бағалау да  қиын,  бірақ  оның  оңайлықпен  табылмағанын  грек  
оқымысты-ларының  ұлы  данышпандары  Архимед  пен  Аполлонийден  жасырын  қалып  
қойғанынан  анық  көруге  болады». [3]
2.3. Сандарды  жазудың  алғашқы  нышаны
Ертедегі  адам  өзінің  күнделікті  өмірінде  түрлі  нәрселерді  санау  және  өлшеу  
әрекеттерінен  шыққан  сандарды  ұмытпау  үшін  және  керек  болған  кезінде  қайтадан  пайдалана  
алатындай  болу  үшін  оларды  түрліше  белгілеп  қоятын  болды.  Мұндай  белгілер  көлденең, тік  
сызықшалар  не  нүктелер  түрінде,  әуелі  оңай  жазылатын  құмның  не  сазды  жердің  бетіне  
сызылды, бірақ  олар  тез  өшіп  қала  берді. Сондықтан  санды  сонша  тас не  шыбықша  санап,  
сақтап  қою  арқылы да  белгілейтін  болды.  Тастар  мен  шыбықшаларды  жоғалтпай  сақтау да  
қиын  болып,  енді  санды  не  ағашқа  кертіп, не  тас  бетіне  тырнап  немесе  кейінірек  жіпке  
түйіндер  жасап  белгіледі. Сандарды  бұлайша  белгілеу  ешбір  білім  керек  етпейтін  қарапайым  
тәсіл  болғандықтан, халықтар  арасында  ол  қазір де  қолданы- лады, адам  бір  нәрсені  ұмытпау  
үшін  қол  орамалының  шетін  түйіп  қояды. [7]
Ертеде  адам  суреттермен  тек  сандарды  ғана  емес, өзінің  әрбір  әрекетін де  көрсеткен. Сондықтан 
оның  жалпы  қолданатын  әртүрлі  суреттерінің  біртіндеп  көбейіп, оның  есесіне  олардың  
формалары (салыну  жолдары)  оңайлай  берген.  Сөйтіп, біртіндеп  санды  осындай  оңайлатылған  
суреттер  арқылы  кескіндеп  жазу ( иероглифтік  жазу) пайда  болды. [3]
2.4. Қасиетті сандар.
Нөл  таңбасы  басқа  сандарға  елеулі  өзгерістер әкеліп,   санау,   есептеу,  сату  және   уақытты  белгілеп
берді.[5]
0 саны.  Бұл сан абсалюттік символы. Шексіздік белгісі және жаратылмаған әлемнің саны болып 
табылады. Бұл барлық заттардың бастамасы. Графикалық жоба бойынша сақина немесе дөңгелек 
ретінде белгіленеді.
1-саны:   Қандай да бір құбылыстың, тіршіліктің, әлем жаратылысының бастауын білдіреді. 1 саны 
шыршамен теңестіріледі. Баяу болса да басқалардан биік, көркем болып өсіп, ұзақ жыл сақталып, кез 
келгеннің көзіне жоғарыдан, алыстан-ақ ілінеді. Бір санын қазақ халқының ұғымында Алла жалғыз, 
Алладан басқа тәңір жоқ. Қай тілде болсын бірлік сөзінің түпкі түбірі саналады. Адам өмірін 
басқаратын, әр пенде ұмтылатын сан болып есептеледі. [6]
2-саны: 
Қосылу, толықтыру символы. Жақсы мен жаман, ер мен әйел, күн мен түн, ақ пен қара. Екі санына 
қазақ халқының көзқарасы міне осындай болып келеді.
Өсу мен дамудың белгісі. Бамбук ағашына теңеледі. өсу жылдамдығы өте тез, қолданылу мүмкіндігі 
өте кең.
3-саны-Қазақ халқынан өзге де ұлттарда үш саны қасиетті болып саналған. Бір мен екінің 
қосындысы ретінде қандай да бір істің бастамасын да, жалғасын да білдіреді. Қытайларды үш саны 
біраз құбылыстың символикасы болып табылады. Жарықтың үш көзі – Жұлдыз, Күн, Ай. Үш бастау –
Аспан, Жер, Адам. Отбасының үш элементі – еркек, әйел, ұрпақ. Үш саны қытайлардың түсінігінде 
Марс арқылы басқарылады және жалынға теңеледі.
Үш саны өткеннің, осы шақтың, келешектің символы.[5]
2.6. Жеті, тоғыз, төрт, он екі, қырық сандарына байланысты ырымдар. 
Қазақ халқында жеті, тоғыз, он екі, қырық сандары қасиетті, киелі сандар деп есептелген. Оның
себебі   орта   ғасыр   алхимиктері   мен   астролоктарының   жеті   күнге,   жеті   жұлдыз   атын   беруі,   жеті
металдың   (алтын,   күміс,темір,сынап,   қалайы,мыс,қорғасын)   пайда   болған   күні   деп   жексенбі,
дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі күндеріне ат беру. Бұл күндердің ішінде әр күнге арнайы
ырымдар жасауы (мысалы, жолға сәрсенбі – сәтті күні шығуы немесе тойды сәрсенбі күні жасауы,
жұма ауыр күн деп есептеп жолға шықпай, құдайы садаққа, мешітке намазға баруы). Өлген адамды
63

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
жұма күні жерлемеу, өлген адамдардың жетісін беріп, жеті шелпек пісіріп еске түсіруі, баланың ер
жетуін   жаспен   мөлшереп,   “жетіге   келгенше   жерден   таяқ   жерсің”,   “жеті   қабатжер   асты”   деуі   т.б.
“Тоғыз ай, тоғыз күн бала көтеру”, “тоғыз қабат торқа қию” т.б.[1]
Байырғы   қазақ   күнтізбесі   бойынша   (оның   негізгі   ертедегі   араб   күнтізбесінде   жатыр)   он   екі   айға
арнайы жәндіктер мен хайуанаттар атын беру (тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, қой, мешін,
тауық, ит, доңыз) олар 12 қазына деп атап өту, “оң екі мүше сау болсын”, “он екіде бір нұсқасы жоқ”,
“он екі баулы өзбек, тоғыз баулы түркімен” немесе лиро эпос жырларында кездесетін 
                      “Он екі айдың жартысы жаз болады,
                             Жаз белгісі үйрек пен қаз болады”
                                                          (“Қозы Көрпеш – Баян сұлу”)
деген сөз тіркестері он екі санын ерекше қасиет түтудың белгісі.
Тоғыз-құмалақ өткен ғасырларда қазақ даласындағы ең кең тараған ойын болатын.[4]
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
Көп ғасырлы  мәдениеттің  тіршілігі топырақта тыныстап жатса, тарихи өткені шырынмен 
қоректенсе, сонда ғана ұлттық жаңғырту орын алады»-дей келіп, «Әрбір мемлекеттің өркениеттілігін 
оның мәдени мұраға деген көзқарасына қарай танып-бағамдауға болады. Демек, Қазақстанның 
мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатына екі түрлі міндет жүктелді: бірі: - өзіндік этникалық 
мәдениетті дамыту мен қолдауға бағытталған шаралар кешенін нығайту, екінші жағы – төл  
мәдениетті оңтайлы өрістете отырып, жалпы адамзат мәдениетіне ену үшін тиімді жағдай жасау. 
Математика ғылым саласында сан ұғымы ерекше орын алатыны белгілі. Санның шұғу тарихы, әрбір
тоғыз, жеті, үш, бір сандары қазақ халқында ерекше қасиетті ұғым екенін білдік. Санамызға киелі
сандар бар екенін жеке қалыптастыру. Сандар ерекшелігі, қасиеті шығу тарихын толық зерттедім деп
есептемеймін. Әлі де сандардың  ашылмаған құпия сыры, жұмбақ қасиеті бар деп ұғамын. Келешек
ұрпаққа қазақ халқы үшін киелі жеті, тоғыз, үш сандарының құпиясын жеткізу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет