Семинар материалдары №3 «45minut kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым»



Pdf көрінісі
бет21/29
Дата01.01.2017
өлшемі1,92 Mb.
#906
түріСеминар
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29

Суға байланысты сөздер айту.
1.Суға түкірме. 2.Суды бекер ағызба.  3.Ағын суға кір жума.
4.Суға дәрет сындырма. 5.Түнде судың бетін ашық қалдыруға болмайды.
Бес жолды өлең: Су, Мөлдір,түссіз Ағады, жұғады, жабысады.
Сусыз жерде тіршілік жоқ. Сусын
IV.Қорытындылау. Өздерің суды қорғауға қандай септіктеріңді тигізесіңдер?
Үйге тапсырма:Мәтінді оқу,мазмұндау. «Су-тіршілік көзі» эссе жазу.                                            
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҮРДІСТЕРІН,    
ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Аты-жөні: Нұржанова Сабила Қалыбайқызы
Туған жылы, айы, күні:12.01.1965  Білімі: жоғары
Бітірген оқу орны: Н.В.Гоголь атындағы  педагогикалық институт
Лауазымы: бастауыш сынып мұғалімі
Лауазымдық қызметтегі еңбек өтілі: 30 жыл Біліктілік санаты: І
Жұмыс орны:  № 64 орта мектеп  Арал қаласы  Қызылорда облысы     
 
Мақсаты: Оқушылардың ой - өрісін дамыту, ойлау, танымдық қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік 
қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу. 
Міндеті:
1.Оқушының тұлға болып қалыптасуында ойынның психологиялық-педагогикалық  
     мәнін ашу.
2. Ойынның ерекшеліктерін айқындау.
3. Ойын элементтерін пайдаланудың тиімділігін көрсету.
4. Оқушылардың логикалық ойын дамытудағы ойынның ролін айқындау
5. Оқушылардың тілін,сөздік қорын дамытудағы ойынның маңыздылығын көрсету.
Кіріспе.  Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апа- ратын күш  тек  
білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білімі 
жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланыс ты. 
     Бастауыш мектеп - бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы ерекше құнды, қайталанбайтын  кезең. 
Сондықтан да бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғаш- қы басқышы. 
     Осыған орай оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік-дағдыларды меңгерумен бірге табиғат, қоршаған 
дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығар- машылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің
басты талабы. Оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына сәйкес- тендіріп, оны 
шырқау биіктерге көтеруге бағытталған тың әдіс-тәсілдер жасалуда. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер
өзгертіліп, білім берудің тиісті деп табыл- ған жаңа технологиялары дүниеге келуде. Оқыту барысында жаңа 
технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын 
жақсартады, ой - өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. Бұл жүйе   нің әдіс - тәсілдері оқушының оқу
белсенділігін ұйымдастыруды қолдап, көмектесіп отыруды көздейді. 
Жаңа технологияларды қолдануда баланың ізденушілік, зерттеушілік әрекетін басты назарда ұстадым. Бала 
өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің, жаңа мәселені шешуге  жеткізілісіз екенін сезетіндей 
жағдайда болды. Содан барып, оның білім алуға деген ынта - ықыласы артты, білім алуға әрекеттенді. Оқыту 
бары- сында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану оқушылардың ойлана білу қабілетін дамытты. Олардың 
білім сапасын жақсартып, ой - өрісін кеңейтті, есте сақтау қабі- леттерін өсірді. Сабақтарымды баланың жеке 
басын дамытуға байланысты ұйым-  дастырдым, осыған орай үнемі мына жағдайларды басты назарға ұстадым.
1. Баланың ойында құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай, алға жылжуға жағдай жасау, 
шығармашылығын жетілдіру.
2. Білімді өз бетінше іздену арқылы алу.
3. Өзін -өзі дамытатын тұлға қалыптастыру.
187

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты, са- налы азамат тәрбиелеу 
мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу-тәрбие жүйесінің үлесіне тиетінін ескерсек, жас 
жеткіншектердің білімді, білікті болуында ойынның алатын орны ерекше.
Ойын арқылы оқушыны білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғаның дамуын қалыптастыруға болады. 
Ойын – оқытуда жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады.
Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген 
мәліметтер алып,  білімін жетілдіреді.
Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды, 
отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Ойын балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен 
қабілеттерін қалыптастыра- ды. Ойынның ережелері ойнаушының қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне де-
ген сыйластық, қажеттіліктерімен санасуы әр оқушының жеке әрекетінен туындай- ды. Ойынның басты шарты 
жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімін арттырады.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойын- дары, дидактикалық 
мақсаттағы ойындар, логикалық ойындар, грамматикалық ойындар, ұлттық ойындар, т.б. . Мұндай ойындар 
оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.
      Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті болады.  
Ойын неге үйретеді?
1.Ойлау қабілетін дамытуға үйретеді, құштарлығын оятады
2. Жеке басының қасиеттері қалыптасады
3. Әр оқушының алдына жеңіске деген ұмтылыс пайда болады.
4. Оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге үйретеді.
                                                  
Ойын арқылы:
1. Балалардың достық сезімі оянады.
2. Бір-біріне қамқорлығы артады.
3. Ұжымдық бірлігі оянады.
     Баланың ойын үстіндегі өзін-өзі жаттықтыруы, өмірді білуге деген құмарлығы, шынығуы, 
шыңдалуы, оның ақыл-ойы, дене еңбегіндегі белсенділігін арттырып, алдына қойған мақсатына жетуге 
деген ерік-қайратын шыңдайды.Сабақтарда санамақтарды,мақал-мәтелдерді,жұмбақтарды,пайдалануға
болады. Олар әр тілді, әрі ақыл-ойды дамытуға,сергіту сәттерін тиімді пайдалануға көмегін тигізеді. 
Оқушы ойын үстінде өзін-өзі еркін ұстайды, қысылып-қымтырылмай, басқалармен тіл табысады, 
жолдастық, достық сезімі оянады.
      Ойынның негізгі мақсаты-баланы қызықтыра отырып, білімді меңгерту болса, мұғалімнің міндеті-
сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушылардың өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен 
тіл байлығын арттыра түсуге, түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу.
Күтілетін нәтиже:
1. Жеке оқыту маңызының артуы
2.Ойынға қатысушының қызығушылығы арқылы шығармашылық ізденіске    
   ұмтылуы.
3.Ойлау, сөйлеу үрдістеріне дидактикалық ойындардың әсер етуі.
Математика. “10 көлеміндегі сандар”
Санамақ
1 дегенім - белдік               2 дегенім  -  ерлік
3 дегенім  - үзік                   4  дегенім  - түбіт
5 дегенім  -  балта               6  дегенім  - алқа
7 дегенім -  желкен             8  дегенім - семсер
9 дегенім  - тоқу                 10  дегенім - оқу
Санамақта атау ұйқастарын санау арқылы оқушылар сан үйренеді, санға аты ұйқас заттарды танып 
біледі. Санамақтар сан үйретеді, әрі дүниені танытады, әрі баланың қисынды ойлауы мен 
математикалық ойлау қабілетін дамытады.
Математика. 1  сынып  “5 санын қосу, азайту”
2 сынып. Ана тілі. “Тәкаппар”
“Буындардан сөз құра” “Ойымды тап”  Қазақ тілі 4 сынып “Үстеу”
«Артық сөзді тап»            «Қатемді тапшы» 
Ешкім                                  А.с.   ол 
Жанды                                 І.с     одан 
Маған                                  Б.с.  оны
Барлық                                Т.с.  оның
Тәтті                                     Ж.с. оған 
188

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Маған                                  Ш.с. онда 
                                              К.с.  онымен
«Жасырынған сөзді тап»
      1      
       2
      3
      4
     5
      6
      7
     8
      9
     10
     ш
       п
      қ
     р
     т
      ң
      а
     і
      з
      е
1
7
2
1
7
6
7
4
5
3
7
3
7
3
8
4
1
0
4
5
1
0
6
Нені   ескердім?
1.Әр сабақтың дамытушылық мақсатын арттыратын мазмұнды ойындарды   тұрақты пайдалануды
2. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты ойынды таңдауды
3. Ойын арқылы оқуға қызықтыра отырып тұлғаны қалыптастыруды
4. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттерін  қалыптастыруды
Неге қол жеткіздім?
1. Сабақтарда ойынды қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін, қызығушылы-
    ғын қалыптастырдым. 
2. Оқушыны тұлға ретінде көрсете білдім. 
3. Сыныптағы оқушылардың қабілеттерін айқындадым. Қабілетті оқушыларды    
    анықтадым. 
Жоба бөлімі
Бүгінгі Қазақстанға қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл
адамдар   керек.   Сондықтан   да   сабақтарда   тек   білімділік   мақсаттарды   шешіп   қоймай,   балалардың   жеке
қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастырған жөн.
Қазіргі кезеңде бастауыш сынып математикасында әлі шешімі табылмаған проблемалар бар. Соның бірі -
оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, білім алуға құмарлықтарын арттыру.
Сыныптағы   оқушылардың,   ойлау   қабілетін   дамытатын   ойындарды   жобаладым.   Осы   мақсатта
“Математикалық ойындар – ой белсенділігін дамыту құралы” тақырыбында ойындарды жинақтап жүрмін.
Қорытынды:
Жұмыс барысында қандай қорытындыға келдім?
1. Ойын білімді терең меңгеруге, жаңа тәсілдерді қолдануға мүмкіндік береді.
2.  Қызықты тапсырмалар мен жаттығулар түрлері білімді меңгерумен қатар таным        дық, 
интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін дамытады.
3.  Оқушының ойлау қабілетін күшейтеді, күрделендіреді.
4.  Оқушының қызығушылығы,  пәнге деген сүйіспеншілігі артады
  Егер де мұғалім оқушыларға оқу тәрбие үрдісінде дидактикалық,  дамытушылық, логикалық  
ойындарды пайдаланып, олардың танымдылық белсенділігін арттыра- тындай тапсырма беріп отырса, 
оқушылардың оқуға деген ынтасы артып, таным- дық үрдістері мен психологиялық қасиеттерін 
дамытуға болады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Курт Мередит, Джини Стил, Чарльз Темпл, Скот Уолтер 
   “Оқу мен жазу арқылы    сын тұрғысынан ойлауды дамыту”
   әдістемелік құрал
2. Б. А. Тұрғамбаева  “Дамыту оқыту технологиялары”
3. М. Р. Жүнісова Ғылыми зерттеу кіріспе. Қарағанды 2009
4. “Білім технологиялары” Алматы 2010 жыл. 
5. Бастауыш сыныптарда оқу, жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды  дамыту    
    бағдарламасы.   
6. Н. К. Ахметов, “”Оқушыларды ойын арқылы оқыту ” Алматы 1985 жыл
189

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Тажикова  Света  Тажмаганбетовна.
Учительница русского языка и литературы   первой категории.
Стаж работы- 28 лет.  Кызылординская область, город Аральск, Средняя школа № 64.
О  себе.
Родилась  я в городе Аральске
Пятьдесят зим, вёсен лет назад
Детский садик, школа, « Альма-матер «.
О себе  в стихах хочу я рассказать.
Мой отец  Тажиков  Тажмаганбет
В памяти людской хороший след оставил.
Таких честных, умных, неподкупных нет.
Он был исключением из правил.
Добрый, образованный, прямой,
Он ушёл из жизни очень рано.
Пятерых детей оставил за собой.
Всех нас вырастила, воспитала мама.
Как словами подвиг женский описать?
Было матери всего  лишь тридцать лет…
Сколько выпало ей в жизни испытать ?
Знает только сердце матери ответ.
Маленькая, хрупкая, живая
Двух сыновей, трёх дочек подняла.
Работала всю жизнь, рук не покладая,
Всех на ноги поставила сама.
Всю жизнь до капли посвятила детям
Мы  пятеро  -  её надежда  и оплот
Боготворили мать до самой смерти
И в наших душах свет её живёт…
Какой ценой нам труд её измерить?
Как можно мать за всё отблагодарить?
Нет ничего страшней её потери…
Но след остался – внуки будут жить.
Муж  Жомарт –оплот мой и опора,
Хоть и поздно встретились мы с ним.
За терпенье наше, пусть нескоро ,
Бог нам дочку, сына подарил.
Двадцать лет идём по жизни вместе
Много трудностей пришлось нам испытать.
Если муж надёжный, верный, честный,
То все испытанья- ерунда.
Мы не гонимся за славой и богатством.
В жизни есть важнее денег кое-что.
Пусть Бог даст родным здоровья, мира, счастья!
В этой жизни нет дороже ничего!
Слово     об    Учителе.
Есть на свете особые люди,
Что за руку нас в жизнь ввели.
Им всегда мы признательны будем.
С их любовью мы стали  людьми.
Пусть живут они скромно и просто,
Оставаясь всё время в тени,
Но построить духовные мосты
Смогут сразу только они.
Этим людям имя-Учитель!
Их призванье --творить добро.
Педагог  .Наставник. Мыслитель.!
Столько слов, а значенье одно…
190

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Он учит прекрасному с детства,
Хоть в руках лишь указка и мел.
Уваженье, почёт и известность
Ждёт достойнейших славный удел.
Будь артистом, учёным, шахтёром,
Инженером или врачом.
Указал тебе путь, был опорой
Твой Учитель!—Ты помни о нём…
И каких бы высот не достиг ты.
Для Учителя ты ученик.
Он- твой вечный ангел-хранитель
Вновь с детьми…
Он живёт ради них.
Мой  Арал.
Который год бурлят повсюду споры
О море умирающем узнал весь мир
Увы, слезами не поможешь горю ,
Хоть искренне помочь Аралу мы хотим…
Когда-то наше море было полным, бурным
Кормило дедов, прадедов, отцов.
Оно им подчинялось в шторм и  в бурю
Им отдавало богатейший свой улов.
В голодном двадцать первом году Ленин
Аральским рыбакам письмо прислал
Аральцев попросил помочь он делом.
И русским братьям наш народ не отказал.
Четырнадцать вагонов рыбой загрузили
Отправили в Поволжье рыбаки
Даров Арала всем друзьям хватило б...
Да вот беда—Арал не уберегли…
Черпали воду из него без меры.
Арал всё людям молча отдавал.
Никто не знает истинной потери.
На карте незаметным стал Арал…
Арал как маленький беспомощный ребёнок.
Ему сейчас нужна такая мать,
Которая без лишних разговоров
Рванулась бы своё дитя спасать…
Всем миром примемся за это дело
Арал—тревога наша, боль и честь!
Пока не поздно, ничего не пожалейте!
Пока ещё Арал на карте есть…
191

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
ЖАУЫНГЕР  ЖӘНЕ ЖАЗУШЫ Б. МОМЫШҰЛЫ БЕЙНЕСІ АРҚЫЛЫ 
ОҚУШЫЛАРДЫ БАТЫРЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ
Атырау облысы, Исатай ауданы ,Хамит Ерғалиев  ауылы,
 Ғибатолла Мәсәлімов атындағы орта мектеп.
Жоғары санатты , бастапқы әскери даярлықты
 ұйымдастырушы- оқытушы  Қабиев Парух Ғатауұлы.
«Біздің   тарихымыз-батырға   бай   тарих,   халқымыз   батырлықты   биік   дәріптеп,азамат   пен   кісіліктің
символы, үлгісі санаған. Батырлық, ерлік ұрпақтан-ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген,
тәлім-
 
тәрбие,
 
ғибрат
 
алмаған
 
халықтың
 
ұрпағы
 
түл,
 
келешегі
тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы-батыр халық».Б. Момышұлы.
Кіндік   қанымыз   тамып,   өскен   өз   Отанымызды   қорғау   әр   азаматтың   міндеті.   Бұл   халқымыздың   әскери
қызметшілерге білдірген үлкен сенімі.Ата-бабаларымызға арман болған егемендігіміз тұғырлы, баянды болу
үшін ел Президенті Н.Ә.Назарбаев былай дейді: «Ұлттық қауіпсіздік дегеніміз аумақтың тұтастығын толық
сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету».(«Қазақстан-2030» Ел
Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы).
Өскелең   ұрпаққа   адамзат   тарихында   ұрпақтан-ұрпаққа   жалғасып   келе   жатқан   патриоттық   тәрбиені,
Отаншылдықты, елжандылықты дарыту-қазіргі кезде көкейтесті мәселенің бірі болып отыр. Н. Назарбаевтың
«Қазақстан-2030»  статегиялық   бағдарламасының   «Қазақстан   мұраты»   деп   аталатын   бөлімінде   еліміздің
тұтастығын, оның ішкі  және сыртқы  күштерден сақтау міндетінің өзі жастарды Отаншылдық, елжандылық,
патриоттық рухта тәрбиелеуді жүктейді.
Бүгінгі   өскелең   ұрпаққа   Отан   сүйгіштік,   ұлттық   сана-сезім   қажет.   Бұл   қасиеттер   ұрпақ   бойына   оқумен,
біліммен, үйренумен, талаптанумен сіңеді. Осы қасиеттерді ұрпақ бойына дарытатын- ұстаз, ата-ана, тәрбиеші,
қоршаған орта екені даусыз.
Патриоттық сезімнің нысаны мен қайнар көзі Отан десек, оның мазмұны   туған жер, ұлттық тіл, ұлттық
дәстүр, олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерін ұялатып, ізгі ерлік істер қайнар
көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы десек болады.
Әр   балаға   өз   еліне   деген   патриоттық   рух   қалыптастыру   үшін   оның   бай     тарихына,   болашағына   деген
жауапкершілік сездіретін әрекет жүйесін жасауымыз керек.Патриотизм  өз-өзінен қалыптаспайды, бала кезінен
«Қазақстан-  менің   Отаным,   мен  Отанымның  алдында   борыштармын»   деген  ойларды   сіңіру  қажет.   Бүгінде
оқушыларға   отансүйгіштік   тәрбие   беруден   халықтық   дәстүрге   негізделген   батыр-бабаларымыздың   ерлік
дәстүрлерін   насихаттау   барынша   нығайып   келеді.   Елімізді   білім   беруді   дамытудың   2011-2020   жылдарға
арналған   мемлекеттік бағдарламасының міндеттерінде «Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және олардың
азаматтық  белсенділігін, әлеуметтік  жауапкершілігін  және әлеуетін  ашу  тетіктерін  қалыптастыру  жөніндегі
шаралар кешенін іске асыру « туралы  айтылады.
Қазақтың   патриоттық,   Отансүйгіштік   тәрбиесі   тереңнен   тамыр   тартқан,   халқымыздың   сан   ғасырлық
болмысының,  дүние   тану  көзқарасының,  ақыл   ойымен  салт-дәстүр,   мәдениетінің  көрінісі.  Осыларды  бойға
дарытпайынша,   келер   ұрпақты   патриоттық   Отан   сүйгіштік   тәрбиеге   лайықты   қалыптастырмайынша   алтын
бесік елін, кіндік кескен жерін қорғайтын және осы мақсат жолында бар күш-жігері мен қайратын жұмсайтын
Отаншыл азаматтарды, яғни, нағыз патриоттарды тәрбиелеп шығару мүмкін емес.
Бауыржан Момышұлы айтқандай: «Патриотизм Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы,
қоғамдық   мемлекеттік   қауіпсіздікке   тікелей   байланыстылығын   тікелей   сезіну,   өзінің   мемлекетке   тәуелді
екеніңді,   мемлекетті   нығайту   дегеніміз-   жеке   адамды   күшейту   екенін   мойындау,   қысқасын   айтқанда,
патриотизм   дегеніміз   –   мемлекет   деген   ұғымды,   оның   жеке   адаммен   барлық   жағынан:   өткенімен,   бүгінгі
күнімен және болашағымен қарым-қатынасын білдіреді».
«Алғашқы әскери дайындық»-өзінің атына сәйкес әскери өнер әліппесі. Болашақ жауынгердің әскери өнерді
меңгеру   сапасы   да   осы   әліппеден   басталатыны   сөзсіз.Жастарды   «әскери   өнер   әліппесіне»   жүйелі,
педагогикалық ,әдістемелік заңдылықтарды сақтай отырып тұрақты үйретсек, Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштері қатарына қазіргі заман талаптарына сай толыққанды нағыз сарбазда даярлап бере аламыз.
Ал   оқыту   процесіндегі   бұл   заңдылықтар   сақталмаған   жағдайда   болашақ   жауынгерлердің   әскери
даярлығының сапасыз болары да анық.
Қарулы Күштерге қандай сарбаз керек екендігіне жоғарыда тоқталдық, ал оны Бауыржан Момышұлы сөзімен
айтсақ:
«...Оқыту дегеніміз не? Бұл- өте қатал түрде тәрбиелеу жолымен солдат кәсібінің («мамандығының» П.Қ.)
техникасын үйрету. Барлық айла-тәсілдерді солдат снарядта жаттығу орындайтын гимнасттай дағдылы түрде
істей   беретіндей   дәрежеге   жеткізу   керек»     (Б.   Момышұлы.   Екі   томдық   шығармалар   жинағы,   1   том.   39-
бет.Алматы, «Жазушы» баспасы 2004ж)
192

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
       Жалпы білім беретін оқу орындарындағы «Алғашқы әскери дайындық» пәнінің басты міндеті де осы
талаптар деңгейінде болуы шарт.
     Елбасының Жолдауынан және басқа да заңды күші бар қаулылардан туындайтын талаптарды орындау
барысында алғашқы әскери дайындық пәнін оқыту әдістемелерін жақсарту үшін көптеген ізденістер керек. Ол
дегеніміз   әскери   білімді   меңгерту,   оқушылардың   дене   шынықтыру  тәрбиесіне   көңіл  бөлу  және   жастардың
бойына өз Отанына деген патриоттық сезімдерді қалыптастыру. Нәтижесінде мектеп қабырғасынан тәрбиеленіп
шыққан   түлектер   әскер   қатарына   шақырылған   кезде   қысқа   уақыттың   ішінде   аз   ғана   шығынмен   әскери
мамандықты меңгеріп, өз Отанының қорғаушысы болу.
Біз   жазушы,   тәлімгер   Б.   Момышұлының   еңбектерін   оқи   отырып,   оның   шығармаларынан   патриоттық
тәрбиенің қайнар көзін табатынымыз айқын...
Бауыржан   Момышұлы   1910   жылы   Жамбыл   облысы,   Жуалы   ауданында   қарапайым   отбасында   дүниеге
келген. Әкесі- Момыш, шешесі- Рәзия. Әкесі жаны жомарт, көзі ашық, көкірегі ояу кісі. Отбасыларында 4
қыздан   кейін   әкесі   Момыш   елуді   еңсерген   шағында   Бауыржан   дүниеге   келіпті.   Тәуіржан   деген   інісі   бір
жасында қайтыс болған. Әкесінен аздап хат таныған Бауыржан көрші Евгеньевка ауылындығы орыс мектебінде
бір жыл оқып, келесі жылы Жамбыл қаласына келіп, бастауыш мектепті бітіреді.
1921 жылы Шымкенттегі жетіжылдық мектепке түсіп, 1928 жылы бітіреді. Жиырма жастан сәл асқан кезде
ол   міндетті   әскери   қызметке   шақырылып,   өзінің   бүкіл   болашағын   Қызыл   Армиямен     мәңгілікке
байланыстырды.
Бауыржан   атамыз   сұрапыл   соғыстың   басынан   аяғына   дейін   қатысты.   Ол   лейтенант   шенінен   бастап
полковник атағына дейін көтерілді, взвод, батальон, полк және дивизия басқарды.
     Б. Момышұлы басқарған бөлімшелердің  жау шабуылын қайтарып, көрсеткен ерліктері аз емес. Оның
батырлығы және соғыс өнерін жетік білетіндігімен көзге түскені осы тұс.
   1941 жылы Москва түбінде 27 рет сәтті шайқас жүргізді. Батырдың 207 рет ұрысқа қатысып, 5 рет  өлімнің
құрсауында қалғаны, 2 рет өлімші болып жараланғаны «Ақиқат пен аңыз» кітабында жазылған.
           1955 жылы Армиямен қоштасты. 11 ай  қызыл әскер,  14 ай  взвод  командирі, 9 ай атқыштар полк
штабының бастағының орынбасары, 6 ай республикалық әскери комиссияның аға нұсқаушысы, 5 ай батальон
орынбасары,   8   ай   атқыштар   полкінің   командирі,   3   ай     дивизия   командирінің   орынбасары,   6   ай   дивизия
командирі, 5 жыл әскери академияда әскери профессор болды.
   1955 жылы қаруын қаламға айырбастап, азаматтық өмірге ауысқанда әдеби шығармаларымен де өз биігіне
көтерілді.
   Біз Бауыржан атамыздың сонау сұрапыл соғыс күндерінде қатыгез жаумен қалай шайқасқанын, азаматтық
қасиеттерін   майдангерлер   ауызындағы   сан-алуан   естеліктер,   кинофильмдер   мен   жыр   жолдары   арқылы
Александр   Бек   пен   Александр   Кривицкий,   Мәлік   Ғабдуллин   мен   Алексей   Кузнецов   және   Әзілхан
Нұршайықовтың шығармалары арқылы кеңінен білеміз.
     Ұлы Отан соғысынды қазақ халқының ұлттық батырына айналған Бауыржан Момышұлы бұлтта ойнаған
жасындай Москва түбіндегі шешуші шайқаста қапияда ой тапқан, қараңғыда жол тапқан, ерен ерлігі мен даңқы
әлемге жайылып, аты аңызға айналған бірегей қолбасшы ретінде танылды.
  Мәскеуде қазақтың қайсар ұлы, Кеңес Одағының Батыры Б. Момышұлы туралы орыс тілінде жарық көрген
« Аңызға айналған батыр» атты жинақтың тұсаукесер рәсімі болып өтті.Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерекесі
қарсаңында Мәскеуде №229 жалпы білім беретін орта мектептің аты берілді. Батырдың туғанына 100 жыл толу
қарсаңында Мәскеу қаласындағы аталған мектептің берілуі де кездейсоқ емес.Крюкова стансасында орналасқан
бұл мектеп Зеленоградтың орталығында тұр. 1941 жылғы қарашадағы Мәскеу үшін айқастың соңғы шебі де
осында болған. 8-гвардиялық дивизияның Б. Момышұлы басқарған жауынгерлері жауды осы жерде Мәскеуге
өткізбей кері қайтарған. Қазір мектепте батыр- Панфиловшыларға арналған музей бар. Онда Б. Момышұлына
қатысты стенд жасалған.
Гвардия полковнигі Б. Момышұлының бұдан 68 жыл бұрын айтқан тарихи сөздері, бүгінгі егеменді еліміздің
іргетасын   нығайтуға,   жастарды   әскери   өнерге   тәрбиелеуге,   Қазақстан   туын   жоғары   ұстап,   Отанын   жаудан
қорғауға дайын болуға, намысын аяққа таптатпай, жоғары ұстауға шақырады.
Қазіргі   уақытта   Қазақстанда   білім   берудің   өзіндік   ұлттық   үлгісі   қалыптасуда.   Бұл   процес   білім
парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Жаңа білім
парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес,  оның тұлғасын, білім алу арқылы
дамытуын   қойып   отыр.   Қазіргі   таңда   педагогика   ғылымының   бір   ерекшелігі   баланың   тұлғалық   дамуына
бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруда.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында» оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдау да
көп   нұсқаулық   қағидасы   бекітілген,   бұл   білім   мекемелерінің   мұғалімдеріне,   педагогтарына   өзіне   оңтайлы
нұсқаны қолдануға, педагогикалық процесті кез-келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік  бар.
Мен өз сабағымда оқытудың жаңа технологиялық   әдістерінің ішінді педагогика ғылымдарының кандидаты
Марал   Мәденқызы   Жанпейісованың   Модульдік   оқыту   технологиясын   пайдаланамын.   «Алғашқы   әскери
дайындық   сабағында баланы патриоттық, отансүйгіштік рухында тәрбиелеу» тақырыбында шығармашылық
193

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
жұмыспен   айналысып   келемін.     Алғашқы   әскери   дайындық   сабақтарында   мен   негізінен   дифференциалды,
ұжымдық   және   жұптық   оқыту   әдістерін   қолданамын.   Әсіресе,   практикалық   сабақтарда   саптық     даярлық
бойынша   сабақтар   алдыңғы   сабақтарда   дағдыланған   машықтардың   ұмытылмауы   үшін   жүйелі   түрде   және
бірдей уақыт аралықтарында өткіземін.
Әскери-патриоттық  тәрбие жасөспірімдерді еліне деген сүйіспеншілікке, ұлттық армия сапында адал қызмет
атқаруға, азаматтық, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруге баулиды. Бала әрдайым өмірге қызыға қарайды,
бәрін үйренгісі келеді, еліне керекті азамат болып өскісі келеді.
Қазақстан   Республикасы   Үкіметі   жасөспірімдердің   отансүйгіштік,   елінің   патриоты   мен   азаматы   болып
қалыптасуына   көңіл   бөліп   отыр.Патриоттық   тәрбие   беру-   оқушының   саналы   көзқарасын   қалыптастыру.
Алғашқы   әскери   дайындық   пәнінің   енгізілуі,   оған   байланысты   әскери   патриоттық   тәрбиенің   тереңдеуі,
Отанымыздың саналы  және белсенді күрескерлерін  тәрбиелеуге,  оларды еліміздің игілігіне жанқиярлықпен
еңбек   етуге,   республикамыздың   мүддесін   қорғауға,   талантты   әскери   кадрлар   даярлауға   жаңа   мүмкіндіктер
туғызады.   Жастарды   Отанды   қорғауға   даярлау,   жас   азаматтардың   патриоттық   тәрбиесіне     танымдары   мен
мінездерін қалыптастыру ауыр және сан қырлы процесс. «Отанды сүю отбасынан басталады», отансүйгіштік
қасиетті қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің маңызы зор. Патриот, ержүрек адамды, табанды күрескерлерді
тәрбиелеудің негізі мектепте қаланады.
Пәннің міндеті келешекте Отанын, жерін, елін қорғай алатын, ұлттық намысы мол, жігерлі ұл-қыз тәрбиелеу,
әскер қатарына сауатты, моральдық жағынан дайын азамат  даярлау. Сабақ   барысында ұжымдық қорғаныс
жұмыстарына, сабақтан тыс уақытта жаттығу жұмыстарын өткізуге аса көңіл бөлінеді. Ұжымдық қорғаныс
жұмыстары  алғашқы  әскери  дайындықты оқытудың  негізгі  бір бөлімі. Оқушылар  теориялық  сабақта  алған
білімдерін ұжымдық қорғаныс жұмыстары кезінде іске асырып, өздерінің білімдерін, біліктілік дағдыларын
жетілдіреді.
Патриоттар   даярлаудағы   жауапкершілікті   неғұрлым   терң   сезініп,бар   мүмкіндікті   пайдаланып,   шыныққан
шымыр отансүйгіш азаматтар даярлау ісіне АӘД пәні мұғалімдеріне үлкен талап қойылады, сондықтан оларға
өз ісінің жетік маманы болу  жеткіліксіз, сонымен қатар білімді, тың ақпараттардан хабары мол болуы шарт.
Қазақ   халқының   тәрбие   жүйесіндегі   жас   ұрпақты,   қоғам   мүшелерін   Отанға,   халқына,   елге,   жерге   деген
сүйіспеншілікке тәрбиелеп, мұны олардың бойына сіңіріп қалыптастыру жетекші орын алады. Өйткені Отан,
халық, ел, жер деген ұғым өте ауқымды.
Қазақстан   Республикасының   Президенті   «Қазақстаннның   болашағы-қоғамның   идеялық   бірлігінде»   атты
еңбегінде «Біздің  тағы бір аса  маңызды идеологиялық  міндетіміз-Қазақстандық  отансүйгіштікке  тәрбиелеу,
әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру»-деп жазды.
Ұлттық негізде ерлік және жауынгерлік тәрбие беруге байланысты халық қаhарманы Б. Момышұлының «
Жігітті   жауынгерлік   қасиеттерге   тәрбиелейтін   қазақтың   игі   дәстүрлері»   атты   мақаласында   халықтардың
басынан  өткен жауынгерлік жолдарымен  ұлттық  дәстүрлердің  маңызы зор екеніне тоқтала келе, жоспарын
ұсынады. Одан төрт тарау мысал келтірейік:
1.Әдет және әдеп. Үлкенді сыйлау, парыз бен ар-ұятты қасиет тұту, қоғамдық тәртіпті мүлтіксіз сақтау, заңға
мойын ұсынушылық, адамды бәрінен де ардақтау, адам  бойындағы адамгершілік,  Отанға, елге, халыққа, үй-
ішіне, адамға, өмірге деген сүйіспеншілік сияқты жақсы қасиеттерге тәрбиелейді:
1. Асық, жасырынбақ және жарыс, күрес, ақсүйек ойнау жастарды ептілікке, ширақтыққа,   табандылыққа
және басқа да  жақсы жауынгерлік қасиеттерге тәрбиелейді;
2. «Сөз тапқанға қолқа жоқ». Бәдік айтыс, той, айтыс тез ойлауға, тапқырлыққа тәрбиелейтін өнер саласы.
Бұл арқылы жасөспірімдер мен қыздар өлеңді суырып салып айтуға машықтанады, ауыз әдебиеті мен музикаға
сүйіспеншілігін арттырады, ой- өрісін кеңітеді, өткірлік пен ептілікке үйренеді;
3.Көкпар, бәйге, аударыспақ- батылдыққа ,ептілікке баулып, бұлшық етті шынықтырып, құмарлықты оятар,
есеппен тәуекелге бел байлауға, тіпті ары мен атағы үшін өлімге бас тігуге дейін   баратын дәстүрлі ұлттық
спорттық   ойындар.   Бұл   ойындар   ер   жігіттің   бойында,   Отан   солдатына   қажетті   игілікті   рыцарлық   қасиетті
тәрбиелейді.
Жас ұрпақты халқымыздың құнды еңбектерімен жасынан намысты, Отанын сүйетін, адамгершілігі терең етіп
тәрбиелесек мерейіміз үстем болады деп ойлаймын.
Сабақты  жоспарлау және оқыту әдістемелерін жетілдіру мақсатында әр тақырыптың өзіндік ерекшеліктерін
ескере   отырып   тарих,   география,   әдебиет,   салауаттану   және   құқықтану   пәндерін   байланыстырып,   жаңаша
кіріктірілген сабақ өткізуге әбден негіз бар.
Оқушылардың   бойына   қайсарлық,   батылдық   және   патриоттық   сезімді   қалыптастыруда   тарихи   жеке
тұлғаларды,   оның   ішінді   әскери     қолбасшылардың   белгілі   бір   тарихи     оқиғаларға   байланысты   көрсеткен
ерліктері мен соғыс тактикасындағы қолбасшылық өнерлерін дәріптеу оқушылардың жадында қалары сөзсіз.
Мысалға: жас ұрпаққа өнеге болатын аттары аңызға айналған батыр бабаларымыз – Бауыржан Момышұлы,
Қасым Қайсенов, Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев және Әлия мен Мәншүк, Хиуаз апаларымыз тағы
басқалары болмақ.
194

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Оқушының әскери мамандыққа және пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін тарих пәнін тактикаалық
дайындық тарауына , сонымен қоса патриоттық тәрбиеге негіз болатын тақырыптарға да қолдануға болады.
Мысалы:  10- сыныпта «Қазіргі заманғы ұрыс сипаты» тақырыбын өткен кезде «Ұрыс дегеніміз не?» деген
сұраққа «Ұрыс –соғысушы жақтардың ұйымдасқан түрдегі қарулы шайқасы, ұрыста әскерлердің қимылдары
мақсаты мен уақыты жағынан бірлікте болады әрі шайқас онша үлкен емес, атыс және тактикалық кеңістікте
өрістейді.
Ұрыстың   басты   да   негізгі   мақсаты-   дұшпанның   адам   күшімен   қару-жарағын   жою,   құрту.   Дұшпанның
қарсылық көрсете алмайтындай етіп сағын сындырып, моральдық күші мен қабілетін басып, жаншу, басқаша
айтқанда,   ұрыстың   басты   мақсаты-жаудың   көзін   жою...»   (Бауыржан   Момышұлы.   Екі   томдық   шығармалар
жинағы, 1 –том, Алматы, «Жазушы», 2004 ж.94-95 беттер),- деп жауынгер атамыздың өз сөзімен жауап беруім
ұтымды шықты.
«Қорғаныс   дегеніміз   не?»   деген   сұраққа   қосымша   1941   жылдардағы   Ұлы   Отан   соғысындағы   Кеңес
әскерлерінің қорғаныс шептері туралы тарихи деректерді әңгіме түрінде айтып кетуге болады.
  Мысалға:   Брест   қамалының   қорғанысы,   Москва   түбіндегі   қорғаныстар   кезіндегі   жауынгерлердің   соғыс
даласындағы асқан ерліктерін оқушылардың санасына  суреттей отырып жеткізсек тақырыпты аша білгеніміз.
Білімділік пен тәрбиелік негізді басшылыққа ала отырып, бір тақырыптың деңгейіндегі сабақты жоспарладық
дейік. Осы тақырыпты толық ашып бекіту үшін алғашқы әскери дайындық  мұғалімі тарихи деректерді қолдана
білуі керек. Тактикалық дайындық бөліміндегі тақырыптарды нәтижелі түрде ашып бекіте білудің тағы бір әдісі
тақырыпқа байланысты көркем кинофильмдердегі оқиғаларды талқылау.
Жалпы әскери ұрыс әрекеттерін теориялық түрде жай бағдарлама мен оқулықтың негізінде түсіндірсек ол
оқушыға   ешқандай   қызығушылық   туғызбайды.   Мысалы   :   «   Бетпе-бет   ұрыс»,   «шабуыл»,   «маневр   түрлері,
ұрыстағы атыс жүйесі деген түсініктерді алғаш оқығанда оқушылар жаттанды түрде түсінеді де, ой елегінен
өткізе қорытындылай алмауы әбден мүмкін. Тақырыптың мазмұнын жаттанды түрде оқыту көбінесе оқушының
есінде сақталып қалмайды.
Тактика- ұрыс жүргізу өнері өз алдына жеке бір ілім екенін түсіндіру мен оқушыларды еңбексүйгіштікке
баулимыз,   сондай-ақ     ер   жігітке   әскери   маман   болу   халық   арасында   үлкен   құрмет   екенін   айтудың
артықшылығы жоқ.
Мұғалім оқу бағдарламасының шеңберінде қалмай  оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, өзінің
немесе   жолдастарының   әскери   және   еңбек   жолындағы   ерліктің   үлгісі   болатын   оқиғаларды   айта     отырса,
оқушылар үлкен әсер алмақ.
     Оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери жарғыларымен таныстырғанда әскери
тәртіптің  басқа  мемлекеттік  тәртіптен    айырмашылығын,  жарғылардың  талаптары  мен  ерекшеліктерін  айта
отырып, еңбек заңындағы еңбек тәртібіне байланысты кейбір баптары мен салыстырмалы түрде түсіндіруге
болады, бұл жерде құқықтану пәні мен байланыстылық қажет.
«Әскери тәрбиенің басты мақсаты жауынгердің бойында әскери қызметтің, жауынгерлік өмірдің қиындығы,
мұқтаждығы   мен   ауыртпалығын   жеңе   алатындай   қабілеттілікке   тәрбиелеу,   денесін   ,   оның   рухы   мен   еркін
қиындықтан тайсалмайтындай етіп шынықтыру.Командирдің әміріне мойын ұсыну- бұл да ауыр нәрсе. Әскери
тәрбиенің мәні   қиындық пен ауыртпалықты, мұқтаждықты және қорқынышты жеңе аларлық қабілеттілікке
баулу, тәрбиелеу, ал бұл тек парасатты адамның ғана қолынан келетін іс». (Бауыржан Момышұлы. Екі томдық
шығармалар жинағы, 1-том, Алматы, «Жазушы», 2004ж.36-37 беттер)
  Сабақты талапқа сай ұйымдастыру, оқыту әдістерін жаңаша түрлендіріп өткізудегі мақсат білім берумен
қоса патриотизмді қалыптастыру, Абай атамыз айтқандай, ұлттық қадір-қасиетімізді арттыру.
Сабақ өткізу кезінде жаңа технологиямен шығармашылық жұмысты байланыстырып өтемін. Сабақта заман
талабына сай компьютер техникасы, интерактивті тақта, мультимедияны пайдаланамын.
 Сабақтың тақырыбы: Бауыржан  Момышұлы – батыр тұлға.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет