Семинар материалдары №3 «45minut kz Республикалық ұстаздарға арналған басылым»


Тема урока: «Здоровые привычки» Класс



Pdf көрінісі
бет4/29
Дата01.01.2017
өлшемі1,92 Mb.
#906
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Тема урока: «Здоровые привычки» Класс: 10 «Б»              18.10.2013
Цели урока: научить строить связные высказывания на английском языке с использованием новой лексики; 
развить  языковую  компетентность  через работу в группе;  развить мотивацию к изучению языка и навыка 
языковой догадки; научить выражать свое мнение по теме дискуссии.
Ожидаемые результаты: умеют использовать введенную лексику в своей речи, развивают 
коммуникативную способность через групповую работу, умеют выражать свое мнение, повышается мотивация 
к обучению.
Тип урока:  урок комплексного применения знаний;
Наглядность: интерактивная доска, таблицы, презентация, постеры, фломастеры,
The procedure of the lesson:
I An energizer activity: Good morning, students! I am very glad to see you. And I want you begin our lesson with an 
energizeractivity:”Walk, stop” (from the site www.humorthatworks.com). Thank you very much. It was fun. 
II Warm-up:Think a bit and say some nouns connected with this activity (morning exercises, sport, health, going in 
for sport and etc.) You are quite right. Today we shall speak about health habits (introducing students with the aims of 
the lesson.)
III Group work:Come to me and choose the cards. You have cards with two colors: green and red. A group with the 
green color will make a poster concerning “Good habits” and a group with the red color will draw a poster concerning 
“Bad habits”
(The groups will speak in support of the themes.)
IV Discussion:Do you have any of those bad habits mentioned in your life?
                    Is it possible to get rid of bad habits?
Talking. Work in pairs:
1.
Do you feel healthy?
2.
Do you have any unhealthy habits?
3.
Do you usually eat healthy or unhealthy food?
4.
Do you do much morning exercise?
5.
Are you making any changes in your life?
V Listening and speaking.You are going to listen to an article from the “Daily Meal”. Before reading study the 
following words:
a)
Work with new words: OBESITY-полнота, CHAOTIC- беспорядочный, SKIP-пропускать, PROMOTE- 
способствовать.
b)
Pre-listening task: What will the text be about?
c)
Listening to the article and answer the questions: 
          What is the general idea?
          What good/bad health habits mentioned in the article?
VI Group work: to draw a similar diagram about smoking, obesity and drinking:
Smoking
Cause
Affects
Measures against it
Obesity
Cause
Affects
Measures against it
Drinking alcohol
Cause
Affects
Measures against it
VII Project:” Healthy living of life” (slide-show)
Student: Hello, boys and girls! “Every man is a builder of a temple called the body. I am going to present you healthy
way of life. Let us pass all the stations of it.
25

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Healthy Sleep
 You should get lots of rest and sleep. Sleep is necessary for every person. 
Teenagers should sleep for 10 hours. They should go to bed at 9 o'clock and get 
up at 7 o'clock in the morning.
Healthy food
 To keep fit you should eat healthy food. They are fruits and vegetables. Eating
carrots is good for your eyes. Fish is good for your brain. Brown bread and cereal
is good for your health.
No taking drugs
To be healthy person you shouldn't take any drugs.  It is harmful for your 
health. A person who has a habit to take a drug depends on the drug. They need it
and can't stop it.
No drinking alcohol
Drinking alcohol is bad for you. It also may damage young person's 
developing body. Alcohol destroys the liver cells and makes the organ 
dysfunctional.
No smoking
Smoking is harmful for you and to non-smokers around you. The immunity of 
smokers become weak and they are often ill. Smoking causes of cancer.
Sport
Sport is very important for you. You should go in for sports. Jogging is good 
for your heart, swimming – for your arms, cycling – for your legs. It may be 
jumping, running or sport games. Don't forget to do exercises every morning.
Discussion: 
11
Do you go in for sports?
11
What kinds of sport are the most popular among your classmates?
11
Do you like PT lessons at school?
11
What kinds of sport competition are held in your school?
11
Are there any school champions in your class?
VIII. Speaking: “How do you feel about computers?”
         Nowadays computers take an important place in our life. To be addicted to a computer I think is a bad habit too.
Do you agree with me? How do you feel about computers?
a)
Read and choose the statement which reflects your own experiences.
b)
Compare your list with your partner and have a discussion.
c)
Write the advantages and disadvantages of having a computer.
Advantages
Disadvantages
1.
It helps you automate various tasks
2.
The connection to the internet is of great 
use. 
3.
Computers are  very convenient.
4.
 Another use of computers is 
1. Computers can be addictive.
 2.Computers have put millions of people 
out of work.
3. Computers use a great deal of electricity.
4. Too much time in front of monitor may 
26

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
entertainment.
5.
A computer is your time saving nature.  
6.
You are able to communicate with other 
people
7.
It may help your work to be a lot easier.
8.
It may be the storage of your 
important data and files.
9.
It helps you to find useful information 
using the Internet. 
adverse effect your eye sight.
5. You may have insomnia.
6. You have no friends.
IX. Reading and speaking:
1.
Predicting the story.
2.
Studying the unknown words from the text.(afford to, damage, persuade,
threaten, pretend, bear to, collapse, exhaustion, obsession, research, addict)
3.
Reading a story.
4.
Discussion in groups: What advice would you give to a frequent computer user? Write your ideas. (You must 
work definite time. After hour'swork you should have a rest. You must not be a computer addict. etc. )
X. Reflection: to make an association “to keep fit”
XI. Homework: to learn the words, Ex.7 p.62
XII. Conclusion: I want to finish our lesson with Emerson's words. “He who has health has hope, and he who has 
hope has everything.” It means if we have good health we have a chance to realize all our hopes. Good health to 
everybody. Thanks for your active participation during the lesson. Goodbye.
«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ САЯСИ ӨМІР»
БҚО, Казталов ауданы, Мирон негізгі жалпы білім
 беретін мектебінің тарих пәнінің екінші санатты 
мұғалімі Габдулов  Жұмабек  Берікұлы
Қысқа мерзімді сабақ жоспар
Күні: 29.01.2014ж.
Сыныбы: 9
Пән атауы: Қазақстан тарихы
Тақырыбы:
«Қазақстандағы қоғамдық саяси өмір»
Мақсаты
Соғыстан кейінгі онжылдықтарда қалыптасқан саяси ахуалмен танысып,  
қоғамдық жағдай туралы түсініп, қазіргі қоғамдық жағдаймен салыстыру. 
Нәтижесі
А) Қалыптасқан саяси фактілерді біледі.
В) Қоғамдық жағдайларды сипаттап, практикада қолданады.
С) Қазіргі қоғамдық жағдаймен салыстырып сипаттай алады.
Қажет құралдар
АКТ пайдалану, оқулық, суреттер, постер, маркер.
Сабақ
кезеңдері
Уақыты
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Кіріспе
3-4 мин.
Оқушылармен амандасып көніл 
күйін сұрайды, сабаққа 
дайындайды. «Танысу» тренингі 
жүргізіледі. Тиындар арқылы 
топқа бөлінеді.
Амандасады, Көңіл күйлерін 
айтады, «Танысу» тренингіне 
қатысады. сұраққа жауап береді. 
Алған тиындар бойынша топқа 
бөлініп, отырады.
Тұсау кесер
3-5 мин.
«Миға шабуыл» немесе «Стоп 
кадр» әдісін қодану арқылы 
топтарға суреттер үлестіріліп не 
бейнеленгендігі туралы сұралады. 
Жетелеуші сұрақтар  қою арқылы 
бүгінгі тақырыпты ашады.
Оқушылар суретке қарап 
ойланады, ойларын айтады. 
Сұрақтарға жауап беру арқылы 
өтетін тақырыпты өздері табады.
Негізгі бөлім
8 мин.
Топтарға тапсырмалар беріледі.
І топ: «Соғыстан кейінгі 
онжылдықтарда қалыптасқан 
саяси ахуал мен Коммунистік 
партия».
ІІ топ: «Кеңестер мен қоғамдық 
ұйымдар». 
ІІІ топ: «Ұлт зиялыларын 
Топтар берілген тапсырманы 
оқиды. Постерге жобалайды. 
Қосымша мәліметтерді «Аңыз 
Адам» журналынан және 
ноутбуктен қарайды. Барлығы 
бірлесе жұмыстанады. 
27

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
6 мин. 
(әр топқа 
2 мин.)
3-5 мин.
2-5 мин.
қудалаудың жаңа толқыны». 
Әр топтың алдарында қосымша 
мәліметтер мен ноутбуктер 
қойылады («Қызыл жендет 
құрбандары» бейне ролик 
көрсетіледі). 
Әр топтан бір адам шығып 
қорғайды.
Әр топтарға 4 ұйғарым жазу, 
оның екеуі «жалған» болып 
табылады.
3 топ оқушылары І-ші және ІІ-
ші топ оқушыларына бөліне 
орналасады. Тапсырма беріледі.
І топ: Ұлт зиялыларын қудалау 
тәсілінің бірін сахналап беру.
ІІ топ: Қуғын-сүргінге 
ұшыраған зиялыларға арнап 
ескерткіш сомдау.
Топ басшылары шығып 
қорғайды.
Әр топ оқушылары бірін-бірі 
формативті бағалайды. «Екі 
жұлдыз, бір тілек».
Топтасып ұйғарым жазады. 
«Жалған» ұйғарымды анықтайды.
Барлық топ мүшелері белсене 
қатысып, рөлдерді өзара бөліп 
сомдайды. Ескерткіш бейнелейді 
және сипаттама беріп өтеді.
Қорытынды
3-5 мин.
2 мин.
5 мин.
Эссе: «Соғыстан кейінгі мен 
Қазіргі қоғамдық саяси жағдайды 
салыстыру».
Қорытынды сөзі: 
Елбасымыздың жолдауында 
айтып өткендей Мәңгілік Ел – ата-
бабаларымыздың сан мың жылдан
бергі асыл арманы. Ол арман - 
әлем елдерімен терезесі тең 
қатынас құрып, әлем картасынан 
орын алатын Тәуелсіз Мемлекет 
атану еді. Армандарын ақиқатқа 
айналдырдық. Мәңгілік елдің ірге 
тасын қаладық. Қазақтың Мәңгілік
Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік 
болашағын баянды етуге 
арналады. 
Оқушыларды бағалау.
Ойланып, салыстыра отырып 
жазады. Оқиды.
Үй
тапсырмасы
1 мин.
Барлығы:
45 минут
Эссе: «Соғыстан кейінгі мен 
Қазіргі қоғамдық саяси жағдайды 
салыстыру» аяқтау.
Ойланады, саралайды, жазады
"Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер" модулі 
тақырыбында өткізілген кочинг жоспары
БҚО, Казталов ауданы, Мирон негізгі жалпы білім беретін 
мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты 
мұғалімі Омарова Ақмарал Нұрлыбекқызы
Мұғалімдерге арналған сауалнама 
1.Оқушы қай кезде нәтижелі білім алады деп ойлайсыз?
Қалай оқу керектігін үйренген жағдайда ма? Әлде, мұғалімнің жүйелі түсіндіргенінен бе?
28

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
2.Оқыту үдерісінде оқушылармен қандай жұмыстарды жиі жүргізесіз?
3.Сабақ үдерісінде оқушыларыңыз берілген мәселені шешу үшін қандай іс-әрекеттерді орындай алады?
4.Оқушыларды бағалау кезінде қандай негізге сүйенесіз?
5.Сабағыңызда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданасыз ба? Қандай мақсатта?
6.Сіз талантты , дарынды балалармен қандай бағатта жұмыстанасыз?
7.Оқушыларыңыздың есте сақтау қабілетін арттыру, ойлауын дамыту, сөйлеу дағдысын жетілдіру 
мақсатында ең жиі қолданатын әдіс-тәсіліңізді атап өтсеңіз?
8.Сізге мектептің басқару , білім мен тәрбие беру жүйесін өзгерту мүмкіндігі туған жағдайда  нені өзгертер 
едіңіз?
9.Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының I,ΙI,ΙIΙ деңгейлі 
бағдарламасына деген көзқарасыңыз?
10.Аты-жөніңіз? Еңбек өтіліңіз? Санатыңыз?
11.Сауалнаманы толтырған уақытыңыз бен қолыңыз
Коучинг жоспары
Тақырыбы:1 модуль Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.  
Оқушы  білімінің сапасын арттырудағы диалогтік оқытудың маңызы.
Коучинг 
бағдарламасының
жалпы мақсаты 
1.Диалогтік 
оқыту туралы 
түсінікті 
қалыптастырады 
2.Оқушы 
білімінің сапасын 
арттыру 
мақсатында 
диологтік оқытуды 
сабақ үдерісінде 
тиімді қолдану 
жолдарын 
қарастырады.
Коучинг 
сабағының 
мақсаттары
Уақыт шеңбері
коуч
Сабаққа
қатысушылар
Сабақ нәтижелері
1.Диалогтік 
оқытудың 
маңыздылығын 
түсінеді.
2.Сабақ 
үдерісінде тиімді
қолдану 
жолдарын 
қарастырады.
8.10.2013
Омарова.А
ΙΙΙ деңгейлі 
сертификатталған 
мұғалім 
Габдулов.Ж,
Сабирова.Ж 
Қайнешов.Е
 мектеп 
әкімшілігінен Отаров.Н
Богатырев ОЖББМ 
мектебінен Хафизова.М
Дәстүрлі оқыт умен 
салыстыра 
отырып,диалогтік
Оқытудың 
маңыздылығын түсінді.
Сабақ үдерісінде 
қолдануды жүзеге 
асырады,оқушылардың 
қызығушылығын оятады 
1.Оқуда 
қолданылатын  
әңгімелесу 
түрлерін қолдану
жолдарын 
анықтайды.
2.Зерттеушілік
әңгіменің 
тиімділігін 
қарастырады.
3.Сұрақ қою 
әдісімен 
танысып,практик
ада жүзеге 
11.10.2013.
Омарова.А
ΙΙΙ деңгейлі 
сертификатталған 
мұғалім 
Габдулов.Ж,
Сабирова.Ж 
Қайнешов.Е мектеп 
әкімшілігінен Отаров.Н
Хафизова.М 
Мерсердің зерттеулері 
мен танысып,әңгімелесу 
түрлерінің қолдану 
жолдарын анықтады.
Зерттеушілік әңгіме 
маңыздылығын түсінді.
Сұрақ қою 
әдісін,түрлерін,техникасын
ұғынады,практикада 
жүзеге асырады.
29

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
асырады. 
Айткалиева Гулназ 
Казталов ауданы Г.Бегалиев ОЖББМ 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Коучинг сабақтың 
тақырыбы
Мектептегі көшбасшылық
Жалпы мақсаты
Мұғалімдердің бойындағы көшбасшылық қасиеттерді ояту
Мұғалімдер  үшін оқу 
нәтижелері
Эмоциялық зият дәрежесі артады
Сабақта туындаған 
негізгі идеялар
Эмоциялық зият көшбасшылықтың қажетті атрибуты  
Тапсырмалар
1.
Смайликтер арқылы топқа бөлу.
2.
Әр топтың топтық жұмысқа дайындығын білу
*Топ мүшелері бір-бірінің иықтарына қолдарын қойып: «Біз дайынбыз!»
* Топ мүшелері бір мезгілде қолдарын ортаға қойып: «Біз дайынбыз!»
 * Топ мүшелері бір мезгілде бір орында келесі бағытқа секіріп: «Біз 
дайынбыз!»
* Топ мүшелері бір мезгілдеқолдарын жоғары ұстап: «Біз дайынбыз!»
* Топ мүшелері бір мезгілде бір бағытқа бұрылып: «Біз дайынбыз!»
Тақырыппен таныстырып, топ басшы тағайындату
3.
Ойын «Туған күніңіз»
Ойын шартында топ мүшелері сөйлемейді, тек топ басшысы ғана әбден 
реттегенде ғана «Дайынбыз!» деп белгі беру керек.
4.
Талдау.
Әр топқа бірдей сұрақтар беріп, сұхбат жүргізу 
1.   Бұл   ойында   топ   басшысы   сіздің   тобыңыздың   мақсатқа   жетуіне,   алда
болуына қалай көмектесті?
d)
Топ басшысы сіздердің топқа көмектесуіңіз үшін нұсқаулар бере алды
ма? Берсе,қандай?
e)
Сіздің тобыңыздың мақсатқа жетуіне не ықпал етті?
5. «Көшбасшылық» (таныстырылым)
 6. Практикалық жұмыс
Көшбасшылықты  постерде бейнелеу.(7 мин)
Топ басшылары уақыт белгілеуші тағайындап, тапсырма бөлісу керек.
Постер қорғаушылар – топ басшылары
«Температураны өлшеу» жүргізіледі
1-топ. Мектептегі көшбасшылық
2-топ. Сыныптағы көшбасшылық
3-топ. Жергілікті басқару орнындағы көшбасшылық
4-топ.Ауруханада
5-топ.Аудандық (қалалық) білім беру бөліміндегі көшбасшылық.
7. Бағалау
Топтар желілік бағытпен бірін-бірі – критериалды бағалайды.
 Жетон арқылы жалпы жиынтық баға шығарылады.
100 жетонға ие болған топ басшылары «Алтын орындыққа» отырғызылады
5.
Кері байланыс:  «2 жұлдыз, 1 ұсыныс»
6.
  Қорытынды. 
Дереккөздер:
ҮМ «Көшбасшылыққа көмектесетін жағдайлар» 
30

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
ШЫҒАРМА ЖАЗУҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ КЕЙБІР ЖОЛДАРЫ
Ахинбасов Қуанышбек Абдуллаевич
БҚО, Казталов ауданы, Казталов ауылы
Казталов ауданының білім беру бөлімінің 
 бірінші санатты гуманиттарлық пәндер әдіскері
Ана тілін үйрену, сондай – ақ басқа пәндерді де игеру барысындағы барлық жетістіктер мен кемшіліктер
баланың қалай сауаттануына байланысты болып келеді. Қалай болғанда да жазба жұмыстары орындалатын
сабақтардың   табысты   болуы,   көбінесе,   мұғалімдердің   оқыту   әдістемесімен   айқындалады.Оқытушы
оқушылардың шығармашылық дамуын қамтамасыз ететіндей алдына нақты айқын мақсаттар қоя білуі керек,
қандай дағдылардың қалыптасуына жету керектігін алдын ала болжайды. 
Ондай дағдылар төмендегідей: өз ойын, пікірін, сауатты әрі көркем жеткізе білу; байқампаздығын дамыту;
құбылыстарды шынайы бағалай  білу; ой – өрісін, ұғымын кеңейту; ізденіштікке ұмтылуын жетілдіру;   «өз
сөзін» айта білу мүмкіндігін қалыптастыру; толық фантазиялық еркіндігін қамтамасыз  ету; орфографиялық
сауаттылықты нығайту.
Жазу   жұмыстарына   байланысты   нәтижелегінің   маңызды   шарттарының   бірі   –   оқушылардың   жазба
жұмыстарына   дайындалуы   мен   орындалуының   дұрыс   ұйымдастырылуы.   Жазба   жұмыстарының,   әсіресе,
көлемді түрлерін жазуда оған дайындалу және жазу орындарына қарай мынадай түрлерге бөлуге болады: а)
сыныпта; ә) үйде; б) сыныпта – үйде; в)үйде – сыныпта.
Бақылаулар жүйесі шығарма жазуға дайындықтың алғашқы, яғни,  материал жинау  кезеңі болмақ.Мұндай
нақты жоспар оқушыларды белгілі мақсатқа жеткізіп, оларды әр нәрсеге тереңірек үңіліп, зейінмен қарауға
үйретеді, шәкірт бойында өзіндік бақылаушылық іс – әрекеттің қалыптасуына жол салады.
Шығармаға материал жинаудың мазмұны төмендегідей іс-әрекетті қамтиды:шығарма тақырыбын ашатын,
негізгі   ойды   қамтитын   материалды   жинастыру;   әдеби   сыни   монографиялық   кітаптардан   керекті   үзінді,
пікірлерді қамту; бақылаған нәрсе туралы өзіндік пікір, қорытынды ой іріктеу; оқылуға тиісті кітаптар тізімін
ұсыну;   мұғалім   тарапынан   берілген   сұрақ-тапсырмалар   жүйесін   орындау;   кездесу   ұйымдастырылып,
қонақтардан   сұхбат   алу,   осылардың   негізінде   шығармаға   материал   дайындау;   мұғалім   мен   сынып
оқушыларының   шығарма   тақырыптар   тұрғысындағы   ой  талқысын  жүргізу;  оқушылардың  өзіндік  жұмысты
орындауы;   оқушыларға   таңдау   үшін   күнілгері   бірнеше   шығарма   тақырыптарының   ұсынылуы;   оқушыларға
шығарма тақырыбы бойынша көркем мәтінмен жұмыс жүргізу; жоспар, эпиграф жазып келуді тапсыру.
Осындай жұмыстардан  кейін шығарма тақырыбы ашылмаса, көркем туындының негізгі жерлері сыныпта
қайта оқылады не бұрын аталмыш тақырыпта жұмыс жасаған  оқушылардың үлгілі жазба жұмыстары оқып
тыңдауға   ұсынылады.   Оқушылармен   жүргізілген   осы   сипаттағы   дайындық   кезеңі,   сөз   жоқ,   өзінің   тиімді
нәтижесін көрсетіп шығады.
Шығарма   жазуға   дайындық   жасау   барысындағы   жауапты   жұмыстардың   бірі   алынған   тақырыпқа   сәйкес
қосымша   материалдар   жинақтау   болып   табылады.   Бұл   –   оқушының   шығарма   тақырыбына   сәйкес   білімін
толықтырып, логикалық ойлау жүйесін дамытуға жол ашады.
  ПсихологА.Н.Луктың «Материалды жинау, біріктіріп жүйелеу – жинақталған білімді логикалық жағынан
салыстыру, топтастыру, қорыту, бұл – белсенді ой үрдісі» деген пікірі біздің ойымызды дәлелдей түседі.
Шығарма  жұмысын  жазар алдындағы материал жинақтау мен іріктеу шығармашылық  бағыттағы күрделі
жұмысқа жатады. Материал жүйелеу жиналған мәтін ішінен шығарма тақырыбын ашуға көмектесетін және
негізгі ойды дәлелдей алатын қажеттіні іріктеу болып табылады.
Материалды   топтау   жұмысында   шығарма   тиімді   жазылу   үшін   оқушыларға   төмендегідей   тапсырмаларды
жіктеуге болады: материалды айтылмақ ойдың жоспарына сай топтау; бақылау мазмұны бойынша материалды
қайта   топтау;   материалды   қайта   топтауда   жіберілген   кемшілікті   түзету;   жиналған   материалды   болашақ
шығарманың үш бөліміне ыңғайлап қайта ұсыну әрекеті.
Материалды   жинақтап   іріктегенде   оқушының   мәтінді   көркемдік   ерекшілігі   жағынан   толық,   жан-жақты
талдай  білуі, мәтіндегі  кейбір авторлық  нақты дәлелдемелерді  жүйелей  көрсетуі үнемі  ескеріліп отырылуы
керек, демек, бұл жерде материалды дұрыс іріктей білу үдерісі іске асырылады. Оқушы өзіндік пікірін нақты
үзіндімен, мысалмен дәлелдеп, қорытып жатса, шығарма сапасы арта түсер еді, сондықтан матерал жинақтау
жұмысының мазмұнына кейде дәйек сөзді іріктеуді де жатқызуға болады. Оқушылар нақты үзіндіні, мысалды
негізінен   өз   ойын   бекіту   кезеңінде,   зерттеуші   ғалымдардың,   ақын-жазушылардың   пікірін   оқырмандарға
тақырыпқа сай таныстыруда қолдануы керек. Бұл арада бір ескертетін жай – оқушы шығармасында міндетті
түрде үзінді, мысал болуы шарт емес. Оның ретіне қарай тақырыпты жан-жақты ашу барысында көрініс бергені
жөн.
Дайындық кезеңіндегі үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыстың бірі – шығарма тақырыбын таңдау.
Оқушының   таңдаған   тақырыбы   материалды   жетік   білетіндігімен,   көңілге   жақындығымен,   жазуға   мүмкін
болатындығымен   ерекшеленуі   керек.   Тақырып   таңдау   –   бар   жұмыстың   кіріспесі,   шығарманың   қалай
31

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
басталып,қалай аяқталуы да осыған байланысты іске асады. Егер шығарма тақырыбы дұрыс таңдалмаса, сапалы
шығарма жазылмақ емес.
Шығарма   жазуға   дайындық   кезеңінде   болашақ   жұмыстың   идеясын   анықтап   алып,   шығармаға   материал
жинау, оны іріктеп, керектісін оқумен шұғылдану қажет, содан соң жоспар құруға кіріскеніміз жөн. Жоспар
жазып отырғанда әр бөлімнің тұсына шығармаға кірістірер ойымызды, қажетті материал алынған кітаптың
бетін, өлеңнің атын, авторын жазып қою керек, осы жұмыспен айналысып отырғанда  шығарма тақырыбы мен
идеясын жиі-жиі еске алуымыз керек. 
Жоспар құру – шығарма жазудың негізгі бөлігі, себебі жоспар оқушы ойының жүрісін бақылап, ойды тәртіпті
жүйелі беруді ұйымдастырады, өзекті мәселелерді анықтауға көмектесіп, іріктелген материал мен мазмұнның
сабақтастығын  нығайтады.Жоспардың  бар   элементі  тақырыпты  ашуға   қызмет  етуі  тиіс,  жоспар   тақырыпқа
билік   жүргізеді.   Материалды   жақсы   білетін   оқушы   қысқа   да   нұсқа,   жүйелі   жоспар   құра   алады,   ал   ойлы
жазылған жоспар материалды  жетік меңгерген өз иесінің қолтаңбасын танытады.
Жоспардың логикалық үш бөліктен тұратыны көпшілікке мәлім, бірақ мектеп тәжірбиесіндегі үлкен оқылық
ретінде мұғалімдердің де, оқушылардың да осы үш бөлімнің нақты қызметіне, рөліне көңіл бөлмеуін айтар едік.
Кіріспе  бөлім  – шығарманың  орталық  проблемасын  ашудың   басқышы,  мұнда  оқушы  кейде  алға  қойылған
мәселелердің тарихи жағдайы мен байланысын көрсетсе, кейде жазушының ойын, көзқарасын не ол туралы
өзгенің   пікірін   аңғартады.Бұл   бөлімде   тақырыпты   таңдау,   оқушының,   автордың   мақсаты,   пікірі
жинақталады.Негізгі бөлім тезис пен аргументтердің жүйесі, логикалық талдаудың өзі, ой қорытындысының
тізбегі болып есептеледі.Бұл бөлімде шығарманың негізгі мазмұны, тақырыбы ашылуы керек, көлемі жағынан
да   өзге   бөлімдерден   қомақты   болады.   Қорытынды   бөлімде   айтылған   ой   жинақталып   тұжырымдалады.Бұл
бөлімде жұмыс аяқталып, сонымен бірге мазмұны алдыңғы жазылғандармен байланысты болуы қажет.Кіріспе
мен қорытынды бөлім біріккенде бүкіл жұмыстың 1\4 бөлігін ғана қамтуы қажет.
Шығарма   жоспарын   құрудағы   жіберілген   кемшіліктер   түрлері:тақырып   мазмұнын   түсінбеу   салдарынан
негізгі тақырыпқа үйлеспейтін тақырыпшалардың жоспарда жазылуы ; жоспардың күрделі, түсініксіз құрылуы;
қорытындының шығарма мазмұнына сай келмеуі; жоспардың шығарма мазмұнына  сай жазылмауы.
Жоспардың   болуы   оқушыға   жазба   жұмысында   жүйелілікті   сақтауға   әсерін   тигізеді.Дайындық   кезеңінде
оқушының   өз   ойы,   көзқарасы,   пікірі   шығармада   айқын   көрініп   тұру   қажеттігін   олардың   есіне   жиі   салып
қоюдың   әбестігі   жоқ,   себебі:   шығарма   –   ең   әуелі,   шәкірттің   өз   дүниетанымдық   көзқарасын   білдіретін   төл
туындысы, бұл - щығармада оқушының өз сөз саптауы болуын қажет етеді.Шығарма жұмысына дайындықтың
тағы бір кезеңі – көркем мәтінмен жұмыс.
Көркем мәтінді түсініп талдауда оның мазмұнын ғана білу жеткіліксіз.Оқушылардың психологиялық. Жас
ерекшеліктерін ескере отырып, әдебиет теориясынан мәліметтер беру пән мұғалімнің үнемі, үздіксіз жүргізетін
жұмыстарының бірі болып саналады.
Шығарма жазуға дайындықтың бір кезеңі оқушылармен мәтіндегі мағынасын түсінуге қиын тиетін сөздер
мен   тұрақты   сөз   тіркестері   бойынша   сөздік   жұмысын   жүргізу   болып   табылады.Мұның   өзінен   көркем
шығарманың тілдік ерекшеліктеріне мән беріліп, оқушының логикалық ойлау қабілетін арттыруға әсер ететін
аңғардық. Бұл жерде, ең бастысы, оқушы ізденеді.
Шығарма жазар алдында оқушыларға әр түрлі мазмұнды қамтитын әдеби тапсырмалар беруді жөн көрдік.
Олар: прозалық шығарманың бір эпизодын драмаға айналдырып жазу; өлең сюжетін қара сөзге айналдыру;
кейіпкермен тілдесу; тақырыпта ауызша, жазбаша ой толғау ұйымдастыру; кейіпкер аузына сөз салу; шығарма
тақырыбына   сай   мектептің   қабырға   газетіне   мақала   жаздырту;   ауызша   журнал   құрастыру;   шағын   әңгімені
қиялмен болашақ өмірге сапар шеккізу тәрізді жазба жұмысын алу.
Шығармаға дайындық кезеңінде болашақ шығарманың идеясы мен тақырыбын ашуда көмектесетін әдеби
көрнекіліктің бірі эпиграф болып табылады.
Шығарманың  мазмұнын  білдіру  үшін   оның  алдынан   қысқаша   үзінді   немесе   нақыл  сөз  келтіріледі.  Ол –
шығарманың э п и г р а ф ы деп аталынады.
Эпигроф шығармаға өң береді, оның идеясын алдын ала білдіріп тұрады.Эпигроф етіп көбінесе халыққа
танылған адамдардың  нақыл сөздері, шығармашылығы талданып отырған ақын – жазушының өз сөзі және
мақал – мәтелдер алынады.
Көбіне   бір   шығармаға   бір   ғана   адамның   сөзі   эпигроф   етіп   алынады.   Мысалы,   Абай   шығармашылығы
жайындағы шығармаға төмендегі үзіндіні эпигроф етіп таңдауға болады.
Эпиграф   ақын   –   жазушы,   ғалымдар   еңбектерінен,   жеке   хаттарынан,   күнделіктерінен,   мақал   –   мәтелден
алынып, оқушы шығармасының басты идеясын көрсетіп тұруы керек. Ол туындыны ашар ойдың кілті. Эпиграф
шығарма жазуды бастауға жол сілтейді. Эпиграфтың шығармадағы мәнін әдіскер – ғалым Б.А.Оралов былай
бағалайды:   «Эпигроф   очень   часто   выполняет   роль,   не   оказывая   сколько   –   нибудь   заметного   влияния   на
содержание и стиль сочинения. Следователыю, эпигроф принесет пользу тогда, когда в нем выражается пафос
сочинения, ваше увлечение тамой».
Оқушыларды шығарма жазуға жүйелі түрде   үйретудің жолдарына төмендегідей әдіс – тәсілдер жүйесін,
мұғалім мен оқушылар арасындағы жұмысты ұсынуға болады:
32

Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
1.мұғалімнің материалды қысқаша түсіндіріп,туындының бас жағын сыныпта оқытуды;
2.сұраққа жауап аларлықтай маңызы бар эпизодтарға көңіл бөліп, оларға ат қоюы;
3.көркем туынды кейіпкерлерін топтау;
4.шығарманың негізгі бөліміне не сюжеттік желісіне баса назар аударып, мәтіннен үзінді ұсынып, ой – пікір
жинақтау;
5.мұғалімнің кіріспе әңгімесі;
6.көркем туынды бойыншы тезис жасақтау;
7.Болашақ шығармаға керекті сөздерді, мақал – мәтелді жаттау;
8.әдеби кейіпкерге талдау жасаудың үлгілерін беру;
9.автормен сырласу, өзіндік позицияны қалыптастыру;
10.мәтін жанрын өзгертіп, кейде өз атынан баяндау, диалогты монолог арқылы беру,автормен сырласу;
11. «шашылған» мәтінді жүйелеу, жоспар жасату;
12.сурет арқылы қиялда ой туғызу.
Бүгінгі   таңда   шығарма   жазу   әдістемесін   жүзеге   асыруда   шәкірттердің   жоғары   деңгейдегі   білім   –   білік
дағдыларын   қалыптастыру,   ойлау   жүйесінің   дамуына   жағымды   ықпал   жасап,   шығарма   жазудың   тиімді
әдістерін меңгеру, идеясын анықтау үшін шығарманы таңдау керек. 
Оқушы шығарманы басты, негізгі идея бойынша ғана жазып үйренуі қажет. Шығарма тақырыбын талдауда
маңызды нәрселерді қамтамасыз ету керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет