ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕРІ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім академиясының
базалық мекемесі №51 гимназия
Ғылыми жетекші: Жұмағұлова Ә. А.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Информатика теориясы және оқыту технологиясы кафедрасы аға оқытушысы
Дайындаған: Жұманбетова Наргиз 10 «Г» класс оқушысы
Жетекші: Кузембаева Айгерим Информатика пәні мұғалімі
КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта қоғамдық өмірде ақпараттың таралу қарқыны өте жылдам дамып келеді.
Ақпараттық процесстер - адамдар арасында, тірі организмдерде, техникалық құрылғыларда,
қоғамдық өмірде ақпарат тасымалдау, жинақтау мен түрлендіру процестері.
Мәліметтер қоры – ақпараттық жүйенің бір бөлігі және қоғамның қандай да бір саласындағы
немесе оның бөлігіндегі нақты объектілер туралы мәліметтер жиынтығы. Мәліметтер қорын басқару
жүйесі компьютерлік техниканың даму жолдарына байланысты жетілдіріліп тұрды,
пайдаланушының қойған барлық күрделі деңгейдегі талаптарын орындауға бейімделді.
Қазіргі қоғамның талаптарына сәйкес жаңа техналогиялардың даму барысында жұмыс орнын
автоматтандыру негізгі мәселелердің бірі. Автоматтандыру үшін көптеген автоматтандырылған
бағдарламалық жүйелер мен құрылғылар қолданылады, олардың ішінде бухгалтерлік есептеулер
жүйесі, электронды деканат, оқу жүктемесін есептеу, қызметкерлер, оқушылар туралы электронды
мәліметтер қоры және тағы да басқалар бар.
Тақырыптың өзектілігі.
Қазіргі уақытта жұмыс орнын автоматтандырудың бір жолы – үздіксіз қолданылатын мәліметтер қорын
құру. Мәліметтер қорын жобалаудың әртүрлі технологиялары бар. Негізгі міндет мәліметтер қорын құрудың
ұтымды әдісін меңгеру. Сондықтан да зерттеліп отырған тақырып өзекті болып табылады.
Зерттеу мақсаты.
Мәліметтер қорын жобалау жүйесінің теориялық негіздерін және құру принциптерін анықтай отырып Delphi
ортасында «Оқушылардың жеке мәліметтері» ақпараттық жүйесін құру.
Зерттеу міндеттері.
221
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
мәліметтер қорын жобалау жүйесінің теориялық негіздерін және құру технологиясын анықтау және
зерттеу;
ұйымдастыру - басқару жұмыстарында қолданылатын программалардың негізгі мүмкіншіліктері мен
құру технологиясын анықтау ;
ұйымдастыру – басқару жұмыстарында мәліметтер қорын басқару жүйелерінің қолданылу
бағыттарын анықтау және қазіргі уақытта қолданылып жүрген мәліметтер қоры жүйелерінің ұтымды
жағдайларын көрсету;
Delphi ортасында мәліметтер қорын жобалау технологиясын меңгеру.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы.
Программалық өнім №51 гимназия оқушылары туралы іс-құжаттар негізінде жасалды, сондықтан
кез келген мектеп мұғалімі мүмкіндігінше қолдана алады. Программалық өнімге алдағы уақытта өзгерістер
енгізуге және жетілдіруге болады.
ОҚУ ҮРДІСІН БАСҚАРУДА АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Ақпараттық жүйелер туралы жалпы мағлұмат
Күнбе-күн ақпарат көлемі көбейіп отыр. Ал, оларды өңдеу адамның қолынан келмейді. Сол себепті
мәліметтерді тез өңдеу үшін дербес компьютерлер пайдаланылады. Қазіргі заманғы ақпараттық жүйелер (АЖ)–
мәліметтер банкі болып табылады. Олардың құрамына мыналар енеді:
Есептеуіш жүйе;
Бір немесе бірнеше мәліметтер қоры;
Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ);
Қолданбалы программалар жиыны.
Мәліметтер қоры ақпараттық жүйенің негізі, оны өңдеудің объектісі болып табылады. Ақпаратты
технологияны кең арнада қолдану қазір республика бойынша көптеген салаларда ұйымдастыру – басқару
қызметі болып табылады. Оның автоматтандыру жолында көптеген автоматтандырылған программалық
жүйелер және де электронды сұхбат, электронды есеп алмасу сияқты бухгалтерлік есеп жүйелері, қызметшілер,
тауарлар және т.б. туралы электрондық қорлар көптеген өнеркәсіп жүйелерінде қолданылады. Кез–келген
мекемеде ақпараттандыру мамандардың жұмысын жеңілдетіп, сол мамандармен қоса оларға кәсіби
қатынасатын басқа да тұлғалардың уақытын үнемдеуге үлкен көмегін тигізеді..
Егер мәліметтер топтастырылмаса, толығымен реттеліп отырмаса, біз мәліметтер былығында қалар едік.
Мәліметтерді реттеу үшін мәліметтер тақырыптары, өзара қисынды біріктірілген арнайы анықтамалар,
каталогтар, карточкалар, энциклопедиялар және т.б. бар.
Осындай үлкен көлемді мәліметтерді сақтау, өңдеу және іздеу үшін компьютерде арнайы программа
бар. Мұндай программалар мәліметтер қорын басқару жүйесі деп аталады.
Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) - бағдарламалық жабдық, оның көмегімен мәліметтер қоры
құрылады, соның негізінде ақпаратты іздеу жүйесі құрылады және жұмыс істейді. Ақпаратты іздеу жүйесі
дегеніміз - мәліметтер қорының жиынтығы және оларға қызмет көрсетуші бағдарламалар.
ҚОСЫМША ҚҰРУДА ҚОЛДАНЫЛҒАН ПРОГРАММАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАР
DELPHI программалау ортасында мәліметтер қорын жобалау
Delphi7 программасы Windows операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс істейді. Delphi ортасының
негізгі ерекшелігі мұнда құрылған программалар негізінен өндіріс және бизнес есептерін шешуге бағытталған.
Delphi-дің Visual Basic және C# сияқты қолданушы интерфейсі бар. Қазіргі кезде көптеген фирмалар өз
программа интерфейсінің стандарты ретінде қабылдады. Қолданушы интерфейсі визуальды құрылатын
болғандықтан Delphi ортасында программалауды программа құру ортасы делінеді. Құрудың графикалық
ортасынан басқа аспектісі ол - көмекші жүйесінінің күштілігі.
Delphi –де басқа да қазіргі программалау ортасы сияқты, объектілі бағытталған программаларға негізделген.
Программа құру барысында дайын компоненттерді, олардың қасиетін, әдістерін және алдын-ала анықталған
оқиғаларды пайдалану арқылы аз ғана программа кодымен айналып өтуге болады. Программа құрушыға бұл
өзінің программасының қолданушы интерфейсін құру барысында көп уақыт үнемдеуді білдіреді.
Delphi қолданушыға өте ыңғайлы, тез программа құруға мүмкіндік береді. Бұл ортаның құрал-саймандары
өте көп және керек кезінде актив элемент үшін F1 пернесін басу арқылы көмек алуға болады.
Delphi-дің өзінде кестелер форматы жоқ. Бірақ ол локальді кестелердің 2 түрін қолдайды – dBase және
Paradox. Біз Paradox кестелерімен жұмыс жасаймыз.
Delphi-де Database Desktop қосымшасы бар және ол
арқылы мәліметтер қорын DBase немесе Paradox форматында құрып оны өзгертуге болады және сұраныстарды
орындауға болады.
Қарапайым қосымша құруды қарастырайық. Ол келесі сатылардан тұрады:
9.
МҚ кестесін құру;
10.
Қосымша формасын құру.
222
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
МҚ кестесін құру үшін Database Desktop программасын қолданған ыңғайлы. Ол кесте құруға, құрылымын
өзгертуге, жазбаларды редактрлеуге мүмкіндік береді.
Database Desktop программасын жүктеу үшін Delphi программасы тобының ішінен Database Desktop
элементтерін таңдалық, содан кейін Database Desktop экранда пайда болады:
Жаңа кестені құру New => Table командасынан басталады және интерактивті режимде жүзеге асырылады.
Ашылған терезеден кесте типін көрсетеміз де ОК кнопкасын басқаннан кейін Create Table терезесі пайда
болады. Бұл диалогтық терезеде кесте құрылымын анықтаймыз. МҚ кестесін құрушы мыналарды орындау
керек:
1. Кесте типін таңдау ( Paradox);
2. Кесте құрылымын анықтау;
3. Кілттік өрістерді көрсету;
4. Индекстерді анықтау;
5. Өрістер мәндеріне қойылған шектеулерді анықтау;
6. Парольді анықтау;
7. Кестелерді байланыстыру.
«ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕРІ» АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Программа жұмысына сипаттама
Программа DELPHI интегралды ортасында құрылды. Мәліметтер қоры №51 гимназия оқушыларының жеке
мәліметтері негізінде жасалды.
Программаны іске қосу үшін Projeсt.exe файлын жүктейміз. Программа жүктелген кезде экранға келесі
түрдегі титулдық терезе пайда болады:
1-сурет. Титулдық бет.
Осыдан кейін негізгі бөлімге өтеміз. Бұл бөлім төрт модульге бөлінген: оқушылар базасы, іздеу, сұрыптау
және программа туралы.
2-сурет. Негізгі бөлім.
Оқушылар базасы модулінде оқушылардың жеке мәліметтері толық қамтылған. Олар: аты-жөні, туған күні,
адресі, отбасы жағдайы, ата-анасы туралы мәліметтер, класы, қатысатын үйірмесі, хоббиі, жетістіктері. Бұл
мәліметтерді өзгертуге, жаңа мәліметтер қосуға және оқушы басқа мектепке ауысқан жағдайда мәліметтерін
жоюға болады. Ол үшін осы модульдегі сәйкес енгізу, өзгерту және жою командаларын таңдаймыз. Бұл
командаларды орындау үшін қолданушыдан пароль сұралады. Яғни мәліметтер кездейсоқ және қасақана
өзгертуден қорғалған. Енгізу терезесінің көрінісі:
3-сурет. Оқушылардың жеке мәліметтерін енгізу
Келесі «Іздеу» модулінде қажетті ақпаратты тез табу үшін іздеу жұмыстары ұйымдастырылған. Бұл бөлімде
оқушыларды фамилиясы бойынша, адресі және класы бойынша іздеуге болады. Бұл модуль тек мәліметтерді
көру режимінде ашылады. Оларды өзгерту, жою мүмкін емес.
4-сурет. Мәліметтерді іздеу терезесі
Сонымен қатар программада мәліметтерді өсу және кему ретімен сұрыптау, қажет мәліметтерді баспаға беру
мүмкіндіктері қарастырылған. Соңғы модульде автор және программа туралы қысқаша мәліметтер беріледі.
ҚОРЫТЫНДЫ. Жалпы мәліметтер қорын кез - келген жұмыс орындарында, оқу орындарында пайдалану
ыңғайлы және тиімді іс болып табылады. Ғылыми жобаның мақсаты мектептің ұйымдастыру-әдістемелік
жұмыстарын автоматтандыратын мәліметтер қорын құру болатын. Жұмыс барысында мәліметтер қорының
реляциялық моделінің мысалы келтірілді, яғни кестемен жұмыс жасалынды. Сондай-ақ жаңадан объектілер
және оның қасиеттері мен әдістері пайдаланылды.
Ғылыми жұмысты жазуда DELPHI интегралды ортасында мәліметтер қорын жобалау технологиясы
қолданылды.
Алға қойылған мақсаттарға жету үшін мектептің оқушылар туралы іс қағаздарымен таныстым және қажетті
ақпараттарды жинадым. Жоба барысында DELPHI программалау ортасының компоненттерін, осы ортадағы
мәліметтер қорын ұйымдастыруды және өңдеуді, SQL тілінде сұранымдар қойылымын ұйымдастыру және
кестелермен жұмыс жасауды қарастырдым.
Сонымен мәліметтер қорының дамуымен және барлық іс-әрекеттерді жүзеге асыру, өндіріс орындарына
мәліметтерді енгізу, түрлі құрылымды мекемелерде мәліметтерді дайындау, өңдеу, сақтау және тарату үшін
үлкен көлемді ақпараттарды өңдеп, сақтағанда туындайтын қиындықтарды шешу үшін арнайы мәліметтер
қорын басқару жүйесін пайдаланған дұрыс.
Қорытындылай келе, ғылыми жобаның негізгі мақсаты толығымен орындалды деп ойлаймын.
223
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Бидайбеков Е.Ы., Елубаев К., Шекербекова Ш.Т., Базы данных и информационные системы.–Алматы,
2010.
2. Ғылыми-әдістемелік журнал. Информатика негіздері. -2004. №1.
3. Ғылыми-әдістемелік журнал. Информатика негіздері. -2003. №6, №4
4. Е.Ы. Бидайбеков, Ш.Т.Шекербекова. Мәліметтер қоры және мәліметтер қорын басқару жүйесі. А –
2000.
5. Гофман В., Хомоненко А. Delphi 6, СПб, 2002
6. Архангельский А.Я. Язык SQL в Delphi5, М., 2000
7. Фаронов В.В., Шумаков П.В. Delphi 5.Руководство разработчика баз данных, М., 2000
9-КЛАСҚА АРНАЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ ҚҰРУ
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім академиясының
базалық мекемесі №51 гимназия
Ғылыми жетекші: Жұмағұлова Ә. А.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Информатика теориясы және оқыту технологиясы кафедрасы аға оқытушысы
Дайындаған: Алимбай Бибінұр 9 «Ә» класс оқушысы
Жетекші: Кузембаева Айгерим Информатика пәні мұғалімі
КІРІСПЕ
Білім беруді ақпараттандыру жаңа оқу құралдарын табанды түрде жасауды қамтамасыз етіп отыр. Бірінші
болып оларға электрондық оқу құралдарын жатқызу керек.
Білім берудегі көптеген пәндерге ақпараттық және қатынастық технологияларды ендіру программалармен
қамтамасыз ету мен білім беру саласында қолданылатын электрондық оқыту құралдарының мазмұнын
толықтыру сияқты келесі мәселелерді туындатады. Соған орай осы мәселелер бойынша жүргізілген іс-
әрекеттер, зерттеулер осындай құралдарды жасау мен пайдаланудың теориясын және оған қажетті
нормативтік құжаттарды қалыптастыруда. Электронды оқулық оқушы үшін дайын материал. Оқушылар үшін
электронды оқулық – мектепте оқыған жылдардың барлығында да өздері толықтырып отыра алатын және
аралық бақылауға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып келеді. Электронды оқулықпен жұмыс
істеу әрбір оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізу болып саналады.
Тақырыптың өзектілігі
Білім жүйесінің ақпараттануы жаңа оқу құралдарын жасауды талап етуде. Мектепте оқушының пәнді
толық деңгейде меңгеруі және өз бетінше жұмыс істеуіне жағдай жасау үшін пәннің оқулығы даярланады.
Оқулықтың электронды нұсқасын дайындау қағаздағы нұсқасына қарағанда пәнді тереңірек меңгеруге ықпал
етеді. Себебі, бұл жағдайда оқушы мәліметтермен теория жүзінде танысып қана қоймай, практикалық
тапсырмаларды интерактивті режимде орындап, бейнесабақтарды көріп және алған білімін өз бетінше тексеріп
отыруға мүмкіндік алады. Сондықтан ғылыми жұмыста қарастырылып отырған мәселе өзекті болып табылады.
Зерттеу мақсаты
Ғылыми жұмыстың мақсаты: MACROMEDIA FLASH мүмкіндіктерін пайдаланып, информатика пәні
бойынша пайдаланушыларға түсінікті, қажетті материалдармен кең көлемде қамтылған электронды оқулықты
дайындау.
Зерттеу міндеттері
Электронды оқулық дайындаудың мемлекеттік стандартын, электронды оқулыққа қойылатын стандарттық
талаптарды меңгеру;
Құрылатын электронды оқулықтың құрылымын анықтау;
MACROMEDIA FLASH программасының мүмкіндіктерін меңгеру;
Нәтижесінде MACROMEDIA FLASH ортасында тақырыпқа сай электронды оқулықты дайындау;
Зерттеудің практикалық маңыздылығы
Ұсынылып отырылған электронды оқулық информатика пәні бойынша толық мағлұматты қамтиды және бұл
программалық өнімді пәнді меңгеруде мұғалімге қосымша құрал ретінде қолдануға болады.
ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕН 9-КЛАСҚА АРНАЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚТЫҢ
ҚҰРЫЛЫМЫНА СИПАТТАМА
224
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
9-класқа арналған информатика пәні бойынша оқушыларға арналған электронды оқулықтың программасы
Macromedia Flash ортасында жасалды. Электронды оқулық құрылымы негізгі төрт бөлімнен тұрады. Программа
құрылымы келесі 1-сызбада көрсетілген.
Программаны ашу үшін ГЛАВНАЯ.swf файлын жүктеу керек. Программаны алғаш жүктегенде экранда
MacromediaFlash ортасында дайындалған электронды оқулық 9–суреттегідей мұқаба беті ашылады.
Сурет 9. Мұқаба беті
Сілтеме жасау арқылы негізгі терезеге өтеміз. Бұл терезеде 1-сызбада көрсетілген негізгі бөлімдер атаулары
орналасқан. Электронды оқулықтың әр бөліміне сілтеме сәйкес батырмаларды шерту арқылы жүзеге асады.
Тарау атаулары орналасқан негізгі терезе көрінісі 10-суретте көрсетілген.
Сурет 10. Электрондық оқу-әдістемелік кешеннің бөлімдері
«Пән туралы жалпы мағлұмат» бөлімі келесі 11–суретте көрсетілгендей пәннің оқу бағдарламасы,
әдебиеттер тізімі орналасқан. Әрбір құжатпен танысу үшін сәйкес батырмаларды шертеміз. Мысалы, «Пәннің
оқу бағдарламасы» батырмасын шерткен кезде пән бойынша оқу бағдарламасы орналасқан терезеге өте
аламыз.
Сурет 11. «Пән туралы жалпы мағлұмат» бөлімі
Дәл осындай ретпен қалған бөлімдерді қарап шығуға болады.
«Пәннің оқу-әдістемемен қамтамасыздандырылуы» бөлімінде осы пән бойынша өтілетін дәрістер,
практикалық және зертханалық сабақтардың жоспарлары мен орындаудың нұсқаулығы орналасқан. Мысалы,
«дәрістер» батырмасын таңдау арқылы 12–суретте көрсетілгендей пәнде оқылатын дәрістердікөруге болады.
Сурет 12. Дәрістер терезесі
Ал «практикалық жұмыстар» батырмасын таңдау арқылы 13–суретте көрсетілгендей арнайы топтастырылып
құрылған практикалық жұмыстарды көруге болады.
Сурет 13. Практикалық жұмыстар терезесі
Дәл осындай ретпен қалған бөлімдерді қарап шығуға болады.
«Пәнді игеруге қажетті қосымша материалдар» батырмасын шерткен кезде, оқушының пәнге деген
қызығушылығын арттыру мақсатында пән бойынша түсіріліп дайындалған бейне сабақтар және интерактивті
тапсырмалар жүйесі мен глоссарий ашылады. Оқушы практикалық тапсырмаларды интерактивті режимде
орындайды.
Әрбір интерактивті тапсырманы орындаған сайын сол тапсырманың дұрыс немесе дұрыс еместігі туралы
хабарлама шығады. Осылайша, оқушы дұрыс жауабын тапқанша тапсырманы бірнеше рет қайталап орындап,
жаттығады.
Сонымен қатар Camtasia Studio программасы арқылы түсіріліп дайындалған бейнесабақтарды көріп, теория
жүзінде алған білімін бекіте алады. Бейнесабақ беті 16–суретте көрсетілген.
Сурет 16. Бейнесабақ беті
Ал 17 –суретте көрсетілгендей терминдердің түсіндірме сөздігі берілген. Ол студент үшін анықтамалық
көмекші құрал болып табылады.
Сурет 17. Глоссарий терезесі
Электронды оқулық құруда қарастырылатын негізгі бөлімнің бірі - тестілеу бөлімі. Бұл бөлімде оқушы тарау
бойынша игерген білімін тексеру үшін тест тапсырады. «Оқу материалының игерілуінің сапасын бақылау»
батырмасын шертіп, білім алушылардың білімін мониторингілеуге және бақылауға арналған материалдар:
аралық, қорытынды тестілік тапсырмалар терезеде енгізілген. 18–суретте көрсетілгендей қолданушы өзінің
аты-жөнін енгізгеннен кейін тестілеуге жауап беру уақыты басталады.
Сурет18. Тестілеу бөлімі
Жабу батырмасын таңдау арқылы программадан шығуға болады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын
қанағаттандырмайды. Сол себепті оқу пәндерінің барлық бағыттары бойынша электронды оқыту құралдары
дайындалуда. Мұндай оқу көздеріне деген қызығушылықтың артуы мультимедиалық технологиялардың пайда
болуымен және коммуникациялық құралдар интернет желісінің дамуымен байланысты.
225
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Электронды оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, олардың өз
бетінше жұмысын орындауға, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне,
терең тиянақты білім алу сапаларын жоғары дәрежеге жеткізуге жағдай жасай отырып, үлкен ақпараттық білім
кеңістігіне жол көрсетеді.
Оқушылар үшін электронды оқулық мектеп қабырғасында оқыған жылдардың барлығында да өздері
толықтырып отыра алатын және нәтижелік емтиханға дайындалуға көмектесетін мәліметтер базасы болып
келетін керекті материалдарды жеке меңгеруге арналған күрделі, көпсатылы жүйе. Кешеннің қажетті
бөлімдерін қайталап, игеру тәсілі мен логикасын да өзіне тән етіп таңдап алып, осы сәтте ең керек деген
материалдарды қарап шығуға мүмкіндік береді. Оның гипермәтіні нақты құрылымдардан тұрады да, бір-
бірімен тығыз байланысқан ықшам логикалық жүйе болып табылады. Бұл жүйемен танысу арқылы оқушы
практикалық негізде ойлау қабілетін дамыта алады. Ал өзіне қажетті мәліметті компьютер жадының керекті
ұясынан іздеп таба білу де әрбір оқушының бүгін талап етілетін стратегиялық ойлау қабілетін қалыптастырады.
Электронды оқулықпен жұмыс істеу әрбіроқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке
дара жүргізуі болып саналады.
Ғылыми жұмыста информатика пәнінен 9-класқа арналған электронды оқулық құрылды. Осы электронды
оқулықта дәріс сабақтары, практикалық және зертханалық жұмыстар, білім сапасын бақылау үшін тест
тапсырмалары, бейнесабақтар мен интерактивті тапсырмалар және глоссарий келтірілген.
Macromedia Flash ортасында құрылған электронды оқулық программасы мемлекеттік білім беру
стандартының талаптарын толығымен қанағаттандырады.
Ғылыми жұмысты жасау кезінде Macromedia Flash программасының мүмкіндіктерін кеңінен қолдандым.
Білім беруде электронды оқулықты қолданудың маңызы ерекше. Сондықтан да құрылған электронды оқулық
оқушыларға терең де тиянақты білім беруде тигізер пайдасы мол деп есептеймін.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Беляев М. И., Григорьев С. Г., Гриншкун В. В., ДемкинB.П., Краснова Г. А., Макаров С. #., Роберт И.
В., ЩенниковC.A. uдр. Теория и практика создания образовательных электронных изданий. // М.: Изд-
во РУДН, - 2003, 241 с.Часть 1. 72 с.
2. Бидайбеков Е. Ы., Гриншкун В. В. Теоретико-технологический подход к разработке электронных
средств обучения. // Вестник АГУ им. Абая. Физико-математическая серия. Алма-Ата - 2001. № 2(4).
С.32 - 37.
3. Г. Е. Мырзабекова, А. Ш. Күлмұратова, Л. Қ. Смаилова, Л. К. Тәжібай Интернет технологиясы:
Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011.-192б.
4. Гэри Розенцвейг. Macromedia FLASH 8. Москва 2006.
5. Матыкин В.Ю. Электронды оқу құралдарын құру мен пайдалану.
6.
http://festival.1september.ru/articles/103576/
7. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде 21-22 мамырда өткен «Дифференциалдық
теңдеулер және математикалық физика проблемалары» ( профессор Ж.А. Сартабановтың 70 жас
мерейтойына арналған) ғылыми-практикалық конференция, «Жоғары оқу орындарында пәннің
электронды оқу-әдістемелік кешенін дайындаудың тиімділігі»- 368б.
8.
Электрондық оқыту құралдарын жасау және пайдалану http://www.kaznpu.kz/samat/eok/index.htm
9. Компьютер әлемі 2002ж. №2
«КЕРІ ЕСЕПТЕР ӘДІСІ»
Оқушының аты-жөні: Искакова Бақыт №51 гимн. 6 «А» класс оқушысы.
Ғылыми жетекшісі: Иманчиев Аскарбек Ермекович.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе
өңірлік мемлекеттік университетінің физ-мат ғылымдарының кандидаты.
Пән мұғалімі: №51гимназияның Куздибаева Гульжамал Жанабаевна матем. пәні мұғ..
Кіріспе
Бүтін сандардың қасиеттері мен заңдылықтарын оқу математиканың бір тарауын құрайды және
оны сандар теориясы де атайды.
Сандар теориясында бүтін сандардың бөлінгіштігі, бөлінгіштік белгілері, жай сандардың қасиеттері,
салыстыру және басқа да мәселелері қарастырылды.
Біздің эрамызға дейінгі ІІІ ғасырда ертедегі грек математигі Евклид (360-300 б.э.д) өзінің
«Бастамасында» бөлінгіштік белгілерінің негізін жүйелі түрде көрсете білді. Сонымен қатар жай
сандардың щексіз көп екендігінің дәлелдеуін анықтап берді. (Евклид теоремасы)
226
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Ежелгі грек астроомы және математигі Эратосфен (276-194 б.ғ.д.) жай сандардың таблицасын құру
тәсілін ойлап тапты. (Эратосфен елегі)
Сандар теориясын дамыту мақсатында ежелгі грек математигі Диафант (ІІІ ғ) үлкен мән берді.
Одан кейін сандар теориясын дамытуда маңызды үлес қосқан П.Ферманың (1601-1655жж), Л.Эйлердің
(1703-1783жж), К.Гаустың (1777-1865жж), П.Л.Чебышевтың (1821-1894жж), И.М.Виноградовтың және де
басқа көптеген математиктердің еңбектері зор болды.
Өндірістің дамуына, өнеркәсіп пен техниканың өсуіне байланысты есептеудің жеңілдету және
жылдамдату қажеттігі туды.
Сандар теориясының дамуы және оларға қолданылатын әдістер есептеуі әлі де біздің кезімізде де өз
жалғасын табуда.
Бүтін п саны басқа m санына қалдықсыз бөліне ме деген сұраққа жауапты және көптеген әртүрлі
практикалық есептер шығаруда түрлі әдістер қажет. Осындай әдістердің біреуі п санын m санына
бөлінетіндігі.
Тура есепті кері есепке түрлендіру барысында шамалардың арасындағы өзара кері байланыстың көмегімен
күрделі пайымдаулар жасап, логикалық ой қорыту тақырыптың мақсаты болып табылады.Осы мақсатқа жету
үшін мынандай міндеттер орындалады:
1)
Кері есептерді құрастыру алгоритмін оқып-үйрену.
2)
Кері есептер құрастыруға болатын есептерді анықтау.
3)
Қозғалысқа берілген есептерге кері есептер құрастыру.
4)
Басқа да тақырыптарға берілген есептерге кері есептер құрастыру.
Ақпараттардың тура және кері түрде бір мезетте қабылдануының маңызды екенін түсіну арқылы кері есептер
әдісінің қажеттілігіне көз жеткізу тақырыптың өзектілігі болып табылады.
Математиканың әрбір саласындағы кері есептер әдісінің алатын орнын зерттеу. Егер кері есептер әдісін терең
үйреніп, терең меңгеріп, оны есептер құрастырып шығаруда қолдансақ, онда тақырыптың мазмұны толық
ашылар еді.
Достарыңызбен бөлісу: |