1.
Қозғалысқа берілген есептерге кері есептер
Есеп [1]:
Бір мезгілде екі қаладан екі жүк поезы қарама-қарсы жолға шықты. Олар 7 сағаттан кейін кездесті. Бірінші
поездың жылдамдығы 60км/сағ, екінші поездың жылдамдығы 80км/сағ. Қалалардың арақашықтығын тап.
7 сағат, 60км/сағ, 80км/сағ,
Шешуі: 7 * (60+80)=980
Жауабы: 980км.
Кері есептер:
1. Бір мезгілде екі қаладан екі жүк поезы қарама-қарсы жолға шықты. Қалалардың арақашықтығы 980км.
Бірінші поездың жылдамдығы 60км/сағ, екінші поездың жылдамдығы 80км/сағ. Олар неше сағаттан кейін
кездесті?
, 60км/сағ, 80км/сағ, 980км.
Шешуі: 980: (60+80)=7
Жауабы: 7 сағат.
2. Бір мезгілде екі қаладан екі жүк поезы қарама-қарсы жолға шықты. Олар 7 сағаттан кейін кездесті.
Қалалардың арақашықтығы 980км, бірінші поездың жылдамдығы 60км/сағ, екінші поездың жылдамдығын тап.
7 сағат, 60км/сағ, , 980км.
Шешуі: 980:7-60=80
Жауабы: 80км/сағ.
Берілген есепке кері есептер құрастырғанда мынадай мәселе басшылыққа алынады. Есептің берілсінде қанша
белгілі сан мәні болса, сонша кері есеп құрастыуға болады. Мысалы, жоғарыдағы есепте үш белгілі шама бар,
ендеше, бұл есепке үш кері есеп құрастыруға болады. Үшінші кері есеп тура екінші кері есеп сияқты
құрастырылады. Берілген есепті және кері есептерді шешуге қажетті математикалық тәуелділік пен амалдардың
әр түрлі екенін көруге болады.
227
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
2.
Сандық логикалық есептер
№1. Жылқыға жем беру туралы есеп.
Біреу алты жылқысына күн сайын он қадақ сұлы беріп жүреді екен. Жем жылқының жасына қарай бөлінеді:
үш қадақ – биеге, екі қадақ – құнандарға, бір қадақ – тай басына беріледі. Мал иесі үйіне алыстан келіп, қонақ
болып отырған жекжатына соны тіршілігін айтып қалады. Сонда бие нешеу, құнан нешеу, тай нешеу болғаны?
Шешуі: Бие – х, құнан – у, тай – z десек,
теңдеулер шешуге әкеледі, яғни үш айнымалысы бар екі теңдеу және х, у, z
натурал екенін ескерсек бірінші теңдеуден екінші теңдеуді шегеріп 2х+у=4 теңдеуін аламыз. Бұдан у=4-2х=2(2-
2х). х=1 деп алсақ, у=2, z=3 болады. Бұл шартқа қойып, х=2 деп алсақ, у теріс сан болады.
Жауабы: бие – 1, құана – 2, тай – 3.
№2. Бес саулық туралы есеп.
Ауыл ақсақалының төрт ұлы болыпты. Олардың үшеуі өз алдына отау тігіп кетіпті. Ақсақал төртінші
баласын үйлендіріп, оның алдына бес саулық салып беруді ойлауды. Бір күні ол үш ұлына үйлеріне барып,
бәрінің қойы 41 бас екенін біліп қайтады. Оларды шақырып алып: « Әрқайсын қойларыңды төртке бөліп,
бөлінбей қалғанын кенже інілеріңе беріндер» - дейді. Үш жігіт бөлінбей қалған қойларын кенже інілеріңе
береді. Екеуінің қойын менікінен артық, енді теңесті – дейді үш жігіттің біреуі. Бұл үшеулерінің қойлары
алғашында қанша болған? (13,14,14)
Шешуі: Меймандар саны 3-ке, 2-ге бөлінетінін байқаймыз, ендеше меймандар санын 6х деп, табақ санын у
деп
белгілейік.
Сонда
жүйесі шығады. бұдан яғни меймандар саны 6*2=12, ал табақ саны 2х+1=2*2+1 болады.
Қорытынды
Кері есептер әдісін қолдана отырып, мен есептерді қарастырдым. Қарастыра келе кері есептер әдісінен
көптеген жаңа мағлұматтар алдым, кері есептер әдісін қолдана отырып, осы есептерді шығарып, математикада
кері есептер әдісі өте маңызды екенін көрсеттім. Мұндай есептерді шығару барысында олардың бастапқы
берілген шарттарын жан-жақты талқылауға., берілген шамалардың мән-мағынасын анықтауға, сондай-ақ ол
есепті шешудің жолын талдауға аса назар аудару қажет. Кері есептер әдісін қолданғанда тақырыптың мазмұны
теренірек ашылып, күнделікті өмірде математиканы қолдана білуге қажетті білімдер, іскерліктер мен дағдылар
қалыптасатынын көруге болады.
Жоғарыдағы шығарылған есептерді, істеген жұмыстарды қолдау білдіріп, мұндай материалдарды
мектептерге мұғалімдерге құрал ретінде пайдалы болуы да есептелінген.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1.
Алдамұратова Т.А. «Математика» 5-сынып. Алматы «Атамұра» 2005.
2.
Макарычев Ю.Н. Баймұханов Б. Алгебра 8 - сынып .Алматы «Просвещение-Қазақстан» 2004.
3.
Фридман Л.М. Турецкий Е.Н. Как научится решать задачи. Москва «Просвещение» 1984.
4.
Эрднеев П.М. Эрднеев Б.П. Укрупнение дидактических единиц в обучении математике. Москва
«Просвещение» 1986.
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖАҢА АТАУЛАР
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім академиясының
базалық мекемесі №51 гимназия
Ғылыми жетекші: Қарағұлова Б. С Филология ғылымдарының кандидаты, доценті
Дайындаған: Ізтаев Әлишер
6 «Б» класс оқушысы
Жетекші: Аманжолова Ж. А. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
228
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
КІРІСПЕ
Еліміздің саяси және әлеуметтік жағдайы қарқынды дамып жатқан кезең қоғамның барлық саласына
жаңалық әкелетіні белгілі. Ал қоғамдағы болып жатқан жаңалықтармен бірге тілде де жаңа сөздер мен сөз
тіркестері, жаңа терминдер пайда болады. Тілде жаңа сөздер мен терминдердің пайда болуының себебі нақты
өмір жағдайларына сай, қоғамның қарым-қатынастағы нақты сұраныстарға жауап беруі. Ал тілде жаңа сөздер
мен терминдердің пайда болуы және оның қолданысқа енуі лингвистер назарынан тыс қалған емес. Осы
бағытта қазіргі таңда қазақ тілінде пайда болған жаңа қолданыстарды зерттеу тіл біліміндегі өзекті
мәселелердің бірі болып табылады.
Қазіргі кезеңдегі саяси және экономикалық қайта құрулар сипаты тілге де өз өрнегін салуда. Әсіресе, бұл
тілдің лексикалық және сөзжасамдық жүйесінен көрінеді. Жаңа сөздердің тілде пайда болуы мен қолданылуы
лингвистерді бұрыннан-ақ толғандырған. Бірақ оның өзектілігі бүгінгі таңда айқынырақ саралануда. Көптеген
зерттеушілердің айтуынша, бүгінгі бұқаралық ақпарат құралдарында «неологиялық жарылыс» (неологический
взрыв) орын алуда.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бұл жұмыстың өзектілігі де осы тілімізде жаңа атаулардың пайда
болуымен байланысты, яғни олардың пайда болуымен тілімізде жаңа сала – неология саласының
қалаптасуымен байланысты. Неология саласы тілімізде әлі қалыптаса қоймаған, бірақ зерттеуді қажет ететін
жаңа салалардың бірі. Сондықтан жұмысымыздың тақырыбы өзекті деп есептейміз.
Жобаның жаңалығы ─ қазіргі қазақ тілінде жаппай пайда болып жатырған жаңа атау, олардың термин
қатарына өткен көне сөздерді жинақтап, оларға сипаттама беруі мен оларды терминтану бағытына сай
мазмұндауы, неология ғылымымен сабақтастыра қарауы.
Зерттеу жұмысының мақсаты – қазақ тілінде пайда болып жатқан жаңа атауларды қарастыра
отырып, олардың мағынасына лингвистикалық талдаулар жасау, неологияны лингвистиканың жаңа саласы
сапасында қарастыру.
Бұл мақсатқа жетудегі туындайтын міндеттер:
11.
Тілімізде пайда болған жаңа атауларды жинақтау;
12.
Олардың (неологизм) түсініктерін анықтау;
13.
Неология ғылымының нысаны мен терминдену үдерісінің байланысын анықтау;
14.
Неологизмдерді зерттеу бағыты мен теориясын сипаттау;
15.
Неологизм типтерін айқындау.
Зерттеу жұмысында қолданылған әдіс-тәсілдер. Зерттеу жұмысын орындау барысында талдау, жинақтау,
салыстыру әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының практикалық және теориялық маңызы- зерттеу жұмысының нәтижелерін жоғары
оқу орындарында «Қазақ тілі», «Терминология» салаларында, мектеп бағдарламасында қазақ тілі сабағында
неологизм, термин тақырыптарында теориялық және практикалық материалдар ретінде қолдануға болады.
Зерттеу жұмысының мазмұны кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер
тізімінен тұрады.
Зерттеу кезеңдері:
І кезең(2012 жылы) - материалдарды жинақтау кезеңі;
229
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
ІІ
кезең
(2013жылы)
-
талдау,
салыстыру,
қорғау,
қолдану
кезеңі;
ІІІ кезең (2014жылы)- толықтыру, кітапша шығару кезеңі.
Тіліміздегі жаңа сөздердің пайда болуы немесе көненің қайта жаңғыруы қоғамда жаңа заттың, құбылыстың
пайда болуымен байланысты. Тіл білімінде 20-ғасырдың 20-шы жылдарында Италияда неолингвистика бағыты
пайда болды. Бұл бағыттың өкілдерінде біртұтас көзқарас жоқ. Неолингвистер тілді индивидуалды құбылыс,
тілдегі әрбір сөздің жеке дара себебі бар деп есептейді.
І. НЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ТИПТЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ
Лексикалық жаңа жасалымдар тілде көп және алуан түрлі, сондықтан да зерттеушілер оларды жіктеуге
әрекет жасайды. Жіктеуде түрлі белгілер не ұстанымдар негізге алынады: формалдық, семантикалық,
парадигматикалық, синтагматикалық, әлеуметтік лингвистикалық т.б. Сондықтан зерттеулерде кездесетін
жіктемелерде бір зерттеушілер жалпы лексиканы жіктеудегі белгілерді басшылыққа алса, екіншілері тек
неологизмге ғана тән белгілерді негізге алады. Енді қолданыста жүрген неологизмдер жіктеліміне нақты
тоқталамыз.
1.1.Тілдік бірлік түрі бойынша неологизм түрлері:
Тілдік бірлік түріне байланысты неологизмдер неолексемалар, неофраземалар, неосемемалар
(сөздер мен фразеологизмдер) болып бөлінеді. Неолексемалар деп өзге тілден енген жаңа сөздерді не жаңа
құрылымдарды атайды. Мысалы: имидж, киллер, рейв, рэп, чизбургер, туалет → биотуалет, бомж т.б.
Неофраземалар деп идиомалық семантикаға ие жаңа тұрақты сөз тіркестері мен фразеологизмдерді атайды.
Мысалы, қайта құру кезінде қалыптасқан тұрақты жаңа сөз тіркестері мыналар: Ақ үй, сенім несиесі, құқықтық
мемлекет, табыс туралы декларация, жарнамалық үзіліс т.с.с. Неосемемалар дегеніміз — көнерген сөздер
мен фразеологизмдердің жаңа мағыналары. Мысалы, экология сөзінің «тазалық, дұрыстық, үндестік, тазалыққа
қамқорлық» деген жаңа ауыспалы мағынасы пайда болды. Мысалы, рух экологиясы, тіл экологиясы, мәдениет
экологиясы т.с.с.
Н.З.Котелованың пікірінше, неологияны өз зерттеу нысаны бар жаңа ғылым ретінде
қарастырар болсақ, төмендегі мәселелер де оның зерттеу нысанына енеді:
а) көнерген сөздің жаңа мәнге ие болуы, мысалы, ескі сөздің тұтастай не жеке мағыналарының
терминденуі немесе «уақыттық» не стилистикалық реңкінің өзгеруі;
ә) сөзөзгерім жүйесінің жаңа формаға ауысуы: түрленбейтін сын есімдердің шырай категориясын
алуы, не көптік формада түрленбейтін зат есімдердің көптік формасын қабылдауы;
б) сөздің жаңа тіркесім түзуі;
в) сөздің жаңа лексика-грамматикалық қызметі, мысалы, жаңа модельдерде шылаулардың не
тұрақты бір сөздердің қолданылуы: гигант цех, гигант қала, автомат-диспетчер, автомат-секретарь т.с.с.
[10,8].
1.2.Тілдік бірліктердің жаңалану дәрежесіне байланысты неологизм түрлері:
Тілдік бірліктердің жаңалану дәрежесіне байланысты неологизмдер екіге бөлінеді:
а) абсолютты,
ә) қатыстық.
Қатыстық неологизмдерді кейде функционалды неологизмдер не өзектіленген сөздер деп те атайды.
Абсолютты неологизмдерге әдетте нақты сипаттамалы анықтама берілмей келеді. Оның негізгі сипаты тілде
бұрын-соңды болмағандығымен анықталады. Мысалы, бомж, массмедиа т.б.
230
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
Қатыстық неологизмдер категориясы орыс тіл білімінде Т.Н.Поповцеваның зерттеуінде танылған. Бұл
неологизмдер қатарына тілде бұрыннан бар тіл бірліктерінің жаңалануы жатқызылады. Осы қатарға жататын
сөздер тобына нақты тоқталайық:
1) «Қайта оралған лексика» жатады. Бұл қолданыста белсенділігі төмен сөздер мен көнерген сөздердің соңғы
кезеңде белсенді қолданылуынан пайда болып қордаланады. Бұл кезде белсенділенген сөздердің бастапқы
мағыналары мен стилдік реңктері сақталады.
«Қайта оралған лексика» қатарына терминдік сипаттағы діни сөздер де жатады. Сонымен бірге бұл
қатарға мемлекеттік органдар мен білім беру орындарының бұрынғы атауларының қайта қолданыстағы
белсенділенуі нәтижесіндегі сөздер де жатады: гимназия, лицей, гильдия т.б.
2) Әдеби тілде бұрыннан белсенді қолданылатын, бірақ соңғы кезде жаңа мәнге ие болған сөздер.
Демеу, демеуші сөздері әдеби тіліміздегі белсенді қолданыстағы сөз болса, кейінгі кезеңде демеушілік
жасаушы мәнін арқалайды.
3) Тілдің өз ішіндегі ауысу нәтижесіндегі сөздер. Бұл тілдің ауызекі сөйлеу жүйесінен,
терминжүйесінен, арго және жарго, диалект, арнайы кәсіби лексикадан әдеби тілге тілдік бірліктің ауысуы
нәтижесінде пайда болады. Мысалы, арнайы лексикаға жататын мына терминдерді түсінбейтін тіл тұтынушысы
жоққа тән: СПИД, ВИЧ-инфекция, мануальды терапия, жастар мәдениетіне тән жаргон сөздер: пирсинг, рэп,
тусовка, бизнес пен қаржы ісі терминдері: бартер, брокер, инфляция.
Көнерген сөздердің жаңғыру жолдарын, оның тілімізге қалыптасуын зерттеу кәзіргі таңдағы өзекті
мәселелердің бірі. Ал зерттеу нәтижелелері неология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасуына себебін
тигізері сөзсіз.
1.4.Жасалу тәсіліне қатысты неологизм түрлері:
Неологизмдер жасалу тәсіліне қарай үш топқа бөлінеді:
1) кірме,
2) сөзжасамдық,
3) семантикалық.
Кірме неологизмдердің өзі іштей сыртқы, яғни өзге тілден енген және ішкі, яғни бір тілдің өз ішіндегі
кірме неологизмдер деп екіге бөлінеді. Кірме сыртқы неологизмдерге тілдің, тіл тұтынушысының
қажеттілігінен өзге тілден енген бірліктер жатса, ішкі неологизмдерге терминжүйеден, жаргон мен диалектіден
әдеби нормаға көшкен сөздер жатқызылады.
келмейтін сөздер жатады. Мысалы, комок (комиссиялық дүкен), совок (кеңес адамы).
1.3.Жаңа сөздердің өзге де жіктелімі:
Р.Ю.Намитокова жаңа сөздерді былайша топтастырады:
Жаңа сөз:
1) неологизмдер
2) жаңа құрылымдар:
2.1авторлық:
2.1.1 көркем
231
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
2.1.2 ғылыми
2.2 авторлық емес
2.2.1 ауызекі сөйлеуегі
2.2.2 бала тіліндегі
Авторлық ғылыми неологизмдерге ғылыми стильде ғалымдар тарапынан ұсынылған жаңа бірліктер
жатқызылады. Мысалы, тіл экологиясы, лингвоэкология, лингвоцид деген тәрізді неологизмдерді атауға болады.
Авторлық көркем неологизмнен авторлық ғылыми неолгизмнің айырмашылығы мынада: авторлық ғылыми
неологизмге тілге енгізілмес бұрын оның солай аталуының уәждемесі міндетті түрде беріледі.
Тіл экологиясы терминін ғылыми айналысқа енгізген Л.И.Скворцов болса, лингвоэкология, лингвоцид
терминдерінің авторы А.П.Сковородников. Олар өз терминдерінің ұсынылуын негіздеген. Соның бірін
келтіретін болсақ: «Экоцид деген экологиялық термин бар, ол адамды қоршаған табиғи ортаның бұзылуын,
экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуын білдіреді. Осы термин үлгісімен лингвоцид терминін лингвистикаға
енгізуге болады. Ол термин қандайда бір халықтың тілін жаншу мен кемсітуді, саяси шек қоюды білдіреді».
Михаил Эпштейн жаңа сөздерді былайша топтастыруды ұсынады:
1) футурологизмдер;
2) актуализмдер;
3) экспрессизмдер;
4) протоголизмдер;
Футурологизмдер дегеніміз — futuroloqism, «будесловие» деген сөзден шыққан, неологизмнің бір түрі, әлі
шындықта жоқ, бірақ болуы ықтимал зат не құбылыс атауын білдіретін жаңа сөз.
Футурологизмдер бұрыннан тілде бар. Мысалы, робот деген сөз 1920 жылы ағайынды Чапектермен
енгізілген, оның бірі жазушы, екіншісі суретші болған, сол тәрізді американдық фантастик У.Гибсон 1984
жылы киберспейс, киберпанк сөздерін енгізген.
Футурологизмдер — өздері таңбалайтын құбылыстан бұрын пайда болатын сөздер, сол сөздердің
қолданылуы таңбаланатын құбылыстардың шындыққа айналуын қалыптастырады.
Қазіргі тілде футурологизмдер қатарына мына сөздерді жатқызуға болады:
ВиртонАвтика — үшөлшемді виртуалды әлемге саяхат жасаушы;
синтеллЕкт — электронды қарым-қатынас желісі арқылы жеке дара саналардың интеграциялануы,
саналардың жинақталуы, бүкіладамзаттық нейро-кванттық миды құрудың жоғары деңгейі;
Актуализмдер — өзі таңбалайтын құбылыспен бірге не сәл кейін тілде пайда болатын неологизмдер.
Актуализм өмірдегі жаңа құбылыстардың сұранысына жауап береді. Мысалы, пиар, йогурт, маркетинг, ваучер
т.с.с.
Экспрессизмдер дегеніміз — көркем әдеби мақсатта пайда болған жаңа сөздер, өзге зерттеушілерде
бұл авторлық неологизмдер не окказионолизмдер деп аталып жүр.
Протоголизмдер дегеніміз — тілге енгізу үшін жасалып ұсынылған, бірақ өзге тұтынушылар
тарапынан қолданысқа түспеген жаңа сөздер. Басқаша айтқанда, неологизмге әлі айнала қоймаған жаңа сөз, ол
232
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
пайда болғаннан соң кем дегенде үш-төрт автордың қолданысында көрініс тапса, онда ол неологизмге айналған
болып саналады.
ҚОРЫТЫНДЫ
1. Зерттеу барысында қазақ тілінің терминологиясында ерекше терминологиялық жүйе ретінде орын алатын
терминдердің тек тілдік тұрғыдан ғана емес, сол салаға қатысты теорияда қалай анықталатындығы негізге
алынып үш түрлі қырынан кешенді түрде анықтала алатындығы айқындалды: заттық, қисындық, тілдік.
2. Көнерген сөздердің (ескі сөздердің не тарихи сөздер мен архаизмдердің) қоғамда соларға қатысты
ұғымдардың сол күйінде, не ұқсас сипатта қайта оралуына сай терминдік қатарда неологизм сапасында таныла
алады. Және бұл құбылыс неология ғылымы мен терминжүйеде қатар қарастырыла алады.
3. Ақиқат өмірмен, шындықпен тығыз байланыстағы тілдік бірліктер тілдің терминологиялық жүйесінде
орын алады. Осы тілдік бірліктер жүйесін сыртқы экстралингвистикалық мәнділіктермен байланысты қарау
белгілі бір терминологиялық өріске жататын ұғымдық атаулар жүйесінің құрылымын, қалыптасу
заңдылықтарын, үрдістерін айқындауға мүмкіндік береді.
4. Нақты бір терминологиялық жүйе аясындағы аударматану терминдерінің таңбалануы ономасиологиялық
зерттеуді қажет етсе, ал терминнің концептуалдық құрылымы, когнитивтік семантикасы жасанды интеллектінің
маңызды ұғымы «ғалам үлгісі», «когнитивтік үлгімен» астасуының концептуалдық табиғатын анықтауды қажет
етеді. Сондықтан терминдердің когнитивтік мәні семасиологиялық, ономасиологиялық әдістер мен когнитивтік
тұрғыдан ұштастыра зерттелді.
5. Көнерген сөздердің терминдік қатарда танылып жаңа сөзге айналуы ғылымның барлық салаларында да
кездеседі және олардың терминжасамға қатысы сөзжасамның барлық тәсілдерімен жүзеге асады.
6. Ғылыми ұғымды білдіретін лексемалардың тілдік санада қалыптасуын, концептілік танымға айналу
жолдарын айқындау үшін концептуалдық-менталдық ерекшеліктері мен атау мәнді күрделі құрылымдардың
ішкі мағыналық, семалық белгілері анықталып, терминдердің дефиницияларын жасауда пайдаланылды.
7. Көне сөздердің неологизмденуі семантикалық деривация арқылы жүзеге асады. Оның сыртқы және ішкі
кірме неологизмдік сипаты бар. Осынысымен көне сөздер неологияның да зерттеу нысанына енеді.
8. Неология — неологизмдерді зерттейтін лингвистиканың жаңа саласы. Көне сөздердің неологизмденуі
барлық салада көрініс тапқан. Оның бірі көне сөздердің терминденуінен байқалады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Попова Т.В. Русская неология и неография. – ГОУ ВПО УГТУ-УПИ ─ 2005
Лыков А.Г. Современная русская лексикология. - M, 1976
Калинин А.В. Лексика русского языка. - M, 1966
Сенько Е.В. Инновации в современном русском языке. – Владикавказ, 1994
Гак В.Г. О современной французской неологии // Новые слова и словари новых слов. ─ Л., 1978.-C.6-9.
Козырев В.А., Черняк В.Д. Русская лексикография. ─ M., 2004.- C.69 - 83
Котолева Н.З. Первый опыт лексикографического описания русских неологизмов // Новые слова и
словари новых слов. – Л., 1978.- C. 8-9
11. Құрманбайұлы Ш. Терминқор қалыптастыру көздері мен терминжасам
тәсілдері (Барлық сала мамандарына арналған әдістемелік құрал). –
Алматы, 2005
12.Сыздықова. Р. Сөздер сөйлейді. Алматы, 2004.
233
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
13.Терминдердің бір тобы бекітілді. «Егеменді Қазақстан», 2003. №87, 88,
(12 сәуір).
14.Ө. Айтбаев. Қазақ сөзі. Алматы «Рауан» 1997. 183б.
15.Ө. Айтбаев. Қазақ сөзі. Алматы «Рауан» 1997. 13б.
16.Ө.Айтбаев. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы. Алматы
«Ғылым» 1998.
17.Реформатский А.А. Мысли о терминологии // Современные проблемы
русской терминологии – М., 1986- C. 165-198
18.Суперенская А.В. Иванова Г.А. О семантике и прагматике
синонимичных терминологических сочетании (на материале русской
лингвистической терминологии) http: // Gooqle.ru
19.Қайдар Ә.Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас. Алматы, 1993.
20. Брагина А.А. Значение термина и научное знание. – М., 2003.
21.Садирова К.Қ. Қолданбалы терминология мәселелері. Оқу құралы. Ақтөбе, 2007.-101б.
АРНАУ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім академиясының
базалық мекемесі №51 гимназия
Ғылыми жетекші: Тілеуова А. З. Филология ғылымдарының кандидаты, доценті
Дайындаған: Ізтаев Әлишер
6 «Б» класс оқушысы
Жетекші: Аманжолова Ж. А. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Кіріспе
Қазақ поэзиясында ғана емес, жалпы әдебиеттану ғылымында жанр мәселесін зерттеу, олардың жанрлық түр
ретіндегі өзіндік ерекшелігін ашып көрсету ісі кейінгі жылдары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Өз алдына
жанрлық түр ретінде зерттелмей келген ауыз әдебиетімізге де, жазба әдебиетімізге де ортақ қазақ поэзиясының
күрделі саласының бірі- арнау өлеңдер.
Арнау өлеңдер туралы бірді-екілі пікірлер негізінен ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің әр түрлі жанрларын
зерттеуге байланысты айтылып келді. Бұл турасында Б.Уақатов арнауларды халық өлеңдерінің бір саласы
ретінде, Н.Төреқұлов, К. Сейдеханов кейінгі дәуірде жалғастық тапқан жанр ретінде, Б.Кәрібозов қазақ
поэзиясындағы лирикалық өлеңдер қатарында, М.Мырзахмет, Қ.Өмірәлиев отаршылдық дәуір әдебиетіндегі
негізгі тақырыптардың бірі ретінде сөз етсе, арнау өлеңдерге теориялық жағынан З.Қабдолов, З.Ахметов,
Д.Ысқақов анықтама береді. Сондай-ақ қазақ фольклорындағы қара өлең, толғау, терме жанрын сөз еткен
А.Сейдімбек еңбектерінде арнау өлеңдер басқа жанрлармен салыстырыла талданады.
Арнау өлеңдер көптеген халықтардың әдебиеттану ғылымында арнайы жанр ретінде зерттелген.
Тамырын тереңнен алып, бүгінгі күнге дейінгі әдебиетіміздің сарқылмас бұлағына айналып отырған арнау
өлеңдердің туу, қалыптасу, даму кезеңдерін, жанрлық, көркемдік ерекшелігін екшеп, айшықтап көрсету
маңызды деп санаймыз.
Ғылыми жұмысымыз үш бөлімнен тұрады. Бірінші тарауында әдебиеттану ғылымындағы жанр мәселесімен
қатар ауыз әдебиетімізден бастау алып, ежелгі дәуір әдебиетіміз, жыраулық поэзиямыз, кейінгі поэзиялық
түрлеріміздің ұзақ тарихында өзінің туу, қалыптасу, даму, өркендеу, өзгеру қасиеттерімен сақталып келе
жатқан арнау өлеңдер кезінде де, бүгін де ауыз әдебиетіміз бен жазба әдебиетіміздің ауыр жүгін көтерген,
234
Республикалық 45minut.kz басылымы топтамасы
уақыт тудырған жанрлық түр екендігі баяндалып, терме, толғау, жоқтау, мақтау секілді жанрлық түрлермен
салыстырыла қарастырылады.
Жұмысымыздың екінші тарауында қазақ халқының бай фольклорына, әдебиетіміздің мол саласы болып
отырған арнау өлеңдердің даму тарихы жүйеленіп көрсетілген және әр кезеңнің өзіне тән ерекшелігі ғылыми
тұрғыда тұжырымдалған.
Үшінші тарауда арнау өлеңдерде қолданылған көркемдік тәсіл, көркемдік құралдардың мазмұндық,
тақырыптық жағынан ғана емес, көркемдік бейне жағынан да жетіле, ширай түскені талдау барысында нақты
мысалдар келтіріле отырып баяндалған.
Қазақ поэзиясы рухани өміріміздің негізгі салаларының бірі десек, оған сүйсіну, қызығу, оны танып-білуге,
зерттеуге деген ұмытылыс аз емес. Осы ғылыми жұмыс жас ұрпақтың кенжелеу қалып келген арнау өлеңдердің
табиғатын тануына зор мүмкіндік беретіне сенімдіміз.
Достарыңызбен бөлісу: |