Пайдаланатын дереккөздер:
Әбдезұлы Қ. Тәуелсіздік кезеңі және қазақ әдебиеті: оқу құралы. – Алматы: “Қазақ университеті”, 2012. – 243 бет.
Аманшин Б. Махамбеттің тағдыры: роман және әдеби зерттеулер. – Алматы, – 1991. – 400 б.
Боранғалиұлы Т. Жәңгір хан. – Алматы: Абзал-Ай, - 2014. – 528 б.
Досмұхамедұлы Х. Исатай-Махамбет. – Алматы, 1991. – 225 б.
Жүсіп Қ. Махамбеттану мәселелері. –Алматы, 2006. – 110 б.
Кенжалиев И. Исатай-Махамбет. – Алматы, 1991. – 192 б.
Махамбет Өтемісұлы. Жинақ. –Алматы, 2004. - 312 б.
Мәдібаева Қ.Қ. Махамбеттану ақындық әлемі таңдау курсы. Оқу-әдістемелік құралы. – Алматы: «Қазақ университеті». - 2011. – 46 б.
Мәдібаева Қ.Қ. Махамбеттану арнаулы курсы. Оқу-әдістемелік құралы. – Алматы: «Қазақ университеті». - 2008. - 29 б.
Өтемісұлы М. Шығармаларының төрт томдық академиялық жинағы. Құрастырғандар: Егеубаев А.Қ., Раев Қ.М. – Алматы, - 2003. – 504 б.
Майтанов Б. Махамбеттің автопортреті. // Қазақ әдебиеті. – 12 қыркүйек. - 2003.
Дулат Бабатайұлы, Махамбет Өтемісұлы, т.б. шығармалары. – Алматы: «Нұрлы Press.kz», 2014 - 288 б. –
7 - тәжірибелік сабақ
Тақырыбы:
XIX ғасыр әдебиетіндегі қисса-дастандар мен діни-тәлімгерлік бағыттағы әдебиет. XIX ғасыр әдебиетіндегі қисса-өлең дәстүрінің ғылыми негізделуі, жүйеленуі.
Сабақтың мақсаты:
XIX ғасыр әдебиетіндегі қисса-дастандар мен діни-тәлімгерлік бағыттағы әдебиетті, оның дәстүрінің ғылыми жүйеленуін саралау, талдау, бағалау, өз пікірлерін, ұстанымдарын білдіруге дағдыландыру.
Негізгі сұрақтар және әдістемелік нұсқаулар:
1. "Сал-сал", "Зарқұм", "Сейфүлмәлік", "Бозжігіт", "Мұңлық-Зарлық", "Шәкір-Шәкірат", "Жүсіп-Злиха", "Жұмжұма",т.б. Ежелгі нәзира дәстүрінде қайта жаңғырған қисса-дастандар. Қисса-дастандардағы "Құран", "Мың бір түн", "Тотынама", "Дахнама" желілері. (Ұйымдастырушы топ) Слайд (заманауи форматта). (1 топ). 10 минут
2. XIX ғасыр әдебиетіндегі қисса-өлең дәстүрінің ғылыми негізделуі, жүйеленуі. Қисса-дастандардың түрге бөлінуі. Ш.Уәлиханов, В. Радлов, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ә.Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев, З.Ахметов, Р.Бердібаев, М.Мырзахметұлы, Қ.Өмірәлиев, Ө.Күмісбаев, А.Қыраубайқызы, Б.Әзібаева, А.Жақсылықов, З.Сейітжанұлы, У.Қалижанұлы, т.б. ғылыми-зерттеу еңбектері. Хронологиялық кесте ұсыну. 2-топ. 5 минут.
3. Ақылбек ибн Сабал, Шәді Жәңгірұлы әдеби мұраларын «INSERT» әдісі арқылы сараптаңыз. (3 топ) 7 минут.
4. Жүсіпбек Шайхұсламұлы, Мәулекей Жұмаш әдеби мұрасына сараптама жасау. Сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асыру. 5-7 минут. (4 топ).
5. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармашылығының ғылыми тұрғыда зерттелуі. 4 бет(жазбаша нұсқада), (5 топ), 7 минут.
6. Кашафуддин бек Шахмардан, Мақыш Қалтай, Ақмолда шығармаларын саралай талдау. (6 топ). 10 минут.
Достарыңызбен бөлісу: |