Семинар «Отаршылдық дәуірдегі әдебиет»


Соңы. Рефлексия. 5 минут. Кері байланыс. Әр топ өз қалауынша жасайды. Пайдаланатын дереккөздер



бет9/12
Дата11.12.2023
өлшемі53,98 Kb.
#137386
түріСеминар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Соңы. Рефлексия. 5 минут. Кері байланыс. Әр топ өз қалауынша жасайды.
Пайдаланатын дереккөздер:
1. Қазақ фольклоры текстологиясының кейбір мәселелері. Әдебиет және өнер
институты. –Алматы, 2004. –114 б.
2. Бабалар сөзі. Жүз томдық. – Астана: Фолиант, 2004. –Т.10. – 448 б.
3. Бекбосынов М.Н. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. - Семей, 2008.- 114 б.
4. Сүйінбай А. Бөрілі менің байрағым: Жыр толғау, айтыстар, естеліктер.
–Алматы:, 2009.- 271 б.
5. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011.
6.Интернет дереккөздер.
9 - тәжірибелік сабақ

Тақырыбы:
ХІХ ғасыр әдебиетіндегі Қоқан езгісіне қарсылық сарынның қалыптасуы.


Сабақтың мақсаты:
ХІХ ғасыр әдебиетіндегі Қоқан езгісіне қарсылық сарынның қалыптасуын зерттеу, сол кезеңдегі ақындар мұрасын саралау, талдау, әдеби сараптама жасау.

Негізгі сұрақтар және әдістемелік нұсқаулар:
1. ХІХ ғасыр әдебиетіндегі Қоқан езгісіне қарсылық сарынның қалыптасуы. Қоқан хандығының әлеуметтік саяси жағдайы. Әлеуметтік сипаты. Мәделі Жүсіпқожаұлы шығармашылығының мәні, зерттелуі. Ақпарат-мәліметтерді тарихи-әдеби тұрғыда жинақтау. (Ұйымдастырушы топ) Слайд (заманауи форматта), (1 топ). 7 минут
2. Майлықожа Сұлтанқожаұлының ақындық мұрасы. Мысалдары. Термелері. Айтыстары. Назирагөйлік дәстүрмен аударылған шығармаларын ПОПС формуласы арқылы саралау. (2-топ). 10 минут.
3. Құлыншақ Кемелұлы шығармалары. «Келбайға», «Дүйсенбайға» атты арнаулары. Айтыстары. Жазба айтыс үлгісін қалыптастырып, дамытуы. Әдеби сипаттама. (3 топ) 7 минут.
4. Бұдабай Қабылұлы шығармашылығы. «Әйекені жоқтау» деп аталатын жоқтау жыры. Айтыстары. Өлеңдерінің біріне әдеби-теориялық талдау жасау. 5-7 минут. (4 топ).
5. Базар Оңдасұлы өмірі мен әдеби мұрасы. Өмірі, мұрасы, зерттелу, басылым жайы. «Айна-тарақ», «Әминә қыз», «Мақпал-Сегіз» дастандары. Термелері. Слайд. (5 топ), 7 минут.
6. Мәделі Жүсіпқожаұлы шығармашылығы. Лирикалық-дидактикалық толғау өлеңдері. Айтыстары. Әдеби зерттеу жасау. (6 топ). 10 минут.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет