Семинар «Отаршылдық дәуірдегі әдебиет»



бет6/12
Дата11.12.2023
өлшемі53,98 Kb.
#137386
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Отаршылдық дәуірдегі әдебиет пәнінен тәжірибелік(семинар)-emirsaba.org

6 - тәжірибелік сабақ

Тақырыбы:
Дәстүрлі жыраулық поэзия және Махамбет. Махамбет дәстүрін жалғастырушылар. Шернияз Жарылғасұлы, Алмажан Азаматқызы шығармаларын көркемдік-идеялық тұрғыдан оқыту.


Сабақтың мақсаты:
Махамбет Өтемісұлы әдеби-сыни мұрасын білім алушыларға түсіндіру, саралау, талдау және бағалау әрекеттері арқылы өз пікірлерін, ұстанымдарын білдіруге дағдыландыру.

Негізгі сұрақтар және әдістемелік нұсқаулар:
1. Махамбет поэзиясының дәстүрлі жыраулық өлең үлгісімен сабақтастығы. Шәлгез, Ақтамберді, Доспамбет т.б. жыраулар шығармасымен салыстыра саралау. (1 топ). 10 минут
2. Махамбет дәстүрін жалғастырушылар. Шернияз Жарылғасұлы. Исатайға арнаған өлеңдері. Шернияздың шешендігі. Шернияздың термелері. «Сөз сөйлеймін бөлмелеп», «Тостағанды қолға алып», т.б. шығармаларына әдеби-теориялық сараптама. 2-топ. 5 минут.
3. Махамбет дәстүрін жалғастырушы Алмажан Азаматқызы «Жетім қыз» дастанын ПОПС формуласымен дәлелдеу. (3 топ) 7 минут.
4. Махамбеттің «Мені». Махамбет және Жәңгір хан. Сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу, өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асыру. 4 бет(жазбаша нұсқада). 5-7 минут. (4 топ).
5. Шернияз Жарылғасұлы, Алмажан Азаматқызы шығармашылығының ғылыми тұрғыда зерттелуі. Нұртуған жыраудың «Ақкете Шернияз» дастанына талдау-сипаттама, Х.Досмұхамедұлы, С.Мұқанов, Х.Сүйіншәлиев, Қ.Жұмалиев, Қ.Мұқамедханов, Қ.Өмірәлиев, Б.Омарұлы, Қ.Мәдібай, т.б. ғылыми-зерттеу еңбектері. Хронологиялық кесте ұсыну (5 топ), 7 минут.
6. Дәстүрлі жыраулық поэзия және Махамбет. Махамбет дәстүрін жалғастырушылар. Шернияз өлеңдерінің құрылысына талдау. Шернияздың айтыстары (Ұйымдастырушы топ) Слайд (заманауи форматта). (6 топ). 10 минут.
Барлық топқа: «Ереуіл атқа ер салмай», "Мұнар күн", “Қызғыш құс” жырларынан өлеңді жатқа айту, мәнін ұғыну.

Соңы. Рефлексия. 5 минут. Кері байланыс. «Ауа райы» әдісі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет