Семинар (практикалық) және зертханалық сабақтардың жоспары



бет38/91
Дата07.01.2022
өлшемі2,08 Mb.
#19751
түріСеминар
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   91
Байланысты:
БМ ЕҢБЕК ТЕОРИЯСЫ МЕН ТЕХНОЛОГИЯСЫ (1)

 

№8 Тұрмыстық еңбек

Жоспар:

  1. Бастауыш сыныпта тұрмыстық еңбектің мәні мен мазмұны.

  2. Бастауыш мектепте тұрмыстық еңбектің ұйымдастырылуы

  3. Қоғамға пайдалы еңбек

  4. Бастауыш сынып оқушыларын бөлме өсімдіктерін күту

  5. Мектепте, үйде өз-өзіне қызмет ету

Мектеп оқушыларын еңбекке баулудың басты міндеттерінің бірі-балаларды негізінен еңбекке тәрбиелеу,  қоғам игілігі үшін еңбек жасату, оқушылардың еңбекке деген көзқарастарын шығармашылық қатынаста тәрбиелеу. Еңбекке баулу сабағында баланың ой-өрісінің  дамуына түсініктерінің кеңейюіне, ғылым мен техника туралы білімнің негіделуіне әсерін тигізу үшін біріншіден еңбекке баулу пәнінің мұғалімдерінің өзінің саяси сауаттылығымен бірге техникалық сауаттылығы қатар болып,  білім аясы терең әрі жан-жақты болуы  шарт. Екіншіден, өз бойындағы білімін мектептің бастауыш сатысында білім алып жатқан жас жеткіншектерге жеткізіп, асқан шеберлікпен меңгерте білу. Еңбекке баулу пәнінің міндеті-осы мақсаттарды шешуді көздейді.  Пәннің негізгі мақсаты, жалпы білім беретін орта мектептердегі оқу-тәрбие үрдісі барысында өтілетін еңбекке баулу сабағын оқытудың әдісі мен оқытудың әдіс-тәсілдерін ,формаларын игеру. Пәнге берілген жалпы сағат саны көп болмағанымен оқу материалының ауқымы көлемді. Жалпы білім беретін орта мектептерде өтілетін еңбекке баулу  сабағы жасөспірім оқушылардың еңбекке ынтасын, сабаққа ықыласын арттыруда, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуда орасан зор негіз болып табылады.  Адамдардың ең бірінші өмірлік қажеттілігі-еңбек екені,  сол арқылы өз бойындағы еңбек қабілеттерін дамытып отыратыны, үлкейе келе өзінің бойындағы асыл қасиеттерінен өмірлік нәр алатындығын мектеп табалдырығын  аттаған жасөспірімдердің бойына  ерте бастан дарыта білу керек.  Педагогика ғылымының негізгі ұстанымдары бойынша бастауыш сыныптарда өтілетін барлық пәндердің ара салмағы бірдей болып саналатындығы белгілі екенін ескерсек те дегенмен әрбір  пәннің өзіндік ерекшеліктері, мүмкіндіктері әркелкі болып келеді. Еңбек сабағы - мектеп оқушыларына жай ғана білім беріп қана қоймай, ең бастысы оқушыларды іздені паздылыққа, еңбекқорлыққа баулитын тәлім сабағы болып келеді. Еңбекке баулу сабақтары арқылы баланың бойында еңбек қабілеттері, дүниетанымдары кеңейе түсіп, олардың бәрін жинақтау қабілеттері, техникалық сауаттылықтары арта түседі.  Еңбек сабақтары арқылы баланың бойында еңбексүйгіштік қабілеттері дами түсіп адамгершілік қасиеттері қалыптасады және еңбек адамдары туралы түсініктері кеңейе түседі.  Бастауыш сыныптарда өтілетін еңбекке баулу  сабақтарында оқушылардың орныдайтын жұмыстары қаншалықты қарапайым әрі оңай болғанымен еңбек жөніндегі тәжірибесі аз балаға оны орындап шығу қиынға соғады.  Бұл  жұмыстар алғашқы күннен бастап мұғалімнің көмегімен жүзеге асырылып отырады. Сондықтан алғашқы сабақтан бастап түрлі жұмыстарды жүйелі түрде орындай білуге оқушыларды дағдыландырсақ, іске төселдірсек олардың қандай істі болса да атқара алатындығына сенімдері арта түседі. Ондай кездерде оқушы бойында еңбекке деген құштарлықтары, сабаққа ынтасы, ықыласы да арта түседі. Бастауыш сынып мұғалімдері жаңа оқу жылы бас кезінде әрбір жекелеген сыныптар үшін бөлінген сағат сандары бойынша бағдарлама талаптарына сәйкес атқаратын тапсырмаларды енгізе білуі тиіс. Еңбек сабағының  блоктық бөлімдеріндегі жұмыс түрлерін,  тапсырмаларды орындауға ыңғайлы оқу кезеңдерінің жыл мезгілдеріне байланысты рет-ретімен жоспарлай білуі тиіс.  Біріншіден, бастауыш сынып мұғалімдері еңбекке баулу сабағының тақырыптарының негізгі оқу мақсатын, сабаққа қойылатын негізгі талаптарды орындай білуі керек. Екіншіден, күнделікті өтілетін әрбір сабақты сапалы әрі жауапты түрде өткізе білуі тиіс. Аталған еңбек сабағының негізгі талаптарын орындай білуін мұғалім өз-өзінен және оқушылардан талап ете білуі шарт. Сабақтың  жемісті болуы мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді. "Сабақ мұғалім, күнбе-күн  оқушыларға білім, тәрбие беретін және жан-жақты дамытатын оқу-тәрбие прлцесінің негізгі саласы", деген Сухомлинский.  Сабақта мұғалімнің жеке басының үлгісі оқушылар үшін маңызды екені белгілі. Бұл туралы Сухомлинский былай деп  жазған : "Сабақ мұғалімнің жалпы педагогикалық мәдениетінің бет-бейнесі, оның зияттық байлығының өлшемі, оның ой-өрісінің , білімдарлығының көрсеткіші".
9.Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулу сабақтарын ұйымдастыру технологиясы

Жоспар:

1.Сабақ – еңбекке баулудың оқу-тәрбие барысын ұйымдастырудың негізгі формасы.

2.Сабаққа дайындық және оны жоспарлау.

3.Балалардың шығармашылығын дамыту жолдары.

4.Оқушылардың өздік әрекетіне жетекшілік жасау, қауіпсіздік техникасын, санитарлы-гигиеналық талаптарда сақтауын қадағалауОқыту әдістері педагогикалық әдебиеттерде оқушыларға білім беру, тәрбиелеу және дамыту мақсатына жетуге бағытталған, оқытушы мен оқушы қызметінің өзара байланыс тәсілі ретінде қарастырылады. Педагогика ғылымы мен мектептегі оқыту практикасында бай оқыту әдістері жинақталған. Оқыту әдістерінің әр түрлі классификациясы өмір сүреді.

Еңбекке және кәсіпке баулу үшін оқыту мен беруші қызметінің тәсілдері бойынша әдістерді жіктеу едеуір шешілді. Еңбекке және кәсіпке баулуда өз ара байланыс екі жақсы процесс оқытудың өз бетінше практикалық қызметі мен оқытудың басқару қызметі орын алады. Сондықтан еңбекке баулу  әдістерін өз ара тығыз екі топқа бөлуге болады.

1.  Оқытудың басшылығын оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау әдістері.

2. Оқыту әдістері.

Еңбекке және кәсіпке баулуда төмендегідей оқу әдістері  кеңінен тараған.

1. Жаттығу (ақыл-ой қозғалыс, аралас)

2. Оқу эксперименті (лабораториялық, практикалық жұмыстар, ауылшаруашылық тәжірибе)

3. Оқу өндірістік жұмыстар.

4. Тапсырмаларды шешу. (техникалық, технологиялық, экономикалық)

5. Техникалық құжаттармен жұмыс жасау (оқу, схемалар сызбаларды, технологиялық карталарды оқу, құру, т.б)

6. Ғылыми техникалық әдебиеттермен жұмыс жасау.

Бастауыш сатыдағы білім берудің негізгі мақсаты – оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік , этикалық , эстетикалық қарым – қатынасқа дайындау. Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс – әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, ұстаз алдындағы үлкен міндет.Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланған жөн деп ойлаймын.


Оқу – тәрбие үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау, яғни оқушының өзіндік танымдық іс - әрекетін қалыптастыруға бағыттау, білім беруде жеке оқытуды дамытуда көзделуі қажет. Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты – оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге құштарлығын ояту. Мен сабақта әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс – пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отырамын. Әдіс – тәсіл көмегімен өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлауына жеке – қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлеуге, айтуға, іскерлікке, ізденуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әр түрлі балалардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп онымен жұмыс жасау, оны жан – жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отырдым, өз тәжірибемнен байқағаным өзімнің «Қағаздан бөрік жасау» тақырыбында өткізген сабағымды алдымен тақырыпты ашу мақсатында ой – қозғау әдісі арқылы сұрақтар қойдым.
Қандай бас киім түрлерін білесіңдер?
Бас киім не үшін керек?
Балалар ойланып, сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашты. Мағынаны тану үшін оқушыларға бөрік туралы түсінік беріп және ассоциация әдісін пайдаланып бөрік түрлерін атап көрсетіп, оқушылардың ойында жаңа ұғым қалыптастыру мақсатында бас киімге байланысты ырымдар мен тыйымдарды айтып түсіндірдім.
Оқулықтағы дайындалған үлгідегі қағаздан жасалған бөрік түрлерімен таныстырып, өзімнің көрнекілікке жасаған бөрік бұйымдарының жасалу ретін түсіндірдім.Өзіндік жұмыс барысында оқушылар тапсырманы әр түрлі деңгейде орындады.Бірінші деңгейдегі оқушылар олар көмекті қажет етпейді дәл мұғалімнің түсіндіргенін қайталамайды, өзінің түсінгені бойынша қиялымен жұмыс жасайды.Екінші деңгейдегі балалар олар өзіне сенімді практикалық жұмысты мұғалімнің түсіндіргеніндей дәл әрі ұқыпты орындайды.Үшінші деңгейдегі балалар көмекті көп қажет ететін, олар еркін қимылдай алмайтын балалар.
Бірінші деңгейдегі балалар жасының ерекшелігіне қарамастан, өзгелерден даралығымен, шұғыл шешімділігімен, өз бетімен жұмыс істеуге деген құштарлығымен ерекшеленеді, яғни жас дарын шығады деп ойлаймын.Осы сабағымды оқушыларға берілген тапсырманы орындату арқылы баланың өзінің ойын қағазды бүктеу, өлшеу, қырқу, жапсыру, түстерді үйлестіру мен көркем безендіру жұмыстары арқылы оқушыны ізденушілікке баулып, оның көркемдік талғамын қалыптастыруға, шығармашылық қабілетін оятуға өзінің ықпалын тигізді деп ойлаймын.Еңбек тәрбиесі – барлық тәрбиенің қайнар көзі. Еңбекке баулу пәнінің мазмұнына енген тақырыптар аппликация, мозаика, табиғи материалдар, маталар, қағазбен жұмыс жасау. Осы қарапайым құралдар мен материалдардың арқасында әсем де ғажайып жұмыстарды жасауға мүмкіндік береді. Өйткені, бұл жастағы баланың сезінуі, түсіну қасиеттерінің қалыптасуы және қоршаған ортаның сұлулығын өзінше көреді, өзінше талдап қорытындылайды. Олай болса бала өз ойын, танымын, көзқарасын сабақ барысында пайдалануға ұсынылған материалдар (мата қиындылары, түймелер, жіптер, ермексаз, ұсақ моншақ, ұсақ тас т. б) жасаған бұйымдары арқылы айшықтауға тырысады. Бұл көркемдік жұмыстар баланың сезіміне, қиялына әсемдікті өз қолымен жасауға түрткі болады. Және оларды шығармашылыққа жетелейді. Жалпы балалардың тұрмыста қолданылған материалдарының қалдықтары үлкен бір шығармаға айналады.
Оқушылар материалдардың қасиеттерін ескере отырып болашақта жасайтын бұйымдарының бейнесін алдын ала ойластырады.Балалардың бойындағы қабілеттерін ашу үшін «Жас шебер» үйірме жұмысы да үлкен роль атқарады. Оқушылар үйірме жұмысында түрлі материалдарды құрауға, өңдеуге, құрастыруға үйренеді. Оқушылардың түрлі материалдар мен құралдармен жұмыс істеуі тек қол жаттығуларымен ғана емес, ақыл – ойын дамытады.
Сабақ барысында оқушылардың әр түрлі материалдардан жасалған және үйірме жұмысында орындаған бұйымдарын жинақтап «Он саусағы майысқан», «Шебер болар ұрпақпыз» тақырыбында көрме жасадым.Бұл жинақталған көрме оқушылар шығармашылығы
Осы үйірме арқылы, оқушыларды өнерге баулып, эстетикалық талғамын дамытып, қабілеттерін арттырып, іскерлік дағдыларын қалыптастыру жолында жұмыс жүргізіп жатырмын.
Қорыта келгенде, О. Бальзактың «Ұдайы еңбек ету - өнердің де, өмірдің де заңы» дегендей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді. Осы жұмыстарды жүргізіп тиімді әдіс – тәсілдерді қолданып жүріп ұстаз шығармашылық үрдістің әр кезеңінде бала бойындағы әр – түрлі сапалық қасиеттерді қалыптастыра алады. Темір арамен жұмыс жасағанда

Қауіпсіздік ережесін сақтай біл

Жұмыс істер алдында мұқият жұмыс орнын тексер. Жұмыс орнында адамға кедергі келтіретін артық зат болмауы керек. Станок полотносы мықты бекітілген және тісі өткір болуы қажет. Дайындаманы кесетін бөлігін іскенжеге бекіт. Дірілдемес үшін жұмыс басында өзіңе 2-3 рет тартудан баста. Сосын бір қалыпты түзу қозғалыс жасауға тырыс, болмаса полотно ұшысынып, көзді зақымдауы мүмкін. Металдардың қасиеттеріне байланысты минутына 30-дан 60-ретке дейін қозғалыс қажет. Темірқалдықтарын үрлеп немесе қолмен сипауға тыйым салынады. Ол көзіңді немесе қолыңды жарақаттайды. Оны щеткамен немесе сыпырғымен тазала. Жұмысты арнайы киіммен істе.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет