4-апта. Сұранысқа ие мамандықтар.
1-тапсырма. Берілген мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
Кез келген мемлекетте жоғары білікті мамандар әрдайым сұранысқа ие. Бүгінгі күні заман талабына сай компания, жұмыс беруші ұйымдар мен корпорациялар көп салаланған емес, тар шеңберде маманданған қызметкерлерге мұқтаж. Себебі өз ісін кәсіби деңгейде бүге-шүгесіне дейін білетіндер, расында кемде-кем. Әр саланың басын түртіп «универсал» болғанша, бір саланы жетік меңгерген, сол істің кәсіби маманы болу әлдеқайда артық. Алайда, болашақта қандай мамандарға сұраныс артады? Кәсіптің қандай түрі кірісті әрі өзекті болады?
Бұл - көпшілік жастар мен қызметкерлерді мазалайтын сұрақ. Қазір сіз оқып жүрген мамандық алдағы он жылдықта сұранысқа ие болатынына кім кепіл? Бұл да, уақыт еншісіндегі мәселе. Зауыт, фабрикаларда қара күш жұмсайтын жұмысшыларды болашақта ойлау қабілеті инновациялық, тың идеяларға толы адамдар алмастырады. Роботтар мен автоматтандырылған жүйе ауыр әрі қиын жұмысты өз мойнына алады.
Халықаралық statista.com деректер жүйесіне сүйенсек, Қазақстандағы жұмысшылар аз шоғырланған сектор - ауылшаруашылығы болып отыр. Өнеркәсіп саласындағы жұмысшылар пропорциясы да салыстырмалы түрде аз. Бұл алдағы 5-10 жылдықта ауылшаруашылығы саласындағы жұмысшылар мен мамандарына деген сұраныс артатынын көрсетеді. Себебі елімізде дәл осы сектор кенже дамып келеді.
Түрлі компаниялардың деректерін саралай келе мынадай ТОП-10 мамандық тізімін ұсынамыз:
Бағдарлама, Java әзірлеушісі;
Денсаулық сақтау менеджері;
Медицина қызметкері: дәрігер, физиотерапевт, хирург;
Ақпараттық қауіпсіздік бойынша сарапшы;
Киберқауіпсіздік инженері;
Ақпараттық сарапшылар;
Құрылысшы;
Мұғалім;
Қаржы саласы маманы;
Маркетинг, жарнама, PR маманы т.б.
Жарқын болашақ - бүгінгі қажырлы еңбек пен ізденістің, білімнің нәтижесі. Кез келген компания мұқтаждық ететін кәсіби маман болу үшін тек белгілі бір саланы меңгеру жеткіліксіз, ол үшін сыни ойлау қабілеті, креативтілік, эмоциялық интеллегенция, бағалау және шешім қабылдау, күрделі мәселелерді шеше алу қабілеттерін жетілдіру маңызды.
2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Білікті мамандарға кімдер жатады?
2. Жастарды мазалайтын басты сұрақ?
3. Халықаралық statista.com деректер жүйесі бойынша кенже дамыған саланы атаңыз ?
4. ТОП-10 мамандық тізімін тізбелеңіз?
5. Жарқын болашақты қалай елестетесіз?
6. Сіздің оқып жатқан мамандықтың болашағы қандай?
3-тапсырма. «Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбына ойыңызбен бөлісіңіз.
4-тапсырма. Төмендегі сілтеме (ссылка) бойынша бейнематериалды тамашалап, сан есімдерді теріп жазыңыз. https://youtu.be/yThLY5UQefY
5-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып, жазыңыз.
Зауыт, фабрика....да қара күш жұмса..... жұмысшы...ды болашақ... ойлау қабілеті инновация...., тың идея...ға толы адам.... алмастырады. Робот... мен автоматтандырыл... жүйе ауыр әрі қиын жұмыс...ды өз мойнына алады.
6-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерін сәйкестендіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |