Семинар сабақ өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚау қазақ тілі І семестр Ортадан жоғары деңгей (В2-1)


Отбасылық қарым-қатынастың басты міндеттері



бет2/32
Дата30.09.2024
өлшемі15,73 Mb.
#146291
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
(В2-1) Әдістемелік нұсқау семинар сабақ

Отбасылық қарым-қатынастың басты міндеттері:

  • Балны үйлесімді дамыту;

  • Баланың денсаулығын үнемі қадағалау;

  • Оқу процесінде қолдау жасау;

  • Еңбек тәрбиесіне баулу және мамандық таңдауға қолдау жасау;

  • Тұлғаның әлеуметтенуіне көмектесу;

  • Ізгі, эмоционалды-адамгершіліктік қарым-қатынас әрекетіне баулу;

  • Мәдени және интеллектуалдық дасуына қолдау жасау;

  • Өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі дамытуға бағыттау;

  • Жыныстық тәрбие, болашақ отбасылық өмірге даярлау.

Сонымен қатар, отбасы тәрбиесінің басты құрылымдық негіздері бар. Олар:

  • Отбасы тәрбиесінің ахуалы (дәстүрі, қарым-қатынасы, жайлылығы);

  • Отбасы өмірінің күнделікті өмір сүру тәртібі;

  • Отбасылық әрекеттер (әке, шеше, әже, ата, бала, немере, шөбере).

2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Отбасы дегеніміз не?
2. Отбасы тәрбиесіне нелер жатады?
3. Жаңа туған нәрестенің отбасындағы алар орны қандай?
4. Қазіргі отбасының басты қызметтері мен міндеттері қандай?
5. Отбасылық қарым-қатынастың басты міндеттеріне тоқталыңыз?
6. Отбасы тәрбиесінің басты құрылымдық негіздерін атаңыз?
3-тапсырма. Отбасы қандай болуы керек?



ОТБАСЫ









4- тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестеріне жұрнақ жалғап, туынды сөздермен сөйлемдер жазыңыз.


Отбасы, дәстүрді сақтау, мұра, адам, тәрбие, ұлт.
5-тапсырма. «Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер» тақырыбына эссе жазыңыздар.
6-тапсырма. «Отбасы құндылықтары»
(Суретке қарап, өз отбасыңыз туралы әңгіме құрастырыңыз)

7-тапсырма. Отбасы туралы кемінде 10 мақал-мәтел жазыңыз, жаттаңыз.


8. Жағдаяттық тапсырма. Төмендегі Б.Момышұлы атамыздың ойын жалғастырыңыз.
- Халқымыздың аяулы ұлы, зиялы азаматы Б.Момышұлы кезінде «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім. Енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқам. Немересіне ертегі айтып беретін әжелердің азаюынан қорқам. Дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді. Оның қолына қылыш берсе, кімді де болса шауып тастауға даяр. Қолына кітап алмайды. Үйреніп жатқан бала жоқ, үйретіп жатқан әке-шеше жоқ»- деп мұңайған екен.

СӨЖ тапсырмалары: «Біз қонақты қалай күтеміз?» Пікір алмасу. Әр халықтың «Қонақ күту дәстүрі» тақырыбына мәлімет жинау, ақпараттық презентация дайындау.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет