Семинар сабақ өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚау қазақ тілі І семестр Ортадан жоғары деңгей (В2-1)


-апта. Жас отбасының келіспеушілігі: себептері мен алдын алу



бет19/32
Дата30.09.2024
өлшемі15,73 Mb.
#146291
түріСеминар
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32
Байланысты:
(В2-1) Әдістемелік нұсқау семинар сабақ

3-апта. Жас отбасының келіспеушілігі: себептері мен алдын алу.
Граматикалық тақырып: Себеп-салдар мәнді құрылым (Сондықтан, сол себепті, өйткені жалғаулықтары)
1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
Отбасылық құрылым отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынастардың жиынтығы негізінде анықталады. Неке – әйел мен еркектің арасындағы қарым-қатынасқа рұқсат етілетін әлеуметтік көңіл білдіру, некеге отыратын жұп таңдау, некеге дейінгі жұбайлар арасындағы билік пен міндеттерді бөлу нормалары, олардың бейформалды отбасының экономикалық жағдайы үшін өзара жауапкершілік, бала тәрбиесі, отбасылық демалыс нормалары жатады.
Жас отбасылардың қатынастарын бұзушы факторлар – отбасындағы психологиялық ажырасу, яғни, тұрақты некелік қарым-қатынастың бұзылуы ғана емес, сонымен қатар, өмірлік тіршіліктің бұзылуы.
Ажырасудың өсу себептері:

  • Отбасы функциясының өзгеруі (материалдық-экономикалық);

  • Айырылысқандарда негативтік стереотиптердің болмауы;

  • Діни және ұлттық нанымның таяздығы;

  • Миграциялық процестердің күшейтілуі;

  • Уранизациялық қоғамда өмір стилінің өзгеруі;

  • Өмір сүру шегінің ұзақталуы;

  • Некеге отырарда әке-шеше ықпалының есепке алынбауы.

Осы қатардың нәтижесінде ерте, асығыс некелер көптеп тіркелген. Ажырасу себептері де түрлі болады.
Қазіргі заманауи жастар арасындағы ажырасу деңгейіне мына себептерді айтуға болады: әйелдердің жаппай кәсіпкерлікпен айналысуы; діннің өз күшін жоғалтуы; халықтың сауаттылығы мен мәдениетінің артуы; сол себепті некеге деген талаптың күшейтілуі; ажырасуға қатысты заң нормаларының әлсіздігі; жыныстық моральдың бірізділенбеуі және т.б.
Отбасындағы ажырасудың алдын-алу - қарым-қатынасты дұрыс құрудан басталады. Отбасын құру оңай шару емес, сондықтан оған үлкен дайындықпен келу қажет. Психологтардың айтуынша, ажырасудың шектен тыс көбеюі - адамдардың өмірлік серік таңдағанда оның жан-дүниесіне үңілмей, сыртқы факторларға қарап қана бағалап таңдауынан болады. Сонымен бірге, жастардың материалдық қиындық көріп, оған шыдамай жататындықтары да – басты себептердің бірі.
Осы орайда психологтар ерлі-зайыптыларға мынадай ұсыныстарды ұсынады:

  • Бір-біріңізге ауыр сөздерді айтудан аулақ болыңыз. Себебі ондай сөздер, қылықтар кешіріледі, бірақ ұмытылмайды;

  • Проблемаларыңыз бен қиындықтарыңызды үнемі бір-біріңізге жүктеуден қашыңыз. Адам- шағымнан, жылап-сықтаудан, күн сайынғы сіздің құрбандықтарға барып жатырмын деген міндетсінулеріңізден тез жалығады, шаршайды;

  • Компромиске келу. Отбасы - бұл бір шаңырақ. Түсіністік танытатын кезде, жағдайға кіруге, барлығы ой елегінен өткізіп екеуіңізге де пайдалы болатындай шешім жасауға болады. Егер біріңіз құрбандыққа бару керек болсаңыз, барыңыз. Ол сіздің отбасыңыз үшін жасалатын қадам;

  • Ренішіңіз болса, өкпеңіз қара қазандай болғанша үндемей жүре бермей, жұбайыңызға білдіртіңіз, айтыңыз. Сөйлесу мен әңгімелесу жоқ жерде дұрыс отбасын құру деген бос иллюзия. Себебі неке- ұзақ әңгімелесуден тұрады.

Психолог Александр Полеев қазіргі таңда «Отбасы» ұғымы өз мәнін жоғалтып, «Ерлі-зайыптылардың одағы» деген мағынаға ойысып бара жатқанын айтады. Жалпы некеге 25 жастан кейін отырған дұрыс деген пікірді ұсынады мамандар.
2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Отбасылық құрылым деген не?
2. Неке ұғымына анықтама беріңіз?
3. Жас отбасылардың қатынастарын бұзушы факторларды атаңыз?
4. Ажырасудың өсу себептері қандай?
5. Жастар арасындағы ажырасу себептерін атаңыз?
6. Психологтар ерлі-зайыптыларға қандай ұсыныстарды ұсынады?
7. «Менің – Отбасым» тақырыбында өзіңіздің отбасыңыз жайында қысқаша айтыңыз.

3-тапсырма. Берілген сөйлемдерге грамматикалық талдау жасаңыз.


Дені сау отбасы – бұл жақындық пен махаббаттың, сонымен қатар таластар мен өшпенділіктің ашық көрініс мекені. Дені сау отбасының мүшелері отбасына қатысты барлық әрекеттерге еркін қатыса алады.


4-тапсырма. Берілген күрделі сөйлемнен бірнеше жай сөйлем жасаңыз. Сондықтан, сол себепті, өйткені жалғаулықтарын қатыстырып, себеп-салдар құрылымын жасаңыздар.
Неке – әйел мен еркектің арасындағы қарым-қатынасқа рұқсат етілетін әлеуметтік көңіл білдіру, некеге отыратын жұп таңдау, некеге дейінгі жұбайлар арасындағы билік пен міндеттерді бөлу нормалары, олардың бейформалды отбасының экономикалық жағдайы үшін өзара жауапкершілік, бала тәрбиесі, отбасылық демалыс нормалары жатады.
5-тапсырма. «Мерейлі отбасы» тақырыбына суретті пайдалана отырып, мәтін құрастырыңыз.



6 тапсырма. Суреттерді пайдалана отырып, «Үлгілі отбасы» тақырыбына әңгіме құраңыз. (Ақпараттың шынайылығын нақтылай, түйінді ой қорыта отырып, басқалардың пікіріне баға беріңіз және өз пікіріңізді дәлелдей біліңіз. Пікір алмасу ұйымдасырыңыз.






7-тапсырма. Сілтемедегі бейнематериалды тамашалап, өз ойларыңызды жазыңыздар. https://youtu.be/OyVbXa1ydB8
8-тапсырма. Жағдаяттық тапсырма.
12 жасар Нариман Актоевтардың бақытты толық отбасында тәрбиеленген, молшылықта өмір сүрген. Актоевтар баладан ол асырап алынғанын жасырған. Олардың көршісі, қорғаншылық және қамқоршылық органдары қызметкері Буриев, асырап алынған фактісі туралы білетін, «жан мейірімділігімен» Нариманға шындықты айтып берді, бала күрт өзгерді: өзіне тұйықталып, үйден қашты, сабағын жаман оқи бастады. Баланың ата-анасы онымен әңгімелесіп, неге мінезі өзгергенін түсінуге тырысады. Нариман ата-анасына ештеңе айтпады. Сонымен бірге, көрші Буриев ата-анасы асырап алған баланы өзінің туған кіші баласын сияқты жақсы көре алмайды деп балаға бірнеше рет айтқан. Түндердің бірінде бала өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізуге тырысқан. Бағына қарай, асылып өлуге арналған жіп үзіліп кетті. Буриев пен баланың ата-анасы қылмыстық жауапкершілікке тартылады ма? Кінәлі тұлғалардың әрекеттерін саралаңыз.
(Жауап Буриевтің іс әрекетін ҚР ҚК 138 бабы және 105 баптың 3 бөлігі бойынша саралап, қылмыстық құқықтық сипаттамасын беру. Баланың ата-анасы қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет