Семинар сабақ өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚау қазақ тілі І семестр Ортадан жоғары деңгей (В2-1)


-апта. Қандай отбасын құрғыңыз келеді?



бет18/32
Дата30.09.2024
өлшемі15,73 Mb.
#146291
түріСеминар
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32
Байланысты:
(В2-1) Әдістемелік нұсқау семинар сабақ

2-апта. Қандай отбасын құрғыңыз келеді?
1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
«Отан отбасынан басталады» деген ата-бабамыздан қалған ұлағатты сөздің мән-мағынасы өте тереңде жатыр. Тереңірек үңіліп, ақылмен ойланып қарайтын болсақ, әрбір отбасы өз алдына жеке бір Отан. Сондықтан да әрбір адам өз теңін тауып, жеке бір Отан құруға әбден лайық. Бірақ отбасын құру, неке ол бос қиял емес. Ол үлкен жауапкершілік. Сол себепті, неке теңізіне секірмес бұрын, шыдамдылық мұхитына ие болу керек
Неке қиып отбасылы болу арқылы адам өз мойнына үлкен жауапкершілік алады. Сондықтан, қазақ ұлтында некелесу ұғымы екі жастың әуелі имам мен куәгерлердің алдында сөз байласып, тілдерін кәлимаға келтіріп, серттесу рәсімімен бастау алады. Неке қиып, үйленер алдында екі жақтан да ниеттің дұрыс болуы, оның мәңгі бақи қиылатынына мән берген жөн.
Отбасы – қоғамның ең маңызды құрылымы. Сондықтан ислам дінінде отбасына көп көңіл бөлінеді. Отбасында ең алдымен сыйластық және сенім болуы керек. Себебі сыйластық пен сенімділіктен асқан махаббат жоқ. Егер осы қасиеттер екі жақтан да болса, ерлі-зайыптылар өмірдің ащысы мен тұщысын да, суығы мен ыстығын да, қайғысы мен қуанышында да бірге болса, бір-біріне деген қарым-қатынастары да, сезімдері де арта түседі.
Дінімізде отбасы мәселесінде ер адамның да, әйел адамның да өзіндік міндеттері көрсетілген. Ер адам алдыңғы кезекте жанұяның отағасы, қорғаушысы, жауапты тұлғасы, әйелі мен бала-шағасының жағдайын жасап, қамтамасыз ететін қамқоршысы. Ал, әйел адам ең алдымен отағасына бойұсынып, бала-шағасына қарап, отбасы берекесінің ұйытқысы, ұйыстырушысы міндетін атқарады. Жаңа отбасын құрып, енді ғана отбасылық өмірге қадам басқан жас отбасылардың арасында түсініспеушіліктер болатыны анық, ол қалыпты жағдай. Ондай жағдайда екі жақтан да ашуға берілмей, «Ашу –дұшпан, ақыл – дос» деп барынша сабыр сақтап, ақылмен шешу керек. Отбасын сақтау үшін ер мен әйелдің жанұядағы өзінің рөлін, жауапкершілігін білуі қажет. Бұл туралы Алла Елшісінің (с.а.с.) тағы бір хадисінде: «Жұбайларыңның сендердің алдарыңда белгілі міндеттері болғаны секілді, сендердің де олардың алдында атқарар міндеттеріңнің бар екенін ұмытпаңдар. Олардың міндеті – жарына адал болу және сендер қаламаған адамды босағадан аттатпауы. Ал, сендердің міндеттерің – оларды киім-кешек және ас-ауқатпен қамтамасыз ету». Дінімізде осылай ер мен әйел арасындағы өз міндеттерін, бір-біріне деген қандай жауапкершілік бар екенін түсіндіріп өткен.

2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.



  1. «Отан отбасынан басталады» деген ұғымның мағынасын ашыңыз.

  2. Неке қию рәсімінің алғышарттары қандай?

  3. Отбасындағы діннің тәрбиелік мәні қандай?

  4. Жас отбасындағы ер адамның міндеті қандай?

  5. Отбасындағы әйел адамның міндетін атаңыз?

  6. Сіздің ойыңызша, сіздің құрған отбасыңыз қандай болмақ?

3-тапсырма. Берілген кестені пайдалана отырып, ойыңызды жазыңыз, топпен талқылаңыз.

ҮЙЛЕНУ АЛДЫНДА БЕС НӘРСЕНІ БІЛУ КЕРЕК

1.Таңдаған адамыңыз қандай адам?

Оның ата-анасына, достарына, әріптестеріне, жұмысшыларына, даяшыларға, такси жүргізушілеріне, туыстарына және басқаларға қалай қарайтындығын бақылаңыз. Осыдан сіз адамның табиғатын көре аласыз.

2.Таңдаған жаныңыз жауапты ма?

Ақшаны қалай жаратады? Уәдесінде тұра ма? Проблемалар туындағанда өзгелерді кінәлайды ма, я болмаса өзінен көре ме? Сіздің проблемаңызды шешуге көмектесуге дайын ба?

3.Оның отбасы, әлеуметтік жағдайы туралы білуіңіз керек.

Қандай отбасынан шыққан? Сіз олармен тіл табыса аласыз ба? Олар сізді бірге тұрасыз деп күтеді ме? Сіз бұған дайынсыз ба? Ол туыстарымен, ата-анасымен бірге тұрған жағдайды, қарым-қатынасты қалай елестетеді?

4. Оның өміріндегі құндылықтар мен жоспарлары қандай?

Нені армандайды? Мүмкін, біржола шетелге кеткісі келе ме? Я болмаса, 45 жасында зейнетке шығып, саяжайда тұрғысы келе ме? Сіз осындай оқиғаларға дайынсыз ба?

5. Ол нені жақсы көреді?

Қандай фильмдерді, кітаптарды ұнатады? Бос уақытты қалай өткізеді? Бұл сізді қызықтырады ма? Сіз оны бірге жасай аласыз ба?

4-тапсырма. «Суреттер сөйлейді», берілген суреттердің біреуін таңдап алып, сипаттаңыз.






5-тапсырма. Мақал-мәтелдерді жалғастырып, жазыңыз.


Керекті сөздер: (бас, балалы, інісі, сыйластық, ас, қимастық, әйелді, атаның, құлынның, еркекті, баланың, ағасы.)

Отбасының сәні - ............,


Достың сәні - ..........

Отбасынан ...... кетсе,


Қазаннан ...... кетеді.


........ бардың тынысы бар,
........ бардың жағасы бар.


Енесі тепкен .......... еті ауырмас.


......... көңілі балада,
......... көңілі далада.


Бала қадірін ........ болғанда білерсің.


Жақсы әйел жаман ........ ер қылады,
Жаман еркек жақсы ...... жер қылады.


6-тапсырма. Берілген сөйлемді сөйлем мүшесіне талдаңыз.
Ер адам - алдыңғы кезекте жанұяның отағасы, қорғаушысы, жауапты тұлғасы, әйелі мен бала-шағасының жағдайын жасап, қамтамасыз ететін қамқоршысы.
7-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып, жазыңыз.
Әйел адам ең алды... отағасы.... бойұсын...., бала-шағасы.... қара..., отбасы берекесі...... ұйытқы...., ұйыстырушы..... міндеті..... атқар....ды.

8-тапсырма. Әлеуметтік желідегі парақшаңызда «Қандай отбасын құрғыңыз келеді?» тақырыбында пост жариялап, сілтемесін әкеліп, (ссылка) топпен берге талқылаңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет