Тапсырмалар: Мәтіннен он жаңа сөзді теріп жазып, сөз тіркесін құрастырыңыздар.
Өзіңіз құрастырған сөз тіркестерін пайдаланып 6-7 сөйлем құрастырыңыз.
Мәтін бойынша 10 сұрақ , жауап жазыңыз.
Сұраулық шылауларды қолдана отырып екі-үш сөйлем жазыңыз.
Өзіңіз жақын арада экраннан көріп, тамашалаған Еуропа мен Қазақстандық киногерлер түсірген фильмдерін мысалға келтіріп 3-4 сөйлем жазыңыз.
«Қазіргі қазақ киноиндустриясы» тақырыбына шағын әңгіме дайындаңыз.
Қазақстан мен Еуропаның қандай атақты режиссеры мен актерлерін білесіз?
Мәтінді оқып шығып,қысқаша әңгімелеңіз.
Пайдаланылған әдебиеттер: Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы,ISBN 9965-32-491-3 2007.
Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арналған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет. ISBN 9965-663-71-8
Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық.– Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6
(2) Нағыз өнер туындылары уақыт талғамайды Мәдениеттің нақты өзекті бөлігі - өнер. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырда қазақ бейнелеу өнері өзінің жаңа қырынан көрінді. Кейінгі өнер зерттеушілері мұны көбінесе төңкерістен кейін дамыды деп көрсетеді. Бірақ кеңес өкіметінен бұрын да Қазақ халқында маман суретшілер болған. Соның бірі - әйгілі ғалым-саяхатшы Шоқан Уәлиханов. Нағыз өнер туындылары уақыт талғамайтыны ақиқат. Шоқан да арнайы суретшілік оқу орынын бітірмесе де, оның суретшілік өнері керемет болғанын, салған суреттерінен байқауға болады. Шоқан – адам мінез-құлқын дөп басып бере алатын психолог, жоғары шеберліктегі суретші. Оның көптеген портреттік еңбектері ішкі психологиялық сезімге құрылған озық туындылар. «Би Сартай», «Сұлтан Мамырхан Үрістемов», «Ханқожа Уәлиханов» портреттерінде дәрежелері шамалас болса да, әр кейіпкерді өзіндік тұғырда білгірлікпен бейнелей білген. Сондай туындыларының бірі «Тезек төре» (портреті) кескіні. Тезек төре – ұлы жүздің сұлтаны. Іленің оң, сол қапталындағы албан, суан руын басқарған, 1850 жылдары.
Бұл Шоқанның ұлы суретшілер Леонардо да Винчи, Рафаэль Сантидің графикалық суреттерімен таныс болғанын дәлелдейді. Әсіресе оның долбар суреттері (наброскілері) Леонардо да Винчи эскиз суреттеріне өте ұқсайды.
Шоқанның шоқтығы биік жұмыстарының бірі – осы долбар суреттері. Суретшінің шеберлігі, ұлылығы оның көп картиналар жазуымен есептелінбейді, біреу де болса бірегейлігінде. Осындай талғамы жоғары туындыларының қатарына «Потанин портреті», «Қазақтың бейнесі», «Қырғыздардың ат баптауы», «Ұйғырлардың киім киісі» т.б. жұмыстарын жатқызуға болады. «Қырғыздардың ат баптауы» долбар суретінде бір дәуірдің ұлттық бояуын, халықтың мінез-құлқын, салт-санасын білгірлікпен, шыншыл жеткізген. Нағыз өнер туындыларының авторларының бірегейі - Әбілхан Қастеев. Әбілхан Қастеев – қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, қазақ халық суретшісі, оның «Түрксіб», «Жамбылдың портреті», «Амангелді портреті», «Жас Абай», «Жазушы Сәбит Мұқанов», т.б. еңбектерінен суретшінің зор таланты айқын көрінеді. (248 сөз)