Жаңа сөздерді теріп жазып, аударып, сөз тіркестерін құрастырыңыз.
Мәтін бойынша 10 сұрақ , жауап жазыңыз.
Етістік пен қимыл-сын үстеулерін теріп жазыңыз.
«Ақпараттық мәдениет» тақырыбына шағын әңгіме әзірлеңіз.
Мәтін бойынша үш сұрақтан тұратын тест құрастырыңыз.
Сөйлемді өз сөзіңізбен толықтырыңыз: Ақпараттық мәдениет – бұл әңгімелесе білу, .... .... ..... .... ...... .... .... талдай білу.
Мәтінді толық оқып шығып, әңгімелеңіз.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3 2.https://atr.kz/zhanalyqtar/tsifrlyi-tehnologiya-bolasha-a-batyil-adam/
14-апта.Цифрлық технология – халықтың өмірсүру сапасын арттыру Ғылым мен технология қарыштап дамыған мынау заманда адамзат қауымы жыл санап емес, ай санап, тіпті апта мен күн санап цифрландыру заманының сиқырлы әлеміне кеңінен еніп, қолдану үстінде. Цифрландыру технологиялары дегеніміз – бұл бұрын-сонды адамзат бастан кешпеген ғажайып әлемнің жаңа құралдары. Цифрлық технология –халықтың өмір сүру сапасын жақсартып, үйде де, қызмет орындарында да жұмыс істеу қабілеттерін едәір жақсартып, жеңілдетті.Қазіргі күні бұл технологиялар жасақталу үстінде. Олар қазірдің өзінде біз тамсанып айта беретін ақпараттық технологиялардың өзін жолда қалдыра бастады.
Мемлекетіміздің заман талаптарына сай болуы, экономикасы мен қоғамдық қарым-қатынастары дамыған елдердің санатына жетуі – тәуелсіздіктің басты мақсаты. Осы орайда елімізде көптеген игілікті істер атқарылуда.Қазіргі уақытта әрбір адамның заманауи ақпараттық-технологияларды пайдалануға мүмкіндігі зор. Мамандардың айтуынша, оның ең сапалысы — цифрлы технология. Қай салада болмасын, бұл технология жұмысты жеңілдетуге бірден-бір ықпал етіп отыр. Цифрлық технология тек электрондық портал арқылы мемлекеттік қызметтерді пайдалануда ғана емес, тұрғындардың бір-бірімен ақпарат алмасуында да таптырмас құрал болып отыр. Цифрлық технологияларды дамыту бүкіл Еуразиялық экономикалық кеңістіктің басымдығы деп аталады. Қазақстанда «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы әзірленді, ол технологиялардың жылдам өсуінің және қызметтерді электрондық форматқа қайта бағдарлаудың негізіне айналуы тиіс. Тұжырымдаманы әзірлеушілер атап өткендей, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты орта мерзімді перспективада сандық технологияларды пайдалану есебінен экономиканың даму қарқынын жеделдету және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін жағдай жасау, сондай-ақ экономиканың ұзақ мерзімді перспективада сандық экономиканы құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшу болып табылады.Бес негізгі бағыт Осы тұжырымдаманың негізінде бес негізгі бағыт, атап айтқанда экономика салаларын цифрландыру – еңбек өнімділігін арттыратын және капиталдандырудың өсуіне әкелетін серпінді технологиялар мен мүмкіндіктерді пайдалана отырып, экономиканың дәстүрлі салаларын қайта құру. Электрондық қызметтерді дамыту. Цифрлық мемлекетке көшу – халыққа және бизнеске қызмет көрсету инфрақұрылымы ретінде мемлекеттің функцияларын оның қажеттіліктерін алдын ала отырып, қайта құру бағыты. Цифрлық Жібек жолын іске асыру-яғни деректерді берудің, сақтаудың және өңдеудің жоғары жылдамдықты және қорғалған инфрақұрылымын дамыту болып табылады. (280 сөз)