1-апта. Отбасындағы әкенің рөлі Граматикалық тақырып: «Зат есім тудырушы жұрнақтар (-лық, -шы, -гер)»
1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
Отбасындағы әкенің рөлі
Әке әрбір отбасының темірқазығы, ұйтқысы, қорғаушысы және тірегі. Әке отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. Әкенің қадірін түсінген адам ғана бағалай біледі. «Әкеге қарап ұл өсер» деген ұлағатты сөз бар. Мағынасына тереңірек ұғынар болсақ, бір ауыө сөздер санаға түйетін сансыз ұлағат жатыр. Расында, жас ұрпаққа ғана емес, әкелерге де жауапкершілік жүктеліп тұрғандай. Ә!кенің бойындағы жақсы мен жаманды қасиеттерді, баланың бойынан көрсек болады. Бала не көрсе, соны өзіне қабылдайды. Сондықтан, әкенің балаға берер тәлім-тәрбиесінде өнеге іс-әрекетін көрсете білуге тиіс.
Бұқар жырау айтқандай «Әкелі бала – жаужүрек, жиын тойға барады, төрден орын алады, бітіреді жұмысын тастан да өткізер жебесін» деген екен. Балаға қорған болған әкенің арқасында аяғын алшаң басып, басын тік ұстап, бар шаруасын бітіріп, алдына кездескен кез келген қорғанды бұзуға дайын болады. Ал «Әкесіз бала сужүрек, жиын тойға барады босағада қалады» дейді. Яғни, жасқаншақ болатынын меңзеп тұр. Сондықтан бала тәрбиесінде әкенің қаншалықты маңызды екенін түсінуге болады. «Бір әкенің тәрбиесін – жүз мектеп те бере алмас» деп халқымыз бекер айтпаған. Сол себепті, бала тәрбиесін халқымыздың ежелгі озық дәстүрлерін негізге алған дұрыс.
Бұрын әкенің қас қабағынан, қаһарынан сескеніп, өскен балалар әкенің қадір-қасиетін жақсы білетін. Әр отбасындағы әкеден қорыққандықтан емес, әкенің отбасындағы басты адам екенін сезініп, ер азамат ретінде таныған. Әкеден тәрбие алған қазақ баласының әкеге деген құрметі артып, болашақта жаман болмасы анық. Бар баланың бақытына «Әкелер» аман болғаны керек.
Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшесінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнері мен білімі – баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Әке балаға жолдас әрі сырлас болу керек. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен ақылдасады. Сондықтан дәстүрлі қазақ қоғамында тәрбие алған қазақ баласының әкеге деген құрметі ерекше болатын. Жүзінен мейірім төгіліп тұрмағанмен, қас-қабағынан бәрін түсініп өскен бала әке қаһарынан сескеніп жүретін. Әке тәрбиесі – деген осы. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуында, қоғамдағы өз орнын дұрыс таба білуінде әкенің атқаратын еңбегі ерекше. «Бір бала бар әкеге жете туар, бір бала бар атадан өте туар, бір бала бар атадан кері кете туар» деген халқымызда дана сөз бар. Ал дұрыс тәрбие алған бала қоғамға пайдасын тигізетін азамат болып өседі.
2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Әке деген кім?
«Әкеге қарап ұл өсер» мағынасын ашыңыз.
Бұқар жырау әкелер жайында не деген?
Отбасындағы әкенің ролі қандай?
Әке тәрбиесінің ұл бала үшін қандай маңызы бар?
Өз әкеңіз туралы айтыңыз.
3-тапсырма. Берілген мәтіннен зат есімдердің астын сызып, құрамына қарай талдаңыз.
«Туыстық жүйенің ең басты негізгі бел ортасы – отбасы. Қазақ отбасы үш ұрпақтан тұрады. Ол: ата, әке және бала. Әке - әулеттің басшысы. Отбасы мүшелерінің тірегі. Мен өзімнің балаларыма әке ретінде әкемнен көрген тәлім-тәрбиені жеткізуге тырысамын»,- дейді айтыскер, ақын Аманжол Әлтаев.
4-тапсырма. Отбасы мүшелерін орын орнына қойып, мәтін құрастырып, жазыңыз.
5-тапсырма. «Отбасындағы әкенің ролі» тақырыбында ойталқы. (Суреттегі мәліметтерді қолдана отырып, мәтін құрастырыңыз)
6-тапсырма. Сұрақтарға жауап жазыңыз және топпен пікірлесіңіз.
1. Сіздің түсінігіңізде әке болу дегеніміз не?
2. Сіздің түсінігіңізде «дәстүрлі әке» деген кім?
3. Сіздің түсінігіңізде «мінсіз, «жақсы әке» деген кім?
4. Сіздің ойыңызша, әке дәстүрлі отбасына қалай қатысады?
5. Ер адамда әке болуға дайындық қалай қалыптасады?
7-тапсырма. Сіз болашақта қандай әке боласыз, жазыңыз және суретін салыңыз.