Тапсырмалар: 1. Сөздерді орыс тіліне аударып, сөз тіркестерін құрастырыңыз.
мінез сәйкес
ар өркениет
ақыл деңгей
сезім талап
бәсеке зерттеу
2. Екінші абзацты орыс орыс тіліне аударыңыз. 3. Мәтін бойынша бес сұрақтан тұратын сұқбат құрастырып жазыңыз.
4. Бәсекеге қабілетті болу туралы өз ойыңызды жазыңыз.
5. Барыс септігіндегі есімшені қатыстырып, мәтін тақырыбына қатысты үш сөйлем құрастырып жазыңыз.
6. Мәтін бойынша үш сұрақтан тұратын тест тапсырмасын жасаңыз.
7. Білім деңгейінің айқындалуының бір көрінісі?
8. Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің жетістіктерін жазыңыз.
10-апта. 1-сабақ. «Болашақ» бағдарламасының түлегімен сұхбат. Шығыс септігіндегі есімше Шетелде білім алып, тәжірибе жинап жүрген жастар көп. Солардың бірі - Оңтүстік Флорида Университетінің Cell and Molecular Biology бағыты бойынша докторантурада білім алып жатқан Сайдибурханиддин Адиханов.
Сайдибурханиддин Адиханов Америка Құрама Штаттарындағы Флорида штатында Оңтүстік Флорида университетінде жасушалық және молекулярлық биология мамандығы бойынша PhD докторантурада оқиды. Сондай-ақ, университетте ғылыми зерттеуші қызметін атқарады. Сұқбат алған тілшіге магистратура бойынша шетелдік 7 университеттен, докторантура бойынша 4 университеттен шақырту алғанын және Америкада өмір сүріп жатқанына 1,5 жыл болғанын айтты. «Қазақстанда Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде биотехнология мамандығында оқыдым. Оқу барысында педагогика саласына, мұғалімдерге қатты қызығатынмын. Одан бөлек еліміздегі Білім-инновация лицейлерінде қосымша жұмыс атқарып жүрдім. Сөйтіп, «Болашақ» бағдарламасымен Англиядағы Эдинбург университетіне оқуға түстім» - деді ол.
«Осында оқып жатқан студенттерден әркез «мұндағы білім беру ерекшелігі қандай?» деп сұраймын. Көпшілігі жүйенің практикаға қарай бағыт алғанын айтады. Яғни, кез келген университет түлегінің индустрияға шығуға 80 пайыз дайынмын деген сенімі болады. Практикалық білімі бар, кез келген кейстарды талқылағаны өз сферасында дайын маман болып шығады. Осы негізгі ерекшелігі деп ойлаймын. Мұнда студенттер әлемді өзгертетініне сенеді. Атақ-даңқ үшін емес, адамзатқа өзгеріс енгізу үшін оқиды. Шетелде оқыған студент кеңірек ойлайды» - деді Сайдибурханиддин Адиханов.
Тапсырмалар: 1. Сөздерді орыс тіліне аударып, сөз тіркестерін құрастырыңыз.
жасушалық өзгеріс
зерттеуші талқылағаны
сала танымы
ерекшелігі күнделікті
қызығу түлегі
2. Орыс тіліне аударыңыз. «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританиядағы Warwick университетінде оқыған Қазақ ұлттық қыздар педагогика университетінің ректоры Гүлмира Қанай: «Аталмыш бағдарламаның маған бергені – күнделікті өмірде көп нәрсеге басқаша қарауға, басқаша шешім қабылдауға, әрекет етуге, жалпы адамдармен қарым-қатынасты өзгертуге сонымен қатар тұлға ретінде өзіме деген сенімділіктің артуына және алған білімдерімді жергілікті тәжерибемен ұштастыруға мүмкіндік берді деп ойлаймын», – деді. 3. Мәтін бойынша бес сұрақтан тұратын сұқбат құрастырып жазыңыз.
4. Байлық туралы өз ойыңызды жазыңыз.
5. Шығыс септігіндегі есімшені қатыстырып, мәтін тақырыбына қатысты үш сөйлем құрастырып жазыңыз.
6. Мәтін бойынша үш сұрақтан тұратын тест тапсырмасын жасаңыз.
7. Білім алудағы негізгі мақсатыңыз туралы жазыңыз?
8. «Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқығыңыз келе ме? Себебін жазыңыз.