Уақытты тиімді пайдалану үшін не істеу керек? 1. Өзіңіз ұнатқан іспен айналысыңыз. Өміріңіздегі жетістіктердің жартысынан астамы сүйікті істеріңізбен айналасудың арқасында.
2. Жоспарыңыздың орындалуын тездесетін істермен ғана айналасыңыз. Күнделікті жұмыстардың ішінен пайдасыз істерді алып тастаңыз.
3. Бүгін және дәл қазір қандай жұмыстар пайда әкеледі? Осы сұрақты өз-өзіңізге әрдайым қойып жүрген абзал.
4. Жоспар құру. Бір күнге, аптаға, айға немесе бір жылға жоспар құру – маңызды істерді бірде-бір минутты босқа кетірмеуге көмектеседі.
5. Алдымен бір істі бітіріп қана келесі іске кірісіңіз.
6. Толыққанды жұмыс істеу үшін өзіңізге көңіл бөліңіз. Уақыт өте келе адамның жұмысқа қабілеттілігі төмендейді, сондықтан демалысқа да дұрыс уақыт бөле білу керек. Табысты аяқталған жұмыстар үшін өзін мадақтап, біраз үзіліс бөлу керек. Бірақ, демалғанның жөні осы екен деп, бос сандалудың қажеті жоқ. Демалысқа арналған уақытты да пайдалы өткізуге болады. Мысалы, қызықты кітаптар немесе жаңалықтар оқу, спортпен айналысу.