Тапсырмалар:
Мәтінмен танысып, іштен оқыңыз.
Мәтіннен 10 жаңа сөз жазып, сөзтіркестер жасап, аударыңыз және оқып, есте сақтаңыз.
Мәтінді оқи отырып, сұрақтартар құрастырыңыз және маңызды ойға назар аударыңыз.
Берілген сөздерге сөз тудырушы жұрнақ жалғап жазыңыз.
Саяхат, турист, шет ел, мемлекет, тау, жүргізу. суреттеу, қыдыру, жолға шық, табиғат, саяхаттау.
Мәтінді оқып, ақпараттармен толықтырып, өз ойыңызбен бөлісіңіз.
Мәтіннен туынды сөздерді жазып, жасалу жолын түсіндіріңіз.
«Саяхат» сөзіне қатысты тірек сызба құрастырыңыз. «Саяхатшы», «Саяхаттау» сөздерін жіктеңіз.
Берілген сөздерді тиісті жерге жазыңыз.
Саяхатшылар, ұлттық, суреттеуші, жинаушы, адамдар, тарихи, дүниежүзілік, атақты, сапарлар.
Негізгі түбір
|
Жұрнақ
|
Жалғау
|
|
|
|
|
|
|
12-апта. Қазақстандықтар қайда демалады? Салыстыру мәнді құрылымдар. (онымен салыстырғанда, оған қарағанда, гөрі).
Қазақстандықтар қайда демалады?
Дүниежүзін жалмаған пандемия әлемдік туризм саласына ауыр соққы болып тиді. Мәселен, пандемияның алдында 400 мыңға жуық қазақстандық шетелдік демалыс орындарына барған болса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 86 пайызға төмендеп, 50-60 мың туристке дейін азайған. Дегенмен, 2021 жылдан бастап шет елдердің шекарасы ашылып, әр елдегі саяхатшылар саны арта бастады. Осы орайда біз «қазақстандықтар қайда саяхаттағанды ұнатады?» деген сұраққа жауап іздеп көрдік. Туристік агенттіктермен жұмыс жөніндегі мемлекеттік мекеменің дерегіне сүйенсек, өткен жылы қазақстандықтар үшін ең танымал демалыс бағыттары Египет, БАӘ, Мальдив аралдары, Шри-Ланка және Түркия, Қытай елдері болған. Мәселен, 2021 жылдың алғашқы айларының өзінде Мысырға 20 мыңнан астам азамат саяхаттаса, Біріккен Араб Әмірліктеріне 13 турист аттаныпты. Ал, Мальдив аралдарына 7 мыңға жуық, Шри-Ланкаға екі мың және Түркияға мыңнан астам азамат жол тартқан (Дегенмен, бұл көрсеткіштердің жыл мезігіліне қарай өзгеретінін де ескеру қажет). Сонымен қатар, ашық ғаламторда жүргізілген сауалнамаларға мән берсек, бұл тізімге Грузияны да қосуға болатынын аңғарамыз.
(https://ernur.kz/sayakhat/kazakstandyktar-kaida-sayakhattaghandy-unatady)
Отандастар арасында теңіз жағалауындағы демалыс өте танымал. Өткен жылы 290 мың қазақстандық кезекті еңбек демалысын шетелде өткізсе, биыл тек жарты жылдың өзінде 300 мыңға жуық адам осы мақсатпен жыраққа шыққан. Биыл әсіресе, Мысырға туристік жолдама алу 30 пайызға өскен. Ал, сапар құнының орташа бағасы – 300-500 АҚШ доллары аралығында. Түркияға жолдама құны – 500 доллар шамасында. Айта кетейік, заң бойынша демалушылар өз қауіпсіздігі үшін туркод алуға міндетті. «Туристік Қамқор» қорының мәліметінше, бір жылдың ішінде 460 мыңнан аса қазақстандыққа туркод берілген. (https://kaz.tengritravel.kz/my-country/2022-jyilyi-kazakstandyiktar-kayda-demaldyi).
Достарыңызбен бөлісу: |