Семинар сабақ өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚау қазақ тілі Орташа деңгей (B1)


-тапсырма. «Болашақ маман – бұл бәсекелестікке қабілетті маман» тақырыбы бойынша дискуссивті эссе жазыңыз



бет32/44
Дата30.09.2024
өлшемі0,82 Mb.
#146246
түріСеминар
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   44
Байланысты:
(В1) Әдістемелік нұсқау семинар

10-тапсырма. «Болашақ маман – бұл бәсекелестікке қабілетті маман» тақырыбы бойынша дискуссивті эссе жазыңыз.


7-апта. ЖҰМЫС ТҮРІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫ.
ГРАММАТИКА: ЕТІС ФОРМАЛАРЫНЫҢ ҚОЛДАНЫСЫ

Еңбекақы бұл жұмыскерге оның еңбегі үшін, сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады.


Еңбекақы – жұмыскерлердің іс жүзінде істеген жұмысы үшін және жұмыс уақытында кіретін уақыт үшін ақшалай және натуральды формада алатын сыйақылар жиынтығы.
Еңбекақы – тұтынуға жіберілетін қаржының негізгі бөлігі, ұжымның жұмыс нәтижелеріне тәуелді болатын табыстың бір бөлігі болып табылады.
Еңбекақы төлеу негізгі және қосымша түрлерге бөлінеді.
Негізгі түрлері:
- мерзімділік, үдемелі және кесімді еңбекақы төлеу кезінде орындалған жұмыстың сапасы және мөлшері үшін, пайдаланылған уақыт үшін төлемдер;
- еңбектің қалыпты жағдайынан ауытқуымен байланысты төлемдер, яғни мерзімінен тыс жұмыстар үшін, түнгі уақыттарға, мереке күндерде және т.б. күндерде жұмыс жасаған үшін төленетін төлемдер;

  • қызметкерлердің кесірінсіз тоқтап қалулар үшін төлемдер;

  • сыйлықтар, сыйлықақылы үстемелер және т.б.

Қосымша түрлері:

  • демалыс уақыттарына ақы төлеу;

- мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындаған уақыттары үшін ақы төлеу;
- кішкентай балалары бар аналарға жұмыстағы үзілістері үшін ақы төлеу;
- жасөспірімдерге белгіленген жеңілдік сағаттарға ақы төлеу.
Еңбекақы төлеудің кесімді және мерзімді екі формасы бар.
Кесімді – өнімнің әрбір данасына немесе орындалған жұмыс көлеміне төленетін ақы. Мысалы: жай кесімді, кесімді сыйлық, жанама кесімді, аккордтық, кесімді прогресивті.
Мерзімді – жұмыс атқарған уақытына төлемақы, бірақ күнтізбелі емес, заң бойынша нормативтік уақыт алынады. Мысалы: жай мерзімді, сағаттық, күндік, апталық, айлық.
Жұмыс (еңбек) экономикада – адамның немесе еңбек ұжымының өндірістік қызметінің жалпылама атауы. Жұмыс бірнеше түрге бөлінеді: беймезгіл жұмыс – белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығынан тыс мерзімде атқарылатын еңбек. Беймезгіл жұмысқа көтеріңкі мөлшерде ақша төленеді. Жұмыстан дәлелсіз себептермен бас тарту еңбек тәртібін бұзғандық болып саналады.
Уикипедия




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет