Семинар сабақ өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚау қазақ тілі Орташа деңгей (B1)



бет40/44
Дата30.09.2024
өлшемі0,82 Mb.
#146246
түріСеминар
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
Байланысты:
(В1) Әдістемелік нұсқау семинар

Тапсырмалар:

  1. Мәтінмен танысып, іштен оқыңыз.

  2. Мәтіннен 10 жаңа сөз жазып, сөзтіркестер жасап, аударыңыз және оқып, есте сақтаңыз.

  3. Мәтінді оқи отырып, сұрақтар құрастырыңыз және маңызды ойға назар аударыңыз.

  4. Мәтіннен сөз тудырушы жұрнақ жалғанған сөздерді көшіріп жазып, түсінік беріңіз.

  5. Мәтінді оқып, ақпараттармен толықтырып, өз ойыңызбен бөлісіңіз.

  6. Берілген сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз. Мойындаған, түсінігінің, саяхатшының, таптырмайтын.

  7. Туризм, турист, саяхат, жолдама, пойыз, ұшақ сөздерімен сөзтіркестер мен сөйлемдер құрап, жазыңыз.

  8. «Қазақстанның ғажайып жерлері» Эссе жазу.


12-апта. Еліміздегі туризмнің даму деңгейі қандай? Салыстыру мәнді құрылымдар. (онымен салыстырғанда, оған қарағанда, гөрі).
Еліміздегі туризмнің даму деңгейі қандай?

Бүгінде Қазақстанда жергілікті мәдениетке деген қызығушылықтың артуы және туризмнің даму тарихы жаңа деңгейге көтерілуде. Қазақстанда туризмнің дамуы 1920-30 жылдары басталған. Елде туристік базалардың, демалыс орындардың, санаторийлердің, жаппай құрылысы басталды. Көптеген көрікті жерлер қалпына келтірілді, жаңа мұражайлар, мен көрме орталықтары ашылды. Бірақ тарихшылар, археологтар, өнертанушылар арасында әлі де көптеген жұмыстар бар.


Туризм (французша tourisme, tour-серуендеу, жол жүру) – яғни, бұл адамдардың бос уақытындағы саяхаты, белсенді демалыстың бір түрі.
Туризм, негізінен адамның, яғни рекреациялық қажеттіліктерін (денсаулығын жақсарту, күш-қуатын қалпына келтіру, т.б.) қанағаттандырудың негізгі тиімді жолы десек те болады. Туризм тек бұл жағынан емес, сонымен қатар адамның танымдық қабілетін де арттыруға үлесі зор. Соның ішінде мәдениет пен өнердің дамуына, ел экономикасының да өркендеуіне біршама үлес қосып, сол елді әлемге танытуға мүмкіндік туғызады. (https://massaget.kz/mangilik_el/40929/).
Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығы мен ерекшеленіп отыр. Осы тұста еліміздің туристік шаңыраққа айналуына әбден мүмкін деген болжаумен де келісуге болады. Себебі, әр аймақтың өзіне тән тарихы, археологиялық қазбалары, табиғаты, елі және салт-дәстүрі бар. Дәл осы тәрізді біздің көркем де, әсем жеріміздің түкпір-түкпірінде өзіне ғана тән гаухарларын табуға болады.
Мысалы, Алматының Шарын шатқалысы, Жамбылдың Мыңбұлағы, Көкшетаудың Оқжетпесі, Қарқаралының Шайтанкөлі, Алматының шөлейт аймақтарында орналасқан Тамғалысы, Маңғыстаудың жартас мешіттері, Оңтүстіктің Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Яссауи мен Жүсіп Көпеевтің кесенелері және тағы басқа да аты аңызға айналған жерлерді айтуға болады.
(https://sn.kz/sn-akparat-agyny/101640-kazakstandagy-turizm-damu-tarikhy-bugingi-zhagdaiy)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет