9-тапсырма. «Үнемшілдік пен ысырапшылық» постер әзірлеу.
10-тапсырма. Мәтін бойынша екі проблемалық сұрақ құрастырыңыз.
10-апта. ЕСТЕ ҚАЛҒАН САЯХАТ. ЕСІМШЕ ФОРМАЛАРЫНЫҢ СЕПТЕЛУІ; ЕТІСТІК+ЕСІМШЕ ЖҰРНАҚТАРЫ+ЖАТЫС СЕПТІК
Әлем елдерінің таңғажайып мекенімен танысу көңілге қуаныш сыйлайды, тынығуыңызға септігін тигізеді. Саяхатты әрбіріміз әр түрлі мақсатта құрамыз, алайда оның да өзіндік пайдасы бар екен. Ендеше, саяхат жасаудың ерекшеліктерімен бөлісейік.
1. Сіз қатты шаршайсыз, естен кетпес демалысты қалайсыз. Көптеген тұлғалар қолайлы уақытты таңдап, өзіне ұнайтын мемлекетте сауық құруды ұнатады. Дәл сондай саяхаттан кейін, сіз ерекше жеңілдікті сезінесіз, сүйікті жұмысыңызға деген құлшынысыңыз ашылады.
2. Жоспармен жүруді әдетке айналдырасыз. Саяхат барысында мүмкіндігіңіз одан әрі артады. Бұл өзіңізді басқа қырыңыздан көрсетуге таптырмас мүмкіндік.
3. Адамдармен қарым-қатынас. Жаңа орта тауып, өз көзқарастарыңызбен бөлісу саяхат кезінде мәңгілік естелік сыйлайды. Бәлкім, сіздің қызығушылықтарыңызға сай жандар кездесетін болар. Олармен уақыт өткізу кемшіліктеріңізді түзеуге мүмкіндік береді.
4. Өзге мемлекеттің ғұрпы мен дәстүрімен танысу. Кейбіріміз көптеген елдердің салт-санасына ерекше назар аударып интернет көздерінен қосымша мәлімет іздестіреміз. Саяхат жасау арқылы басқа да халықтың ерекшеліктерімен танысып, етене байланыс жасай аласыз.
5. Мәселелеріңізді шешу. Егер сізде қиындық туа қалса, ойланбастан саяхатқа аттаныңыз. Бірнеше уақыттан соң, сіздің ой-санаңыз тазарып, 24 сағат бойы тоқтаусыз жұмыс істейді. Тексеріс жасап, тәжірибе жинақтайсыз.
6. Суретке түсу. Әлем елдерінің көрікті жерлеріне құрмет көрсететін адамдар естелік қалдыруды ұнатады. Сол үшін де суретке түсіп, терең тарихымен бөліседі.
7. Өзге тілді үйрену. Мәселен, сіз ағылшын немесе итальян меңгеруді қалайсыз. Есіңізде болған жөн:сізге өзге елдің ана тілін практикалық тұрғыда ғана үйренесіз, Парижге саяхат жасауды ұнатсаңыз, француз халқымен қарым-қатынас құрасыз. Бұл сіздің акцентіңіздің дұрысталуына көмектеседі.
8. Өзіңді және әлемді тану. Егер жақын жаныңыздың ішкі әлемін танысқыңыз келсе онымен саяхаттаңыз.
9. Саяхат жасауды ұнату. Кез-келгеніміздің жеке позициямыз бен әуестігіміз бар. Мүмкін сізде саяхаттағанда ұнататын боларсыз?
https://bilimnews.kz/content/bolim/matin/tid/oqushylarga/56/1951/1
Достарыңызбен бөлісу: |