Семинар сабақ өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚау қазақ тілі Орташа деңгей (B1)


-тапсырма. «Ақша қандай қызмет атқарады?» тақырыбында пікір-эссе жазыңыз



бет36/44
Дата30.09.2024
өлшемі0,82 Mb.
#146246
түріСеминар
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   44
Байланысты:
(В1) Әдістемелік нұсқау семинар

10-тапсырма. «Ақша қандай қызмет атқарады?» тақырыбында пікір-эссе жазыңыз.

9-апта. АҚША ЖҰМСАЙ БІЛЕСІЗ БЕ?
ГРАММАТИКА: ЕСІМШЕ ФОРМАЛАРЫНЫҢ СЕПТЕЛУІ; ЕТІСТІК +ЕСІМШЕ ЖҰРНАҚТАРЫ+ТАБЫС СЕПТІК

Ақша – айырбас құралы ретінде барлық адамдармен қабылданатын және басқа тауарларды (қызметтерді бағалауға қызмет ететін кез келген тауар немесе символ.


Мына заманда ақшасыз, бір қадам да аттап та баса алмайсыз. Ақшаны табу көп адамның қолынан келеді. Дегенмен, орнымен жұмсап, тиыннан дейін орынды жұсамаған жөн.
Ай сайын оқумен ипотека, несие мен күнделікті шығындарын реттей алмай, шығын шеңберінен шыға алмай жүргендерге жеті ережені ұсынамын.
1. Кірісіңіз бен шығысыңызды анықтаңыз. Ең оңайы оны қайда жұмсағаныңызды, қанша төлеп, қайдан келгенін жазып отыру қажет. Қазірден бастап, телефоныңызға кіріс пен шығындарды бақылау бағдарламасын орнатып, оны қолдануды бастаңыз.
2. Ең маңызды ереже – шығындар кірістен аз болуы шарт. Шығындарды қадағалап отыру маңызды.
3. Ақшаңыз барлығына жетсін десеңіз, отбасылық бюджет жасаңыз. Мен сізге Алекс вон Тобель ойлап тапқан оңай әрі қарапайым жүйені ұсынамын. Бұл «50-30-20» әдісі. Оған сәйкес кірістің 50 пайыз негізгі мақсаттарға, атап айтсақ, ипотека, үй жалдау ақшасын төлеуге, коммуналдық қызметтерге, жол ақысы, тамақтануға бағыттау керек. Қаржының 20 пайызын болашаққа салу керек. Оның ішінде қаржылық қауіпсіздік жастығы, қартық шақтын қамын ойлап, инвестициялық салымдар жинақта бар. Ал, қалған 30 пайызын демалысқа жұмсауға болады. Бұған мейрамханалар мен киноға бару, демалыс сапарлары, қосымша білім алу, шоппинг т.б. жатқызуға болады.
4. Алдымен өзіңізге төлеңіз. Тапқан табысыңыздың ең кем дегенде 10, 20 пайызы болашағыңызға жинаңыз. Бұл да сіз жоспарлаған бюджеттің ішіне енуі қажет. Сондықтан қолыңызға ақша тигенде өзіңізге төлейтін соманы арнайы ұзақ мерзімге банктің депозитіне салып қойыңыз.
5. Қауіпсіздік жастығы. Қаржылық қауіпсіздік жастығы дегеніміз – аты айтып тұрғандай, ойда жоқта карантин болып, жұмыстан айырылып, ауырып қалған жағдайда, «жұмысыңызды ауыстырып, бизнеске кетсем не болады екен» деп уайымдамай, отбасыңызға алты айлық шығынын жабатын соманы жинап, оның бар екенін мүлдем ұмытып кету.
6. «Бұның бәріне қаржы керек, ал оны жинауға ақша жетпейді» деп налитын жандар үшін кеңес – қосымша табыс көздерін іздеңіз.
7. Қаржылық мақсат қойыңыз. Үй алу, көлік алу, сахаттың да өзіндік құны бар. Өзіңіздің мақсаттарыңыздың тізімін жасаңыз. Әр мақсатқа жұмсалатын қаржы сомасын жазып, бүгінгі бюджетіңізге салып есептеп көріңіз.
Әсел Мағжан.inbusiness7 kz




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет