Менің пәтерім орталықтан алысырақ. Бұрынғы үйіммен салыстырғанда, тыныштау жерде, көше шуы азырақ. Бөлмелері көп емес. Жатын бөлмесі қонақ бөлмесіне қарағанда кішірек. Ал ас үйі кеңдеу. Бәрінен жұмыс кабинетім жақсы. Кітап сөрелері көп. Балконы да кеңдеу, үлкенірек. Жұмыс кабинетімнің терезелерінде көкшіл жалюзи. Ыстықта жақсы көлеңке.
13-апта. Ауа райының өзгеруі жайлы жаңалықтар. Болжам мәнді құрылымдар. (- уы мүмкін; -уы ықтимал; - атын/-етін шығар). Ауа райының өзгеруі жайлы жаңалықтар
Қазақстан Республикасы Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің құрылғанына тоқсан жылға тарта уақыт болыпты. Сонау 1922 жылы алғаш іргетасы қаланған бұл маңызды орталық бүгінде еліміздің Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің ірі де іргелі ғылыми-өндірістік кәсіпорыны болып табылады. «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (РМК) осы жылдар ішінде еліміздің гидрометеорологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тынымсыз қызмет көрсетіп, өлшеусіз еңбек сіңіріп келеді. Қазіргі таңда мемлекеттік кәсіпорынның 3 мыңнан астам қызметкері өздеріне жүктелген зор міндетті орындау үшін тәулік бойы қоршаған ортаға мониторинг жүргізеді, ауа райын, су, топырақ және өсімдіктер әлемі сияқты әртүрлі ортадағы табиғи құбылыстарды бақылайды, өзгерістерге ғылыми талдаулар жүргізеді, болжамдар жасайды. Табиғи апаттарды болжап, адамдардың өмірі мен мүліктерді қорғауда сақтандыру жасайды. 2008 жылы «Қазгидромет» РМК Астана қаласына көшіп келген болатын. Ұлттық гидрометеорологиялық орталықтың ауа райын болжауда, табиғи апаттардың алдын алуда, еліміздің экологиялық ахуалын айқындауда жұмыс жасап жатыр.
Синоптиктер – ауа райын болжаумен айналысатын мамандар. Ауа-райын бақылау, температура, ылғалдылық, қысым, жел және теңіз және океанографиялық жағдайлар туралы ақпаратты қамтитын әртүрлі деректерді пайдаланады. Олар сондай-ақ болжам жасау үшін аймақтың географиясын, климаттық тенденцияларды және компьютерлік модельдің нәтижелерін ескереді. Ауа райына болжау жасағанда олар неге сүйенеді, қандай мағлұматтарды басшылыққа алады? – Біздің синоптиктер ауа райын болжағанда, міндетті түрде Қазақстанның барлық өңірлерінде орналасқан 260 жер метеостансаларынан, 8 ірі аэрологиялық стансалардан және жер серігі арқылы алынған жан-жақты мағлұматтарды негізге алады. Бұл мағлұматтар атап айтқанда, ауаның температурасы, атмосфералық қысым, желдің бағыты мен екпіні, күннің бұлттылығы туралы деректер түгелімен арнайы синоптикалық картаға енгізіліп, әр үш сағат сайын жаңартылып, түбегейлі өңдеуден өткізіліп отырады. Мұндай ақпараттар синоптиктерге ауа райының алдағы уақыттағы өзгерістері туралы, циклон мен антициклондардың орналасуы туралы кең көлемдегі мәліметтер береді. (https://egemen.kz/article/11046-kazgidromet-tabighat-tamyrshysy).