Семинар сабағы №7 Сағат көлемі: 1
Тақырып: Жазба деректерді қолдану әдіс-тәсілдері.
Семинар сабағының мақсаты: Галерея әдісі арқылы студенттерді жазба деректерді қолдану әдіс-тәсілдерін әр түрлі жолдармен зерттеуге және өз ойларын сараптауға үйрету.
Семинар сабағының мазмұны: 1. Жазба деректерді талдау методикасы мен принциптері. 2. Жазба деректердің пайда болуын «сынау» немесе сыртқы «сын».
Әдістемелік нұсқау: Галеряға саяхат. Галеряға саяхат. 1. Студенттер бір проблеманы әртүрлі жолдармен талдайды және өз жұмыстарының қорытындысы ретінде не диаграмма не кесте сызады;
2. Нәтижелер тақтаға қыстырылады;
3. Оқытушы белгі кезегімен жылжып тақтадағы барлық нәтижелерді оқып талқылайды;
4. Әр топ немесе оқытушы тақтадағы нәтижеге келесі топтың нәтижелеріндегі жетістіктер, кемшіліктер көрсетілген және ескертпелер берілген өз байқауларын қыстырып қояды;
5. Осы галерея саяхатынан соң, топтар нәтижелерді басқалармен салыстыра зерттейді, өз жазған нәтижелеріне басқалардың қыстырып кеткен байқауларын талқылайды.
Өткізу формасы:топтық жұмыс.
Бағалау критерийлері: 90-100 балл алу үшін: жазба деректерді талдау методикасы мен принциптерін, жазба деректердің пайда болуын «сынау» немесе сыртқы «сын» бойынша негізгі идеяларды талдап, жинақтап, постерге түсірген жағдайда, оны нақты дәлелдермен қорғаған жағдайда, келесі топтың постерлерін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасаған жағдайда;
70-89 балл алу үшін: жазба деректерді талдау методикасы мен принциптерін, жазба деректердің пайда болуын «сынау» немесе сыртқы «сын» бойынша негізгі идеяларды талдап, жинақтап, постерге түсірген жағдайда, оны нақты дәлелдермен қорғаған жағдайда;
50-69 балл алу үшін: жазба деректерді талдау методикасы мен принциптерін, жазба деректердің пайда болуын «сынау» немесе сыртқы «сын» бойынша негізгі идеяларды талдап, жинақтап, постерге түсірген жағдайда.
Әдебиеттер: 1 Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 302 б.
2 Атабаев Қ. Деректану: Оқу құралы. Толықтырылып ІІ басылуы. – Алматы: «Қазақстан тарихы» 2007. – 272 б.