Дәріс сабағының жоспары: 1 Кәсіпкерліктегі маркетинг мәні
2 Маркетингтік зерттеулер мен ондағы кедергілер
4 Баға белгілеу стратегиясы
Тақырыптың қысқаша мазмұны: Маркетинг (ағылш. marketіng — рынок‚ базар‚ өткізу‚ сауда) — кәсіпорынның (фирманың, бірлестіктің‚ т.б.) тауар өндіру-өткізу және сауда жасау қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі.
Маркетинг — сұранымды жан-жақты зерттеп‚ болжау‚ жарнаманы пайдалану‚ өндірісті ынталандыру‚ сақтау мен тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін‚ тауарлардың тұтынушыға жетуіне жәрдемдесетін түрлерін қолдану негізінде кәсіпорынның жаңа өнімді әзірлеу‚ өндіру мен өткізу жөніндегі ұйымдық-техникалық‚ қаржы‚ коммерциялық және басқа қызмет түрлері жатады.
Маркетингтің 4Р және 4С моделдері
Маркетингтік зерттеулер дегеніміз - компанияның басқару шешімдерін дұрыс қабылдау мақсатымен, алдына қойған маркетингтік міндеттерге сәйкес акпаратты жинау, өңдеу және мәліметтерді талдау мен қорытындыларды ұсыну.
Маркетингтік зерттеулер - бұл тұтынушылардың талғамдары мен талаптарын зерттеуге бағытталған фирманың маркетингтік әрекетінің маңызды түрінің бірі.
Маркетингтік шешімді қабылдауда ақпарат ауадай қажет. Сондықтан ақпарат дұрыс жинақталып, қолдану үшін талдануы керек. Ақпарат жинаудың әр түрлі әдістері бар. Оның көздері бастапқы және екінші ретті мәліметтер болып бөлінеді.
Баға стратегиясын жасаған кезде микро және макро-ортаны талдап, ондағы факторлар өзгерістерінің тенденциясын анықтау керек.
Жалпы баға үш тәсіл арқылы анықталады:
Баға - тауар өндіру және қызмет көрсетуге байланысты шығындарды жабуы қажет;
Кәсіпорын тек шығындарды ғана жаппай, сонымен қатар белгілі бір пайда алуы тиіс, ол өз кезегінде тауарға деген сұранысқа байланысты;
Нарықта бәсекелестер әрекет етеді. Сондықтан, тұтынушы төлеуге әзір баға бәсекелестер ұсынысына байланысты.
Қайталауға арналған сұрақтар: Кәсіпкерліктегі маркетинг түсінігін анықтаңыздар
Маркетингтік зерттеулерге сипаттама беріп, кезеңдерін анықтаңыздар
Кәсіпкерліктегі маркетингтік зерттеулер мәні мен маңыздылығын атап көрсетіңіздер
Кәсіпкерлер үшін 4C-ге негізделген тұжырымдаманы сипаттаңыздар.
Әдебиеттер: Куратко Д.Ф. Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика. 10-басылым. Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018 жыл – 480 бет
А.М. Есиркепова / Кәсіпкерлік: Оқу құралы. – Қарағанды: «Ақнұр баспасы». – 2017. – 268 бет.
А.Н. Токсанова Основы предпринимательской деятельности. – Астана, 2007. – 480 с.
А. А. Нұрғалиева, Б. С. Корабаев Кәсіпкерлік. оқу құралы / Алматы : Экономика, 2016. - 275, [1] б.
ҚР Кәсіпкерлік кодексі. 29.10.2015ж (01.08.2019ж. толықтырулар және өзгерістермен ) https://egov.kz
www.atameken.co. Atameken Academy онлайн-платформасының материалдары