Семинар сабағының Әдістемелік ұсынысы (барлық білім алушылар үшін)


Семинар 30. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және халықаралық



Pdf көрінісі
бет54/56
Дата27.02.2023
өлшемі1,57 Mb.
#70147
түріСеминар
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Байланысты:
Тарих практика

Семинар 30Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және халықаралық 
қатынастары. 
 
Жоспары: 
1. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының көп векторлығы.
2. Шетелдер мен дипломатиялық қатынастардың орнатылуы. 
3. Қазақстан Республикасы және халықаралық ұйымдар. 
4.Қазақстанның әлемдік және аймақтық қауіпсіздік проблемалары. 
Сабақтың түрі: 
проблемалық семинар  
Тақырыпты оқытудың мақсаты мен міндеті: Қазақстанның сыртқты саясатының 
қалыптасуы мен негізгі бағыттары, экономикалық ынтымақтастығы мен инвестициялық қызметі
және Президент Н.Ә. Назарбаевтың еуразиялық идеясы және оның дамуын оқып-үйрену. 
Тақырыпты оқытудың әдістемелік нұсқаулары: Сабақ барысында Қазақстанның 
сыртқы саясатының негізгі бағыттарына назар аудару қажет: біріншіден, басқа елдермен, соның
ішінде бұрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, 
Европа елдері және АҚШ-пен халықаралық байланысты өркендету; екіншіден, шетелдермен тек 
дипломатиялық байланыс орнатып қана қоймай, сонымен қатар олармен мәдени-экономикалық 
байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу
үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты, ядролық қаруды 
қолдануды болдырмау.Қазақстан да бірқатар жағдайларға байланысты әлемдік қауымдастықтың
қызығушылығын тудырады: біріншіден, құрылықтағы геосаяси орналасу ерекшелігі; екіншіден, 
ұлттық бірігу, толерантты этносаралық диалогтың үлгісі жүзеге асқан ел; үшіншіден, бай 
минералды ресурстарға ие мемлекет, мұнай, газ, көмір қоры бойынша әлемдегі көшбасшы елдің 
бірі, ірі астық экспорттаушы. 
Тақырыпты оқып-үйренуде Қазақ елінің сыртқы экономикалық ынтымақтастығы мен 
инвестициялық қызметіне, сыртқы аясатта басты басымдық болып табылатын РФ, ҚХР 
елдерімен кең ауқымды әріптестік пен одақтастықтың орнатылуы, Орталық Азия елдерімен, 
Европалық Одақпен, АҚШ, Түркиямен, Азия және Еуропалық, Американдық бағыттағы 
мемлекеттермен де саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың 
құқықтық негізін қалануы, шетелдік инвестицияның тартылуы сияқты мәселелерге мәнберілуі 
тиіс. Президент Н. Назарбаевтың еуразиялық идеясының тарихы мен дамуы, еуразиялық 
интеграцияның мәселелері, ЕАЭО шеңберіндегі саяси, экономикалық және құқықтық аспектілер, 
қоғамның интеграцияны қабылдауы және сондай-ақ, еуразиялық интеграцияның кеңеюі мен 
тереңдеуінің қазіргі проблемалары мен перспективалары секілді басты бағыттар
қарастырылғаны жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет