Семинар сабағының әдістемелік ұсынысы (барлық мамандық студенттері үшін)



бет53/85
Дата12.01.2022
өлшемі423,5 Kb.
#23956
түріСеминар
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   85
Негізгі ұғымдар: демократияландыру, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Жастар істері бойынша саясат, жаңа конфессионалдық шындық, әлеуметтік саяcат, демографиялық және көші-қон үдерістері.

Тақырыпты оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулықтар:

Қазақстанның демографиялық мәселесі – қазақ қоғамының маңызды мәселелерінің бірі. Қазақстанда өткен ғасырдың 80-жылдардың соңы мен 90-жылдардың басында экономикалық дағдарыстың тереңдей түсуі салдарынан халықтың тұрмыс дәрежесі төмендеп, демографиялық жағдай едәуір нашарлады. 1991 жылдан бастап миграцияда жаңа құбылыс ТМД елдерінен және алыс шетелдерден қазақ ұлты өкілдерінің келе бастағаны көрініс берді. Осындай миграциялық процестердің нәтижесінде республиканың ұлттық құрамында өзгерістер жүрді. Олардың ең бастысы - өзінің Отанында, туған жерінде жарты ғасырдай азшылыққа айналып, талай демографиялық апаттарды басынан кешірген қазақтар көп ұлтты халықтың енді басым көпшілігіне айналды.

2008 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңына қол қойылды. Осы заң этносаралық қатынастар саласындағы негізгі принциптерді айқындай отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның құрылымдарының мәртебесін заң деңгейінде бекітті. Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық азаматтық бірегейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде Қазақстан Республикасында этносаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады.

Аталған тақырыпты оқып-үйренуде отандық тарих бойынша белгілі ғалымдар Б.Аяған, Х.Әбжанов, Ч.Мусин, Ж.Артықбаев (Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. Жоғары оқу орындарының тарихшы емес мамандықтарына (бакалавриат) арналған оқулық. – Алматы «Раритет», 2010, Мұхамедов М.Б., Сырымбетұлы Б. Қазақстан тарихы. Оқу құралы. – Алматы: «Қарасай», 2010, Мусин Ч. Қазақстан тарихы. - Алматы, 2008, Артықбаев Ж. Қазақстан тарихы. Оқулық-хрестоматия. - Астана, Фолиант, 2000, Абылхожин Ж.Б. Очерки социально-экономической истории Казахстана. XX век. - Алматы: ЮАТ. - 1997.) және т.б. баспадан жарияланған зерттеу еңбектерге басты назар аударған жөн.

Қазіргі таңда студенттер, оқытушылар мен зерттеушілердің тарихи веб-ресурстарды пайдалану тәжірибесі Интернетті маңызды ақпарат көзі ретінде қарастыруды көрсетті. Тәуелсіз Қазақстанның тарихы бойынша ақпараттар іздеу үшін студенттерге мынадай ресми сайттарды ұсынуға болады: http: //www. Akorda.kz/, http: //www. tarihibilim. kz/; http: //www.//қазақстанның ашық кітапханасы. http://ikitap. kz/ru/, http: //www.e-history.kz/; http: //www. president. kz/; http: //tarih. tor. kz/, http: //www. elim. kz/ және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет