Семинар сабақтар семинар сабақтың тақырыбы: «Морфология және сөздің грамматикалық сипаттары» тақырыбының мазмұнын ашуға берілетін сұрақтар


Көмекші есім, оның зат есім шеңберінде қаралуы



бет13/48
Дата28.04.2023
өлшемі208,73 Kb.
#88218
түріСеминар
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48
Байланысты:
ПРАКТИКА.206.Усибалиева Айжан (копия)

4.Көмекші есім, оның зат есім шеңберінде қаралуы.

Қазақ тілінде лексикалық мағынасынан толық я жартылай айрылып қалған сөздер бар. Бірақ олар, біріншіден, заттық мәнде қолданылады, екіншіден, зат есімдермен матаса я жартылай матаса (негізгі сөз ілік септікте я оның жасырын түрінде, бұл сөз тәуелдік жалғау тұлғасында) байланысып, зат есімдерше түрленіп жұмсалады. Олар көмекші есім деп аталады да, осы себептен зат есімнің аясында қаралады: ауылдың маңы, стол үсті, үйдің жаны.т.б. Сөйтіп, көмекші есімдер әдетте тәуелдік жалғауында жұмсалып, септік жалғау тұлғасында да қолданыла береді. Мысалы: Ауылдың жаны терең сай (Абай). 


5. Зат есімнің грамматикалық категориялары: сандық категориясы, тәуелдік категориясы, септік категориясы 
Зат есімнің сөйлемдегі қызметі, бір жағынан, оның жалпы грамматикалық мағынасымен – заттық мағынасымен және қандай түрлену тұлғасында жұмсалуымен, соның нәтижесінде қандай сөзбен тіркеске түсуімен байланысты. Зат есім ілік септікте немесе түбір тұлғада тұрып, анықтауыш болады. Мысалы: Абайдың қонақтары ымырт жабылар кезде ғана көрінді (М.Ә.) Дайрабай әрі күйші, әрі әнші, әрі ақын адам болған (С.Бег.). Бұл сөйлемдерде Абайдың (кімнің?) ілік септікте тұрып, күйші, әнші, ақын (қандай адам?) туынды және негізгі түбір тұлғада тұрып, анықтауыш қызметін атқарып тұр. 


5.Зат есімнің грамматикалық категориялары: сандық категориясы, тәуелдік категориясы, септік категориясы

Зат есім атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде объект мәнін білдіріп толықтауыш та болады. Мысалы: Көк торғын Көкшетауды мұнар басқан, Бастары көкке бойлап бұлттан асқан (С.С.) Бұл сөйлемде Көкшетауды (нені мұнар басқан?) табыс септікте, бұлттан (неден асқан?) шығыс септікте келіп толықтауыш болып тұр. 


5.Зат есім көлемдік септіктерде тұрып немесе түбір тұлғада мезгілдік, мекен-бағыттық, себеп-мақсаттық мәндегі шылаулармен тіркесіп келіп пысықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Орманның оңтүстік жақ бүйірінен Жол шықты айдаһардай иірілген (С.М.). Көкке қарай қанат қағып, Аққу кетті бұлдырап (С.С.)Бұл сөйлемдерде бүйірінен (қайдан) шығыс септікте, көкке қарай (қайда қанат қағып?) барыс септіктің үстіне қарай шылауы тіркесіп, пысықтауыш болып тұр. 
1.Зат есім атау септікте тұрып, кім? не? деген сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бастауышы болады. Мысалы: Таулардан өзен ағар сарқыраған (Ы.А.) Бұл сөйлемде өзен сөзі атау септікте тұрып, (не ағар?) бастауыш қызметін атқарып тұр. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет