Семинар сабақтар семинар сабақтың тақырыбы: «Морфология және сөздің грамматикалық сипаттары» тақырыбының мазмұнын ашуға берілетін сұрақтар

бет11/48
Дата28.04.2023
өлшемі208,73 Kb.
#88218
түріСеминар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   48
Байланысты:
ПРАКТИКА.206.Усибалиева Айжан (копия)

3,4- семинар сабақтың тақырыбы:

Зат есім, оның грамматикалық категориялары
«Зат есім» тақырыбының мазмұнына байланысты оның лексика-грамматикалық сипаты, мағыналық топтары, грамматикалық категорияларға түрленуін ашуға берілетін сұрақтар:

1.Зат есімнің лексика –грамматикалық сипаты, семантикалық және грамматикалық ерекшелігі.

Зат есім – семантикалық сипаты (жалпы грамматикалық мағынасы) жағынан зат атауын білдіретін сөздер, сондықтан кім? (адамға байланысты) және адамнан басқа затқа байланысты не? деген сұраққа жауап береді. Кейбір зат атаулары біркелкі заттардың жалпы атауы, олар жалпы есім деп аталады. Мысалы, ағаш деген – бір ғана ағаш емес, жалпы атау. Зат атауының кейбіреуі жеке, дара заттың өзіндік атауы, аты болып келеді. Мысалы, Алматы – бір ғана қаланың жеке аты. Сондай-ақ Досжан, Әкімтай, Мұхтар - жеке кісілердің аты, Ертіс, Шу, Нұра, т.б. – жеке-жеке өзеннің аты. «Абай жолың, «Ботагөзң - жеке кітаптардың (шығармалардың ) аты, т.б. Бұлар – жалқы есімдер деп аталады. Жалқы есімдерге кісі аттары, әкесінің аты мен фамилиясы, мемлекет, республика, облыс, аудан, қала, көше,ұйым, мекеме, завод, фабрика аттары, географиялық (жер, су) атаулар, әр түрлі шығарма (газет, журнал, кітап, ән-күй, би, т.б.) аттары, мал, құс, хайуанаттарға арнап қойылған (мысалы, Тайбурыл, Құлагер) аттар болып келеді. Жалқы есімдер бас әріптен басталып жазылады. 

2.Зат есімнің семантикалық түрлері, морфологиялық құрамы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   48

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет