Семинар сабақтар семинар сабақтың тақырыбы: «Морфология және сөздің грамматикалық сипаттары» тақырыбының мазмұнын ашуға берілетін сұрақтар


-жаттығу. Сөйлемдердегі есімдіктерді сөз формасына қарай талдаңыз



бет33/48
Дата28.04.2023
өлшемі208,73 Kb.
#88218
түріСеминар
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   48
Байланысты:
ПРАКТИКА.206.Усибалиева Айжан (копия)

2-жаттығу. Сөйлемдердегі есімдіктерді сөз формасына қарай талдаңыз.
Бұл сөзді жиылған жұрт қабыл алды (А.Байтұрсынов). Тәртіптен қалмайды ешкім басын тартып (А.Байтұрсынов). Сарп етті жан аямай маймыл үшін, ешбір жан мақтамады еткен ісін (А.Байтұрсынов). Кейбіреуге таяғым,тиіп те кетті сартылдап (Абай). Біреуі олай, біреуі былай қарап, түгел сөзді тыңдауға жоқ қой қазақ (Абай). Мынау келген Назар ма? Ақсақалды ауыл азар ма? (Абай). Қарашы қанша жұлдыз бар, күліп қана жүзеді ай (М. Жұмабаев). - Жасың нешеде? – Он жетідемін (З. Ақыш).


3-жаттығу. Текстен есімдіктерді табыңыз, олардың жасалу жолын түсіндіріп, есімдіктің қай мағыналық, тобына жататынын дәлелдеңіз.
Абай өзіме бірдеме айтпақ, па екен деп те ойлады (М. Ә.). Құнанбай естімеген сияқты ешбір белгі бермеді (М.Ә.). Бірақ әкесі мен өзге ешкімге қарамастан, келе Абайды құшақтай алды (М.Ә.). Әркімде жалда жүретін бір шал жиені Жәмпейісті өз қолына алып еді (М. Ә.). Әлдекімнің рақаты, әлдекімнің қызығы, сайраны үшін болар (М.Ә.). Ешбірін де ол білмейтін (М. Ә.). Әрқашан жан күйер жақын қабырына ыстық-ыстық жастар төгеді (М. Ә.). Әлдеқалай жел ұшырып түсірген шөп-шалам болса, оны алып тастайды (М. Ә.). Әрқайсысы да осы ойдың соңында еді (М. Ә.). Жоқ, ешкім ұрған жоқ (М. Ә.).


4-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерден өздік, жалпылау есімдіктерін тауып, түрленуін байқаңыз.
Осыдан соң барлық үлкендер қауырт көтеріліп, шығып кетті (М. Ә.). Сырт киімін Абай өзі шешіп еді (М. Ә.). Бар жолдастарымен қонақ етіп, құрбыдай күтті (М. Ә.). Дауын онның өзі айтсын (М. Ә.). Өзің осы жолы сыншы болып қайтыпсың (М. Ә.). Мұнда барлық ел боп қуанып қарсы алды (М. Ә.). Барлығының аузында бір жаңалық (М. Ә.). Бір өзінен басқа ешкімге мәлім емес (М. Ә.). Бәрін Кирилловке ерегісіп істеп жүргені (X. Е.). Неге айтпадым бар сырымды (Х. Е.).


Тексеру блогі


Есімдік

1. Атрибутивті мағынадағы есімдікті тап

А) ешкім
В) кім
С) осы кітап
Д) бәрі
Е)сендер

2. Заттық мағынадағы есімдікті тап

А) ешқашан
В) мына
С) қанша
Д) тонау
Е) әркім

3. Сандық ұғымда қолданылған есімдікті тап

А) қандай
В) бірнеше
С) осында
Д) бәрі
Е) соны

4. Баяндауыш қызметіндегі есімдікті тап

А) келген менмін
В) маған бер
С) мен келдім
Д) сенің кітабың
Е) осы бала

5. Жақтық мағыналы есімдікті тап

А) бәрі, түгел
В) күллі, мына
С) сіз, біз, мен
Д) қай ? неше?
Е) өзім, бірнеше





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет