5. Есімдіктің басқа сөз табына ауысуы (промилдану)
Есімдіктер зат есімнен соңғы өздігінен өнімді бастауыш болатын сөз. Олар бастауыш болумен қатар, баяндауышқа тура сәулесін түсіреді.
а) Жіктеу есімдіктерінің бастауыш болуы: Мен – балаң жарық күннен сәуле қуған. Біз оқытушы болуды арман еттік. Сен жаралы жолбарыс ең. Ол бір қызарып, бір ақшылданып, сұрлана түсіп, сөйлеп отыр. Олар да бұның жүзіне тегіс қарап қапты.
ә) Сұрау есімдіктерінің бастауыш болуы: Кімі тантық, кімі паң. Кімдер сапар шекпеді, Туған елдің қамы үшін. Нелер кетіп, не кетпес ер жігіттің басына.
б) Сілтеу есімдіктерінің бастауыш болуы: Бұл – Тыржық деген бай екен. Бұл бір ащы мысқыл еді. Қонақтардың қасында бүгін де солар ғана болған.
в) Өзіндік есімдіктің бастауыш болуы: Өзің қара артыңа – өткен өмір бейне түс. Менің өзім нашармын, Түрікпен аузым ашармын.
г) Белгісіздік есімдіктің бастауыш болуы: Сәлде киген біреу отыр, ол молда болып шықты. Біреулер жата қалып, көз іліндіріп, біреулер құрғақ тағамдарын жеп, әркім өз шаруасына кірісіп жатыр.
д) Болымсыздық есімдіктің бастауыш болуы: Оған осы отырған ешқайсымыз, әй, ештеңе қоса алмаймыз. Бірақ, ақшаға ешкім зат сатпайды.
е) Жалпылық есімдігінің бастауыш болуы: - Кім еді мұның! – деп әркімдер таңдананйын деп еді. Осы үш жігітке ауыр хал-жағдайымызды айтып едім, әрқайсысы әртүрлі ақыл берді. Бәрі Есжанның қарамағындағы аттар.
ж) Мөлшер есімдігінің бастауыш болуы: Жүктің бірсыпырасы тасылып болды. Әлі бұл аттардың бірнешесі (бірнешеуі) жолда қалады.
Кейде есімдіктердің қатар келуінен, оның қайсысы бастауыш екенін айыру қиынға соғатын жайы бар. Мысалы: Мынау сіз жазған хат па? Бұл сөйлемдегі бастауыш – сілтеу есімдік мынау, ал сіз бастауыш емес, себебі, ол сіздің деген сөз, мұның тек қана жалғауы түсіп қалып тұр. Сол сияқты «Ол сен айтқан кітапты берген жоқ». Мұнда сен сенің-нің орнына тұр.
Жаттығу блогі
1-жаттығу. Есімдіктерді тауып, оларды мағыналық түріне қарай топтап жазыңыздар да, олар қай сөз табының орнына жүріп тұрғанын түсіндіріңіз. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін (Абай). Не іздейсің көңілім, не іздейсің (Абай). Сол жерде Түлкі келді Арыстанға: «Жығасың», - деді, - бәрін алысқанда (А.Байтұрсынов). Сонда ол кісі өз жайын баян етті (Ы.Алтынсарин). Бұл кім?- деп сұрады Қартқожа (Ж.Аймауытов). Бәтіш қайда қалды?, қашан?, қай мезгілде? (Ж.Аймауытов). Жан-жақты көлеңдеді, көзіме әлденелер елеңдеді (Ж.Аймауытов).