фактор болып табылатын инновациялық экономиканың ерекшеліктерін
қарастырыңыз;
- елдің экономикалық өсуі мен озық дамуын қамтамасыз етуге жол
ашатын ғылым мен білім, денсаулық сақтау мен мәдениет жүйесіне сүбелі
инвестициялар тарту арқылы заманауи инновациялық экономиканы дамыту
жолындағы адам капиталының айқындаушы рөлін зерделеңіз;
- адамның тіршілік қарекетінің барлық саласында жаһандық өзгерістерге
жол ашатын, жеке тұлғаның өндірістік және тұрмыстық қызметінде
киберфизикалық жүйелерді жаппай енгізуге негізделген төртінші өнеркәсіп
төңкерісін қарастырыңыз.
Бақылау сұрақтары.
1. Неге қоғамдық сананың жаңғыруы саяси және экономикалық
жаңғыртудың алдында болуы шарт?
2. Қоғамдық сананың жаңаруы жеке тұлғаға қазіргі әлемнің серпінді
өзгерісі жағдайына тез бейімделуіне мүмкіндік береді деген пікірді қалай
түсінесіз?
3. Неге Қазақстанда қоғамдық сананың жаңғыруы халқымыздың рухани
негіздері, адамгершілік құндылықтары, менталитет ерекшеліктері, әдет-ғұрып,
салт-дәстүріне негізделуі керек?
4. Қазақстан халқының ұлттық санасының жаңғыруының қандай негізгі
бағыттарын білесіз?
5. Қандай жаһандық ақпараттық-технологиялық үдерістер Қазақстан
халқының мәдениеті, әдет-ғұрып, салт-дәстүріне ықпал етіп отыр?
6. Неге әрбір Қазақстан азаматы үшін білімге құштарлық, сапалы білім
алуға бағдар және жаңалықтарға ұмтылыс императив (сөзсіз, міндетті) болу
шарт?
Студенттерге арналған өзіндік жұмыс тақырыбы.
1. «Рухани-жаңғыру Қазақстан Республикасындағы сана мен ойлаудың
жаңа моделінің стратегиясы» тақырыбында жоба-презентация жасау.
Достарыңызбен бөлісу: