Семинар сабақтарына арналған әдістемелік нұсқаулар (барлық мамандықтарға арналған) Алматы 2019 алматы энергетика


 тақырып. Жаһандану және қазіргі жаһандық қауіп қатерлер (1



Pdf көрінісі
бет16/20
Дата13.09.2023
өлшемі0,61 Mb.
#107000
түріСеминар
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
15 тақырып. Жаһандану және қазіргі жаһандық қауіп қатерлер (1 
сағат) 
1
Жаһандану 
халықаралық 
қатынастар 
жүйесінің 
өзгеруі 
(трансформациялануы) және қазіргі заманның барлық аспектілері мен 
салаларын интернационалдандыру үдерістері ретінде. 
2
Жаһандану үдерістері және ғаламдық саяси-экономикалық, қаржылық-
ақпараттық, мәдени-рухани кеңістіктің қалыптасуы. 
3
Қазіргі замандағы жаһандану үдерістері және елдер мен халықтардың 
этникалық, 
мәдени 
және 
конфессионалдық 
бірегейліктерін 
сақтау 
проблемалары. 
Сабақтың мақсаты: 
адамзат өмірінің барлық салаларындағы іргелі 
өзгерістерге, жаһандық өркениеттің қалыптасуы мен ауқымды саяси-
экономикалық және мәдени-рухани интеграциясына себептес болатын
 
қазіргі 
заманның трансформациялану үдерістерін зерделеу. 
Негізгі түсініктер: 
жаһандану, интеграция, мәдени бірегейлік, 
халықаралық қауіпсіздік, трансформация үдерістері, жаһандық қауіп-қатер, 
әлемдік 
саясат, 
терроризм, 
экстремизм, 
ядролық 
қарулану, 
интернационаландыру. 
Әдістемелік нұсқау. 
Бірінші сұрақ бойынша: 
- жаһандануды ғаламдық деңгейдегі саяси-экономикалық және мәдени-
рухани қарым- қатынастардың біртұтас жүйесі қалыптасатын қазіргі заманғы 
құбылыс ретінде қарастырған жөн;


- әлемдік экономиканың жаһандық интеграциясы үдерістерінің дамушы 
елдердегі еңбек қарқыны мен өндірісінің өсуі, жұмыс орындарының 
техникалық жабдықталуы мен жаңа технологияларды қолдану, яғни еңбек 
өнімділігінің артуы мен ұлттық экономиканы жетілдірудегі ықпалын 
қарастырыңыз;
- соңғы жылдары жаһандану үдерістерінің қарқын алуының капитал, 
технологиялар, қызмет көрсету және жұмыс күшінің халықаралық 
нарықтарының пайда болуы мен қазіргі әлемнің интеграциясы үдерістері және 
өзара тәуелділігінің күшеюіне ықпалын зерделеңіз. 
Екінші сұрақ бойынша: 
- жаһандану үдерістерінің мемлекеттердің ұлттық экономикасына 
ықпалы, тауар және қызмет көрсету өндірісіне әсері, жұмыс күшін пайдалану, 
инвестицияның құрылымы мен жаңа технологияларды тарту, халықаралық 
сауданың көлеміне ықпалына талдау жасаңыз; 
- халықаралық аренадағы текетірестің бәсеңдеуіне, мемлекеттер мен 
халықтар арасындағы сенімсіздіктің әлсіреп, өзара диалогтың реттелуіне, 
аумақтық тұрақтылық пен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қазіргі 
заманғы саяси интеграция үдерістерінің түрлі аспектілерін қарастырыңыз; 
- рухани-мәдени саладағы жаһандық үдерістердің мәдениет үлгілерінің 
бұқаралық сипат алуына ықпалы жөнінде ойланыңыз. Оның арзан, зиянды 
тұстарының кең таралып, шынайы жоғары мәдениет туындыларының қолдау 
таппай назардан тыс қалуына көңіл бөліңіз. 
Үшінші сұрақ бойынша:
- жаһандану үдерістерінің қазіргі заманның полярлануына ықпалы, яғни 
қаржы-экономикалық ресурстардың негізінен дамыған елдерде шоғырланып, 
дамушы мемлекеттерде қаражат тапшылығын тудыратын әркелкі бөлінісіне 
талдау жасаңыз; 
- жаһанданудың мәдениет, өнер және білім беру салаларында ортақ 
стандарттар мен стереотиптер қалыптастырып, әлемдік БАҚ-ның жергілікті 
мәдениеттің рухани болмысы мен қайталанбас құндылықтарын ұмыттыратын, 
жоятын ақпараттық ағымдардың таратушысына айналып отырғандығына назар 
аударыңыз;
- соған сәйкес мәдениеттегі жаһандану үдерістерінің ұлттық әдебиет
өнер, фольклор үлгілерінің бірегейлігін жою қаупінің өзінің тарихи-мәдени 
жады мен құндылықтарын жоғалтқысы келмейтін халықтарды түрлі қарсылық 
қозғалыстарына итермелейтіндігін ескеріңіз.
Бақылау сұрақтары. 
1. Халықаралық сауда мен қаржылық қызмет көрсету көлемінің ұлғаюы 
қазіргі заманғы жаһандық экономиканың қалыптасуына қалай ықпал етеді? 


2. Жаһандану үдерістерінің ықпалымен ұлттық мемлекеттердің саяси 
егемендігінің төмендей бастауының себебі неде? 
3. Қазіргі заманда адамның құқықтары мен бостандықтарына басымдық 
беретін либералды-демократиялық идеялардың кең таралуының батыстық емес 
елдерде сын мен қарсылыққа ұшырауының себебі неде?
4. Интернет жүйесінің дамуы мен ғаламдық ақпарат кеңістігінің 
қалыптасуы қазіргі әлемдегі болып жатқан мәдени-рухани және саяси 
үдерістерге қалайша ықпал етеді?
5. Неге қазіргі замандағы Солтүстік елдер халқының қартаю үдерістері 
мен Оңтүстік мемлекеттер халқының тығыздығының өршуімен байланысты 
демографиялық проблемалар өткір жаһандық проблемаға айналып отыр? 
6. Қалайша дамыған елдердегі ғылыми-техникалық прогресс және 
әлеуметтік-экономикалық 
әл-ауқаттың 
өсуі 
жаһандық 
экологиялық
дағдарыстың себебі болып отыр? 
Студенттерге арналған өзіндік жұмыс тақырыбы. 
1.
«Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстанның рөлі» 
тақырыбында бағдарлама презентация жасау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет