3
Саяси тәртіптер саяси жүйенің құрамдас бөліктерінің қызметі мен
өзара әрекеттестігінің нақты іс-қимылдары ретінде.
Сабақтың мақсаты:
саяси тәртіп функцияларын, белгілерін және қызмет
тәсілдерін, олардың саяси жүйелермен өзара әрекеттестігін зерделеу.
Негізгі түсініктер:
саяси режим, саяси жүйе, мемлекет,
саяси билік,
демократиялық режим, тоталитарлық режим, авторитарлық режим, батыстық
полиархия, жаңа демократия, шығыстық-азиялық режимдер, исламдық режим,
әскери режимдер.
Әдістемелік нұсқау
Бірінші сұрақ бойынша:
- саяси режим түсінігінің мазмұнын ашып, оның негізгі
функциялары мен
түрлерін, саяси үдерістердегі алатын орны мен маңызын көрсетіңіз;
- саяси режимдерді қарастырғанда мынаған назар аудару қажет:
саяси
режимдер саяси жүйелер қызметінің іс-қимылдарын көрсетеді, саяси
үдерістердің сипатын анықтайды, елдегі саяси бостандықтардың
жағдайы мен
деңгейін және билік органдарының олардың қызметінің құқықтық негіздеріне
қатынасын бейнелейді.
Екінші сұрақ бойынша:
- саяси режим қызметінің мемлекеттегі саяси билік бөлінісінің шынайы
механизмі ретіндегі маңызын және оның елдегі қоғамдық-саяси үдерістерге
ықпалын айқындаңыз;
- саяси режим қазіргі заманғы саясат туралы ғылымның іргетасы болып
табылады, ол бүгінгі саяси жүйелердің жұмыс тәсілдері мен қызметінің
сипатын көрсетеді;
- саяси режимдер институционалды-нормативті
механизмдерді білдіреді,
оның құрамдас бөліктерінің билік органдары мен қоғам, мемлекеттің орталығы
мен аймақтары арасындағы, билік органдарының өз ішіндегі қарым-қатынастың
мазмұны мен сипатын анықтайтындығын ескеріңіз.
Үшінші сұрақ бойынша:
- саяси режим қоғамның саяси жүйесі қызметінің нақты іс-қимылдарын
көрсетеді, ол арқылы мемлекеттің өзіндік ерекшеліктерін, белгілерін, айрықша
қасиеттерін жіктеп оның басқа мемлекеттен айырмашылығын аңғаруға
болатындығына назар аударыңыз;
- саяси режимдердің қалыптасу үдерісін өмір сүріп
отырған саяси
жүйенің барлық құрамдас бөліктері мен функционалдық элементтерінің өзара
әрекеттестігінің нәтижесі ретінде қарастыру қажет;
- саяси режимдер әр түрлі тұрпатта болып келеді, оларды билікті жүзеге
асырудағы қолданатын амалдары мен әдіс-тәсілдері
тұрғысынан сипаттауға,
саяси жүйелермен өзара әрекеттестігінің іс-қимылдарын ескере отырып
бірнеше түрге жіктеуге болатындығына назар аударыңыз.
Бақылау сұрақтары.
1. Саяси режимдер қандай негізгі функцияларды атқарады?
2. Саяси режимдерді түрлерге жіктеуде қандай өлшемдер негізге
алынады?
3. Саяси режимдер мемлекеттің құрылымдық көрсеткіштерін емес,
негізінен мемлекетті басқарудың жай-күйін көрсетеді
деген пікірді қалай
түсінесіз?
4. Саяси режим мен саяси жүйелер арасында қандай өзара байланыс бар?
5. Саяси режимдердің қалыптасу үдерісі қалай жүреді?
Студенттерге арналған өзіндік жұмыс тақырыбы.
1.
Саяси режимдердің жіктелуі. Кейс-стади. Саяси режим типін
анықтау және өз таңдауын дәлелдеу.
Достарыңызбен бөлісу: