Семинар сабақтарына арналған әдістемелік нұсқаулар (барлық мамандықтарға арналған) Алматы 2019 алматы энергетика


 тақырып. Қазіргі сайлау жүйелері және олардың ерекшеліктері (1



Pdf көрінісі
бет10/20
Дата13.09.2023
өлшемі0,61 Mb.
#107000
түріСеминар
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Байланысты:
XW1ifcq2jJtKVRw8Mo5G3ELAy7hOpa

9 тақырып. Қазіргі сайлау жүйелері және олардың ерекшеліктері (1 
сағат) 
1
Сайлау жүйелері жоғарғы және жергілікті билік органдарының дауыс 
беру нәтижелері мен қалыптасуының саяси-құқықтық механизмдері ретінде. 
2
Мажоритарлы, пропорционалды және аралас сайлау жүйелері, олардың 
қызметінің ерекшеліктері. 
3
Посткеңестік кеңістіктегі сайлау үдерістерінің ерекшеліктері. 
Сабақтың мақсаты: 
қазіргі заманғы сайлау жүйелерінің сайлау 
үдерістерін ұйымдастыру мен өткізудегі, жоғарғы және жергілікті билік 
органдарын қалыптастдарудағы рөлі, орны мен маңызын талдау. 
Негізгі түсініктер:
сайлау, сайлау жүйесі, демократия, мажоритарлы 
сайлау жүйесі, пропорционалды сайлау жүйесі, көпсатылы сайлау, дауыс беру. 
Әдістемелік нұсқау. 
Бірінші сұрақ бойынша:
-
қазіргі заманғы сайлау жүйелерінің сайлаудың өтуін, дауыс берудің 
нәтижелері мен депутаттық орындардың бөлінуін реттеп отыратын заңды түрде 
бекітілген ережелер мен қағидаттардың жиытығы екенін есте сақтаңыз; 
-
мажиторлы, пропорционалды және аралас сайлау жүйелерінің 
қызметіне талдау жасап, олардың әрқайсысының сипатты белгілері мен ерекше 
қасиеттерін айқындаңыз және қазіргі заманғы сайлау жүйелерінің жақсы 
жақтары мен кемістіктерін анықтаңыз; 
-
қазіргі сайлау жүйелері қызметінің теорияларын ғана емес, сонымен 
қатар қазіргі заманның түрлі саяси-құқықтық жүйелерінің сайлау өткізу 
тәжірибесін де жан-жақты зерделеңіз. 
Екінші сұрақ бойынша: 
- мажоритарлы сайлау жүйесінің негізгі түрлерін, олардың басты 
артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттап беріңіз; 
- пропорционалды сайлау жүйелері қызметінің қағидаттары, олардың 
жағымды және кемшілікті тұстарын қарастырыңыз;


- түрлі билік органдарына сайлау ұйымдастыру барысында аралас сайлау 
жүйелерін қолдануға итермелейтін объективті себептер мен жағдайларды 
негіздеңіз, мұндай сайлау рәсімдерінің арықшылықтары мен кемшіліктерін 
көрсетіңіз. 
Үшінші сұрақ бойынша: 
- посткеңестік кеңістіктегі саяси-құқықтық үдерістерді қарастыра келе
олардың жергілікті және жоғарғы билік органдарына сайлау кампанияларын 
ұйымдастыру мен өткізуге ықпалын талдаңыз; 
- посткеңестік елдердің өтпелі даму кезеңіндегі сайлау үдерістерінің 
барысына объективті ықпал еткен саяси-құқықтық және әлеуметтік-
экономикалық жағдайларға талдау жасаңыз; 
- қазіргі заманғы сайлау жүйелері қызметінің институционалды-
нормативті аспектілері мен саяси қатынастар тәжірибесінің посткеңестік 
тәуелсіз мемлекеттердегі қалыптасқан сайлау үдерістеріне қатынастарын 
зерделеңіз. 
Бақылау сұрақтары. 
1. Қазіргі кезеңде сайлау жүйелерінің қандай негізгі түрлері бар? 
2. Сайлау жүйелерінің басты міндеттерін атаңыз. 
3. Мажоритарлы сайлау жүйесінің ерекшеліктері қандай? 
4. Пропорционалды сайлау жүйесінің басқа сайлау жүйелерінен қандай 
ерекшеліктері бар? 
5. Аралас сайлау жүйелерінің ерекшелігі неде? 
Студенттерге арналған өзіндік жұмыс тақырыбы. 
1.
«Қазақстан 
Республикасындағы 
жастардың 
электоралдық 
белсендігін арттыру жолдары» тақырыбында жоба дайындау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет