Семинар сабақтарына арналған әдістемелік нұсқаулар (барлық мамандықтарға арналған) Алматы 2019 алматы энергетика


 тақырып. Маманды кәсіби дайындау жүйесіндегі саясаттану (1



Pdf көрінісі
бет2/20
Дата13.09.2023
өлшемі0,61 Mb.
#107000
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
XW1ifcq2jJtKVRw8Mo5G3ELAy7hOpa

1 тақырып. Маманды кәсіби дайындау жүйесіндегі саясаттану (1 
сағат) 


1
Қоғамдық қатынастар және саяси ілімдерді пайдаланудың қолданбалы 
аспектілері. 
2
Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде, оның қоғамдық сананы 
қалыптастырудағы рөлі мен маңызы.
3
3. Саясаттану және қазіргі заман қарым-қатынастарын ізгілендіру 
проблемалары.
Сабақтың мақсаты
: саясаттанудың қазіргі қоғамдық-саяси өмірдегі 
ғылым және оқу пәні ретіндегі рөлі, орны мен маңызын анықтау. 
Негізгі түсініктер:
саясат, саясаттану, қолданбалы және теориялық 
саясаттану, саяси білім, саясаттану әдістері. 
Әдістемелік нұсқау. 
Бірінші сұрақ бойынша: 

қолданбалы саясаттанудың қоғамдық-саяси үдерістерді зерделеудегі 
рөлі мен басты міндеттері туралы ғылыми тұжырымдамаларды қарастырыңыз; 
- қазіргі заманғы саяси өмірдің аспектілерін оқып-үйренуде қолданбалы 
саясаттанудың ғылыми-зерттеу әлеуетін пайдалану мүмкіндіктеріне назар 
аударыңыз; 
- қолданбалы және теориялық саясаттанудың өзара қарым-қатынасының 
ерекшеліктерін анықтаңыз. 
Екінші сұрақ бойынша: 
- ғылыми-техникалық прогресс дәуіріндегі қазіргі қоғамды ізгілендіру 
мәселелерінің өзектілігіне назар аударыңыз; 
- әлеуметтік қатынастарды ізгілендіру және қазіргі қоғамдық сананы 
қалыптастыру үдерістеріндегі саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдар 
арасындағы рөлі мен орнын көрсетіңіз; 
- қоғамдық-саяси үдерістерді зерделей келе, қазіргі қоғамды ізгілендіру 
қажеттілігінің объективті себептерін анықтаңыз.
Үшінші сұрақ бойынша: 
- қоғамдық сананың формалары арасындағы ерекшеліктерді айқындап
ғылыми сананың орны мен функцияларын анықтаңыз;
- қоғамдық сананың қалыптасу тәсілдері мен механизмдерін айқындап, 
бұл үдерістегі саясаттанудың ғылыми пән ретіндегі рөлін көрсетіңіз; 
- саясаттанудың академиялық пән ретіндегі қызметінің ғылыми-
теориялық аспектілерін жан-жақты ашып, оның іргелі қоғамдық ғылымдардың 
бірі ретіндегі функцияларын сипаттаңыз. 
Бақылау сұрақтары. 
1.
Қоғамдық қатынастар туралы жаңа ғылым – саясаттану қашан және 
неге пайда болды? 
2.
Саясаттану оқу пәні ретінде қайда және қашан пайда болды? 
3.
Саясаттанудың басқа қоғамдық ғылымдардан ерекшелігі қандай? 
4.
Саясаттанудың қазіргі қоғамдағы рөлі мен маңызы қандай? 


5.
Қоғамды модернизациялау үдерістеріндегі саясаттанудың орны 
қандай? 
Студенттерге арналған өзіндік жұмыс тақырыбы. 
1. «Менің болашақ кәсіби қызметім үшін саясаттанудың маңызы» 
тақырыбында дәлелді эссе дайындау 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет