Семинар сабақтарына дайындық бойынша әдістемелік нұсқаулар



бет3/10
Дата21.09.2024
өлшемі45,82 Kb.
#145159
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ХОӘ Әдістемелік нұсқаулар практ

2 Практикалық сабақ
Тақырыбы: Химияны оқыту теориясы мен әдістемесінің ғылыми негіздері.


Негізгі ұғымдар: химияны оқыту теориясы, әдістемесі, жаратылыстану сауаттылығы, химиялық құбылыстар, дүниетаным, оқыту принциптері, ғылыми, практикалық дағдылар, химиялық эксперимент, Блум таксономиясы, пәнаралық байланыс, іс-әрекеттік тәсіл.


Сабақтың мақсаты: Химияны оқыту теориясы мен әдістемесінің ғылыми негіздерін талқылау.


Практикалық сабақты ұйымдастыру формасы: шағын топтарда практикалық сабақтардың мәселелерін талқылау, жеке тапсырмаларды орындау.


Практикалық сабақта талқылауға арналған сұрақтар:



  1. Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы.

  2. Дүниенің ғылыми сипатын қалыптастырудағы химияның рөлі.

3. Ғылымилық ұстаным.
4. Теорияның практикамен байланысы ұстанымы. Осы ұстанымды іске асыруда химияны оқытудың ерекшеліктері.
5. Дамыта оқыту ұстанымы.
6. Оқушылардың дағдыларын дамытудың таксономиялық тәсілі.
7. Іс-әрекеттік тәсіл арқылы оқушылардың дағдыларын дамыту.


3 Практикалық сабақ


Тақырыбы: Орта мектептегі химия курсының мазмұны мен құрылымы.


Негізгі ұғымдар: оқу жоспары, оқытудың тарихи, логикалық және дидактикалық принциптері, политехнизм,химияның негізгі ұғымдары: зат, химиялық құбылыстар, химиялық элементтер, химиялық қосылыстар, дамытушылық оқыту, химиялық реакциялардың заңдылықтары.


Сабақтың мақсаты: Орта мектептегі химия курсының мазмұны мен құрылымын қарастыру.


Практикалық сабақты ұйымдастыру формасы: шағын топтарда практикалық сабақтардың мәселелерін талқылау, жеке тапсырмаларды орындау.


Практикалық сабақта талқылауға арналған сұрақтар:



  1. Орта мектептегі "Химия" оқу бағдарламасының мазмұны мен құрылымы.

  2. "Химия" оқу бағдарламасының құрылымындағы тарихилық, логикалық пен дидактикалықтардың арақатынасы. Политехнизм ұстанымы. Химияны өмірмен байланыстыра оқыту.

  3. Мектеп химия курсындағы ұғымдар жүйесі және оларды дамыта оқыту ұстанымы.

  4. Мектеп химия курсы үшін химиялық элементтер мен олардың қосылыстарын оқытудағы таңдау ұстанымы. Химиялық реакциялар мен олардың жүру заңдылықтары жөніндегі материалды айқындау.

  5. Оқушыларды «зат», «заттың қасиеті», «таза заттар және қоспалар», «физикалық және химиялық құбылыстар», «химиялық реакциялардың жүру белгілері, жүру жағдайлары» деген химиялық алғашқы ұғымдармен таныстыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет