9 Практикалық сабақ
Тақырыбы: Оқушылардың білім мен білігін тексеру. «Су. Ерітінділер.» тақырыбының мазмұны мен әдістемесі.
Негізгі ұғымдар: Су, еріткіш, сулы ерітінділер, ерітіндінің концентрациясы, ерітіндінің массасы, еріген заттың массалық үлесі, моль, ерітіндінің молярлық концентрациясы.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білім мен білігін тексеру тәсілдерін қарастыру. «Су. Ерітінділер.» тақырыбының мазмұны мен әдістемесін талқылау.
Практикалық сабақты ұйымдастыру формасы: шағын топтарда практикалық сабақтардың мәселелерін талқылау, жеке тапсырмаларды орындау.
Практикалық сабақта талқылауға арналған сұрақтар:
1.Химиялық тіл. Оқу құрал жүйесіндегі химиялық тілдің функциялары.
Оқушылардың білім мен білігін тексеру.
Білім деңгейін ауызша тексерудің әдістері.
Оқушылар білімін тестпен тексеру.
Химияны оқытудың ұйымдастыру формалары.
«Су. Ерітінділер.» тақырыбының мазмұны мен әдістемесі.
7. «Су. Ерітінділер.» тақырыбына есептер шығару.
10 Практикалық сабақ
Тақырыбы: "Галогендер" тақырыбын оқыту әдістемесі.
Негізгі ұғымдар: оқыту әдістемесі, галогендер, фтор, хлор, бром, йод, атом құрылысы, электрондық формула, фторидтер, хлоридтер, бромидтер, йодидтер, тотығу қасиеттері, тотықсыздану қасиеттері, электртерістілік.
Сабақтың мақсаты: "Галогендер" тақырыбын оқыту әдістемесін талқылау.
Практикалық сабақты ұйымдастыру формасы: шағын топтарда практикалық сабақтардың мәселелерін талқылау, жеке тапсырмаларды орындау.
Практикалық сабақта талқылауға арналған сұрақтар:
Галогендер топшасын оқудың ерекшеліктері.
Галогендердің жалпы сипаттамалары.
Галогендердің химиялық қасиеттерін талдау.
Тақырып бойынша есептер шығару.
Достарыңызбен бөлісу: |