Семинар сабақтарына дайындық бойынша әдістемелік нұсқаулар



бет4/10
Дата21.09.2024
өлшемі45,82 Kb.
#145159
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ХОӘ Әдістемелік нұсқаулар практ

4 Практикалық сабақ


Тақырыбы: Зат туралы ұғымдарды қалыптастырудың ерекшеліктері мен негізгі кезеңдері. "Оттегі және сутегі" тақырыбын оқыту әдістемесі.


Түйінді ұғымдар: химиялық элемент, зат, қарапайым зат, күрделі зат, химиялық реакция, молекула, атом, ядро заряды, атомдық молекулалық ілім, оттегі, сутегі, гидридтер, оксидтер.


Сабақтың мақсаты: Зат туралы ұғымдарды қалыптастырудың ерекшеліктері мен негізгі кезеңдерін талдау. "Оттегі және сутегі" тақырыбын оқыту әдістемесін зерттеу.


Практикалық сабақты ұйымдастыру формасы: шағын топтарда практикалық сабақтардың мәселелерін талқылау, жеке тапсырмаларды орындау.


Практикалық сабақта талқылауға арналған сұрақтар:



  1. Атом-молекулалық ілімнің негізгі қағидалары негізінде химиялық элемент туралы түсінік қалыптастыру.

  2. Зат туралы түсінік қалыптастырудың ерекшеліктері мен негізгі кезеңдері.

  3. Химиялық элемент және оның жіктелуі.

  4. Атом-молекулалық ілімнің негізгі қағидалары негізінде химиялық реакция туралы түсінік қалыптастыру.

  5. VІІІ сыныпта оттегі және сутегі тақырыбын оқыту әдістемесі зат туралы түсінік берудің анық мысалы.

5 Практикалық сабақ
Тақырыбы: Белсенді оқыту. Орта мектепте химияны оқытудың интерактивті әдістерін қолдану.


Түйінді ұғымдар: белсенді оқыту, интерактивті оқыту, тиімді оқыту, коллаборативті оқыту, саралап оқыту, шағын топтар, жеке тапсырмалар, Джигсо стратегиясы, модельдеу, электрондық технологиялар,


Сабақтың мақсаты: белсенді және интерактивті оқытудың мәнін түсіну. Химия сабақтарында қолданылатын интерактивті оқытудың негізгі әдістерімен танысу.


Практикалық сабақты ұйымдастыру формасы: шағын топтарда практикалық сабақтардың мәселелерін талқылау, жеке тапсырмаларды орындау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет