Семинар сабақтарына дайындық бойынша әдістемелік нұсқаулар


Студенттің өзіндік жұмысы



бет2/10
Дата21.09.2024
өлшемі45,82 Kb.
#145159
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ХОӘ Әдістемелік нұсқаулар практ

2. Студенттің өзіндік жұмысы:
- қойылған міндеттерді шешу жолдарын анықтау;
- қажетті іс-әрекеттерді орындау дәйектілігіне машықтану;
- практикалық тапсырманы орындау және рәсімдеу.
3. Қорытынды бөлім:
- сабақты қорытындылау: студенттердің жұмыс барысы мен нәтижелерін талдау,
- ықтимал қателерді анықтау және олардың пайда болу себептерін анықтау;
- орындалған жұмысты тексеру.


4. Педагогикалық басшылық:
- танымдық міндеттің нақты қойылуы ;
- жұмысқа нұсқау беру (білім алушылардың тапсырманың мәнін, оны орындау кезектілігін түсінуі);
- студенттердің сабаққа теориялық және практикалық дайындығын тексеру;
- жұмыс процесінде мүмкін болатын қиындықтарды анықтау;
- өзін-өзі бақылауға нұсқау беру;
- студенттердің іс-әрекеттерін бақылау, жұмыс қарқынын реттеу, көмек (қажет болған жағдайда), іс-әрекеттерді түзету, аралық нәтижелерді тексеру.
"Химияны оқыту әдістемесі" пәнінің мақсаты - орта мектепте химияны оқытудың заманауи әдістерін қолданудың негізгі аспектілерін қарастыру және талқылау.
Практикалық сабақтардың жоспарлары


1 Практикалық сабақ
Тақырыбы: Химияны оқытудың мақсаты мен міндеттері.


Түйінді ұғымдар: химия, ғылым, зерттеу әдістері, педагогика ғылымы, оқу пәні, химияны оқыту әдістемесі, оқыту әдістемесі, пәнаралық байланыс, химия кабинеті.


Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасында білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында химияны оқытудың мақсаты мен міндеттерін қарастыру.


Практикалық сабақты ұйымдастыру формасы: шағын топтарда практикалық сабақтардың мәселелерін талқылау, жеке тапсырмаларды орындау.


Практикалық сабақта талқылауға арналған сұрақтар:



  1. Химияны оқыту әдістемесі пәні және оның ғылыми негізі. Химияны оқыту әдістемесінің міндеттері.

  2. Химияны оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы және оның педагогика ғылымдарындағы орны.

  3. Химияны оқыту әдістемесінде қолданылатын зерттеу әдістері.

  4. Орта мектептің химия кабинеті және оның негізгі жабдықтары. Кабинеттің жұмысын ұйымдастыру.

  5. Мектеп бағдарламасы мен оқулықтарын талдау.

  6. Қазақстанда химияны оқыту әдістемесі ғылымының дамуы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет