Семинар сабақтарының әдістемелік нұсқауы Әуелгі ортағасырлық мемлекеттер (Үі-іхғғ.)



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата22.12.2016
өлшемі483,85 Kb.
#219
1   2   3   4

Әдістемелік нұсқау:  

Баяндама-дегеніміз  мәтіннің  қысқа  тұжырымдалған  басты  ережелері.  Баяндамада,  ереже 

бойынша,  деректі  материалдар  қарастырылады,  ол  материал  мәтінде  айтылатын 

жағдайаттарды  түсіндіру,  дәлелдеу  немесе  дәйектемелеу  үшін  беріледі.Баяндама- 

конспекгілер сияқгы тек қана мәтінді алын-ала зерттеу негізінде ғана дұрыс құрылуы мүмкін 

болатыны анык. 

Есеп беру түрі. Баяндама 

Жұмысты тапсыру мерзімі: 7-апта, 2 ұпай 

 

Тақырып 8. Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы. Қазақ этнонимінің мәні. 



МАҚСАТ- Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы мен қазақ этнонимінің мәніне 

тоқтала отырып,  қазақ этносының қалыптасу процесі жөніндегі негізгі тұжырымдарды 

зерделеу, қазақстан территориясындағы этникалық процестер кезеңдері және оларға 

сипаттама бере отырып, мағлұматтармен таныстыру. 

 шолу жасау. 

1.

 



Қазақ этносының қалыптасу процесі жөніндегі негізгі тұжырымдар. 

2.

 



 «Қазақ» сөзінің мәні. «Қазақ» халқықтың өзіндік атауы. 

3.

 



«Қазақ» этнонимінің этимологиясы. 

Тапсырма:  Сабаққа  дайындалу  барысында  тарихи  әдебиеттерде  қазақ  халқының 

қалыптасуының  мәселесі,  Қазақ  этносының  қалыптасу  процесі  жөніндегі  негізгі 

тұжырымдар,  Қазақстан  территориясындағы  этникалық  процестер  кезеңдері  жайында 

оқып-білу керек. Сонымен қатар,  «Қазақ» сөзінің мәні,  «Қазақ» халқықтың өзіндік атауы, 

«Қазақ» этнонимінің этимологиясы жайлы жан-жақты меңгереді  және теориялық мәлімет 

алады. 


Есеп беру түрі. Дөңгелек стол 

Жұмысты тапсыру мерзімі: 8-апта, 2 ұпай 

 

Тақырып 9. Қазақ хандығының Қасым хан тұсында күшеюі. 



Мақсаты: ХҮІ ғ. басындағы Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы мен Қасым ханның 

Қазақ  хандығына  билікке  келуі  туралы  талдау  жасау,    Қасым  хан  тұсындағы  қазақ 

хандығы жерлерінің кеңеюі туралы мағлұмат беру. 

1.

 



ХҮІ ғ. басындағы Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы. 

2.

 



Қасым ханның Қазақ хандығына билікке келуі (1510, 1511-1523, 1524) 

3.

 



Қасым хан тұсындағы қазақ хандығы жерлерінің кеңеюі. 

Тапсырма:  Сабаққа  дайындалу  барысында  студенттер:  ХҮІ  ғ.  басындағы  Қазақ 

хандығының ішкі және сыртқы саясаты жайында білімді меңгеруі керек. 

Тақырыпты меңгеру барысында төмендегі біліктілік дағдыларын көрсете білуі қажет: 

- Қасым ханның Қазақ хандығына билікке келуі (1510, 1511-1523, 1524) 

- Қасым хан тұсындағы қазақ хандығы жерлерінің кеңеюі туралы толық меңгеріп 

ерекшеліктерін айқындау. Студенттер тақырыпты меңгеру барысында төмендегі 

теориялық мәселелермен таныс бола алады: Қазақ хандығының күшеюі (ХҮІ ғ. бірінші 

ширегі) жағдайы жөнінде теориялық ақпарат алады. 



Әдістемелік нұсқау:  

Реферат  –рецензия  жазу  үшін  төмендегі  үлгіні      ұстаныңыз:  Мұнда  ғылыми,  мемуалық 

және библиографиялық жұмыстың мағынасы бойынша 

1. автор туралы мәлімет 

2.  Кітаптың  шығуы  туралы  мәлімет:  қашан,  қайда,  қандай  баспаханадан  шығарылған. 

Тиражы туралы мәлімет. 

3. Рецензияланып отырған кітаптың құрамы: бөлімдері мен тараулаврының атауы. 


4. Автордың сипаттап отырған оқиғаға, тарихи тұлғаға көзқарасы. 

Есеп беру түрі. Реферат  

Жұмысты тапсыру мерзімі: 9-апта, 2 ұпай 

 

Тақырып 10. Қазақ хандығы XҮІ ғасырдың екінші жартысында. 



Мақсаты:  XҮІ  ғасырдың  екінші  жартысындағы  Қазақ  хандығының  саяси  тарихы,  ішкі 

және сыртқы саясаты, әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы мағлұматтар беру. 

1.

 

Хақназар ханның қа қазақ жерлерін біріктіру саясаты. 



2.

 

Қазақ-орыс қатынастарының басталуы. 



3.

 

Шығай хан тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы. 



4.

 

ХҮІ ғ. аяғындағы Тәуекел ханның Орта Азияға жорығы және оның маңызы. 



Тапсырма: Сабаққа дайындалу барысында мынаған назар аудару қажет:. Хақназар 

ханның  қазақ жерлерін біріктіру саясаты, Қазақтардың өзбек-шайбанилықтар және 

ноғайлармен қарым-қатынасына,  сонымен қатар, Хақназар ханның  қазақ жерлерін 

біріктіру саясаты, Қазақтардың өзбек-шайбанилықтар және ноғайлармен қарым-қатынасы, 

Қазақ-орыс қатынастарының басталуы жайлы мағлұматтар беру, салыстырмалы талдау 

жасай білу дағдыларын дамыту. Студенттер тақырыпты меңгеру барысында  Шығай хан 

тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы, ХҮІ ғ. аяғындағы Тәуекел ханның 

Орта Азияға жорығы және оның маңызы жөнінде толық теориялық мәселелермен таныс 

бола алады. 

Есеп беру түрі.  Пікір талас 

Жұмысты тапсыру мерзімі: 10-апта, 2 ұпай 

 

Тақырып 11. XVII ғ. Қазақстанның ішкі саяси және халықаралық жағдайы. 

Мақсаты: XVII ғ. Қазақстанның ішкі саяси және халықаралық жағдайын ашап көрсету,  

Қазақ хандығында Есім ханның билікке келуі мен Жәңгір ханның жоңғарлармен күресі 

жайлы мағлұматтар беру.  

1.

 



Қазақ хандығында Есім ханның билікке келуі. 

2.

 



Жәңгір ханның жоңғарлармен күресі. 

3.

 



ХҮІІ-ХҮІІІ ғ ғ бірінші ширегіндегі қазақ-жоңғар қатынасы 

4.

 



ХҮІ-ХҮІІІ ғғ қазақ-орыс қатынастары. 

Тапсырма:    Сабаққа  дайындалу  барысында  ХҮІ  ғ.  аяғындағы  орыс  қазақ  елшілік  

байланыстарының  орнауы,  ХҮІІ  ғғ.  Орыс-қазақ  қатынастардағы  шекаралық  мәселелер 

қатынастардың  дамуын  жан-жақты  оқып-үйрену.  Сонымен  қатар,  тақырыпты  меңгеру 

барысында  Қазақстанның  Ресейге  қосыла  бастауы,    Абылайхан  саясаты    жөнінде 

анықтамалар  беру,  салыстырмалы  талдау  жасай  білу  дағдыларын  дамыту.  Семинар 

сабақтарында,    «Қалмақ  қырылған»  шайқасының  тарихи  маңызы,  Аңырақай  шайқасы 

және оның тарихи маңызы жөнінде толық теориялық мәселелермен таныс бола алады. 

Есеп беру түрі. Дебат. 

Жұмысты тапсыру мерзімі: 11-апта, 2 ұпай 

 

Тақырып 12. Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы. 



МАҚСАТ-  Тәуке  хан  тұсындағы  Қазақ  хандығының  саяси  тарихы,  ішкі  және  сыртқы 

саясатына  талдай  отырып,  Тәуке  ханның  мемлекетті  басқаруда  жүргізген 

реформаларымен таныстыр,  «Жеті жарғы»- заңдар жинағын тарихи талдау жасау. 

1.

 



Тәуке ханның мемлекетті басқаруда жүргізген реформалары. 

2.

 



«Жеті жарғы»-тарихи талдау. 

Тапсырма: Сабаққа дайындалу барысында мынған баса назар аудару қажет: Қазақ 

хандығында Есім ханның билікке келуі, Жәңгір ханның жоңғарлармен күресі, Тәуке 

ханның мемлекетті басқаруда жүргізген реформалары туралы білімді меңгеруі керек. 

ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. басындағы Қазақ хандығының саяси, әлеуметтік-экономикалық және 

мәдени жағдайы жөнінде анықтамалар беру, салыстырмалы талдау жасай білу 


дағдыларын қалыптастыру, сонымен қатар, «Жеті жарғы»-тарихи талдау, Тәуке ханнан 

кейін саяси бытыраңқылықтың күшеюі және үш жүзге бөлінуі жөнінде толық теориялық 

мәселелермен таныс бола алады. 

Әдістемелік нұсқау:  

Реферат  –  латын  тілінен  «referre»  -  баяндау,  хабарлау  деген  мағана  береді.  Реферат-

ғылыми еңбектің мазмұнын жазбаша қысқаша жазу  немесе ауызша баяндау.  



Есеп беру түрі. Реферат 

Жұмысты тапсыру мерзімі: 12-апта, 2 ұпай 

 

Тақырып 13. Қазақстанның соңғы орта ғасырларындағы қалалары мен қоныстары. 

МАҚСАТ- – Қазақстанның соңғы орта ғасырларындағы қалалары мен қоныстарының 

археологиялық зерттелуін көрсете отырыпе, ХҮІ – ХҮІІ ғғ. Оңтүстік Қазақстан  (Түркістан) 

қала мәдениеті, қалалық және ауылдық тұрғын үйлердің табылуы мен  қалалардың әлеуметтік 

құрылымы мен демографиялық жағдайын ашып көрсету. 

1.

 

Қалалық және ауылдық тұрғын үйлер.   



2.

 

Сауда және ақша айналым. 



3.

 

Ирригенция және егіншілік. 



Тапсырма: Сабаққа дайындалу барысында  ХҮІ – ХҮІІ ғғ. Оңтүстік Қазақстан  (Түркістан) 

қала мәдениеті, Қалалық және ауылдық тұрғын үйлер,  қалалардың әлеуметтік құрылымы мен 

демографиялық жағдайы жайлы біліктілік дағдыларын көрсете білуі қажет. Архитектура 

мен құрылыс, сауда және ақша айналым, ирригенция және егіншілік туралы анықтамалар  

беру, салыстырмалы талдау жасай білу дағдыларын дамыту. 

Әдістемелік нұсқау:  

Коолоквиум-  латын  тілінен  «coologuim»-әңгіме,  әңгімелесу  деген  мағана  береді.  Оқу 

сабақтары  нысандарының  бір  түрі;  оқытушылардың  оқушылардың    білімін  тексеру 

мақсатында  әңгімелесуі.  Жоғары  оқу  орындарында    коолоквиум  әдетте,  лабораториялық 

жұмыстың,  оқу  практикасының  алдында  студенттердің  сол  жұмыстарды  орындауға 

қажетті теориялық білімін байқау үшін жүргізіледі. Қазіргі оқу процесінде коолоквиумде 

электрондық оқыту машиналары жиі пайдаланылады. 



Есеп беру түрі. Коллоквиум  

Жұмысты тапсыру мерзімі: 13-апта, 2 ұпай 

 

Тақырып 14. ХҮІ-ХҮШ ғ. Қазақ халқының мәдениеті. 



МАҚСАТ- ХҮІ-ХҮШ ғ. Қазақ халқының рухани және материалдық мәдениетіне тоқтала 

отырып, қазақ халқының қолөнері, әдет-ғұрыптары мен  салт- дәстүрлерін ашып көрсету. 

ХҮІ-ХҮШ ғ. Қазақ халқының материалдық мәдениеті. Қолөнер.  

1.

 



Қазақ халқының рухани мәдениеті. 

2.

 



Халықтың әдет-ғұрыптары, салттары мен дәстүрлері. 

3.

 



Ислам дінінің таралуы. 

Тапсырма: Сабаққа дайындалу барысында ХҮІ-ХҮШ ғ. Қазақ халқының материалдық 

мәдениеті,  қолөнері,  қазақ халқының рухани мәдениеті түсінігін қарастыру арқылы 

студенттердің білімдерін қалыптастыру. Тақырыпты оқып-үйрену 

 барысында студенттер төмендегідей білімді меңгеруі қажет: ХҮІ-ХҮШ ғ. Қазақ халқының  

мәдениетіне  тоқталу,  .  Қазақ  халқының    әдет-ғұрыптары,  салттары  мен  дәстүрлерін,  діни 

нанымдар  және    Ислам  дінінің  таралуын  ашып  көрсету.  Тақырыпты  меңгеру  барысында 

Қазақ  халқының  мәдениеті,  қазақтардың  заттай  мәдениеті  жайлы  біліктілік  дағдыларын 

көрсете  білуі  қажет:  Қазақ  халқының  рухани  мәдениеті,  Салт-дәстүрлері,  діни  наным 

сенімдері жөнінде толық теориялық мәселелермен таныс бола алады. 

Есеп беру түрі. Дискуссия 

Жұмысты тапсыру мерзімі: 14-апта, 2 ұпай 

Тақырып 15. ХҮ-ХҮІІІ ғ.үштігіндегі дәстүрлі Қазақ қоғамы. 


МАҚСАТ-  -  ХҮ-ХҮІІІ ғ.үштігіндегі дәстүрлі Қазақ қоғамына тоқтала отырып, 

қазақтардың дәстүрлі  шаруашылығы, қазақ қоғамындағы әлеуметтік-экономикалық 

қатынастары мен қоғамның саяси құрылымын талдау. 

1.

 



Қазақтардың дәстүрлі  шаруашылығы.  

2.

 



Қазақ қоғамындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастар. 

3.

 



Қоғамның саяси құрылымы. 

Тапсырма: Сабаққа дайындалу барысында мынаған баса назар аудару керек: ХҮІ-ХҮШ 

үштігіндегі дәстүрлі Қазақ қоғамына тоқтала отырып,  оның ішінде Қазақтардың 

дәстүрлі шаруашылығы, Қазақ қоғамындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастар 

жүйесіндегі орны. Тақырыпты оқып-үйрену барысында студенттер төмендегідей білімді 

меңгеруі қажет: 

-

 

Қазақтардың дәстүрлі  шаруашылығы; 



-

 

Қазақ қоғамындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастарын; 



-

 

Қоғамның саяси құрылымына баса назар аудару керек. 



Есеп беру түрі. Дөңгелек стол  

Жұмысты тапсыру мерзімі:  15-апта, 2 ұпай 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстанның орта ғасырлар тарихы пәні бойынша СӨЖ тапсырмаларды орындау 

және  тапсыру кесетесі 

 

1.Тақырып.  І  –  Модуль.  Қазақстан  моңғол  империясы    және  Шыңғысхан 

ұрпақтарының ұлыстары құрамында. 

Мақсаты:    ХІІ  ғ.  соңы  –  ХІІІ  ғ.  басындағы  наймандар,  кереиттер  мен  меркіттер, 

Жетісудағы наймандар туралы жан-жақты мағлұмат бере отырып, «Отырар апаты» және 

Хорезм  мемлекетіне  қарсы  жорықтар,    Сырдария  қалаларын  алу,  Отырар  қорғанысы, 

Қыпшақ  даласын  бағындыру,  Шыңғыс  хан  жорықтарының  тарихта  бағалануын  ашып 

көрсету.  Моңғол  империясының  құрылуы,    Шыңғысханның  Орта  Азия  мен  Қазақстан 

жерін жаулауы туралы түсінік  қалыптастыру. 

1.

 

Моңғол жаулаулығы қарсаңындағы Қазақстан. 



2.

 

Моңғолдардың Қазақстан мен Орта Азияны жаулауы. 



3.

 

Қазақстан Алтын Орда құрамында 



4.

 

Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Қазақстан Шағатай ұлысының құрамында. 



Тапсырма:    СӨЖ-ге  дайындалу  барысында  Қазақстан  мен  Орта  Азияны  Моңғолдардың 

жаулауы, қазақ жерлері Монғол  ұлыстарының  құрамына  енуі,  ішкі  және  сыртқы  саясаты 

мәселесіне  назар  аудару  керек.  Сонымен  қатар,  тақырыпты  оқып-үйрену  барысында 

студенттер төмендегідей білімді меңгеруі қажет: 

- ХІІ ғ. соңы – ХІІІ ғ. басындағы наймандар, кереиттер мен меркіттер тайпаларының шығу 

тегін  білу; 

- «Отырар апаты» және Хорезм мемлекетіне қарсы жорықтары мен Сырдария қалаларын 

алу жайлы жалпы түсінігі болуы тиіс.  

Тақырыпты меңгеру барысында төмендегі біліктілік дағдыларын көрсете білуі қажет: 

- Отырар қорғанысы, Қыпшақ даласын бағындыру, Шыңғыс хан жорықтарының тарихта 

бағалануы, оның маңызын айқындап сипаттап беру, салыстыра отырып, оқып-үйрену. 

Студенттер  тақырыпты  меңгеру  барысында  төмендегі  теориялық  мәселелермен  таныс 

бола алады: 

-

 



Моңғол  империясы,  оның  Орта  Азия  және  Қазақстан  жеріне  шапқыншылықтары 

жайлы толық теориялық ақпарат алады. 



Әдістемелік нұсқау: Реферат – латын тілінен «referre» - баяндау, хабарлау деген мағана 

береді.  Реферат-ғылыми  еңбектің  мазмұнын  жазбаша  қысқаша  жазу    немесе  ауызша 

баяндау.  Реферат  –рецензия  жазу  үшін  төмендегі  үлгіні      ұстаныңыз:  Мұнда  ғылыми, 

мемуалық және библиографиялық жұмыстың мағынасы бойынша 

1. автор туралы мәлімет 

2.  Кітаптың  шығуы  туралы  мәлімет:  қашан,  қайда,  қандай  баспаханадан  шығарылған. 

Тиражы туралы мәлімет. 

3. Рецензияланып отырған кітаптың құрамы: бөлімдері мен тараулаврының атауы. 

4. Автордың сипаттап отырған оқиғаға, тарихи тұлғаға көзқарасы. 

Есеп беру түрі. Жазбаша  

Жұмысты тапсыру мерзімі: 1,2, 3-апталар, 6 ұпай 

 

2.тақырып. ІІ– модул. ХІІІ-ХҮ ғғ. Қазақстанның рухани мәдениеті. Дін. Өнер. 

Мақсаты: ХІІІ-ХҮ ғғ. Қазақтардың тілі, діні және жазба әдебиеті туралы жан-жақты 

түсінік беру. Ислам дінінің таралуы, ислам дінінің наным сенімдері мен тарихи маңызы 

туралы мағлұмат беру. 

1.

 



ХІІІ-ХҮ ғғ. Қазақстанның рухани мәдениеті. 

2.

 



Діни сенімдер.  

3.

 



ХІҮ-ХҮ ғғ. Ислам діні. 

Тапсырма: СӨЖ-ге  дайындалу барысында студенттер төмендегідей білімді меңгеруі 

қажет: 


-

 

Дешті Қыпшақ территориясындағы түркі, моңғол және ислам мәдениеті туралы; 



-

 

Діни сенімдер. ХІҮ-ХҮ ғғ. Ислам діні; 



-

 

Берке  хан  тұсындағы  (1255-1266  )  Дешті  қыпшақ  көшпелілердің  ислам  дінін 



қабылаудағы дискретті сипаты

-

 



Өзбек хан тұсындағы (1312-1340)  ислам дінін қабылауға жаңа сипаты. 

Тақырыпты меңгеру барысында төмендегі біліктілік дағдыларын көрсете білуі қажет: 

-

 

«Ер Сайын» эпосы. Тарихи – батырлық сипаттағы Ноғайлық жырлар; 



-

 

Дешті қыпшақтың рухани өміріндегі ауыз әдебиеті: Кетбұға ақын (ХІІІ ғ); 



-

 

 Қотан ақын жоктауы (ХІҮ ғ); 



-

 

Сыпыра жыраудың толғаулары; 



-

 

(ХІҮ-ХҮ ғғ), Асан қайғы, Қазтуған Сүйіншіұлының жыр толғаулары. 



Әдістемелік нұсқау:  

Коолоквиум-  латын  тілінен  «coologuim»-әңгіме,  әңгімелесу  деген  мағана  береді.  Оқу 

сабақтары  нысандарының  бір  түрі;  оқытушылардың  оқушылардың    білімін  тексеру 

мақсатында  әңгімелесуі.  Жоғары  оқу  орындарында    коолоквиум  әдетте,  лабораториялық 

жұмыстың,  оқу  практикасының  алдында  студенттердің  сол  жұмыстарды  орындауға 

қажетті теориялық білімін байқау үшін жүргізіледі. Қазіргі оқу процесінде коолоквиумде 

электрондық оқыту машиналары жиі пайдаланылады. 



Есеп беру түрі. Ауызша  

Жұмысты тапсыру мерзімі: 4,5, 6-апталар, 18 ұпай 

 

3 тақырып. ІІІ– модуль.  Қазақстан моңғолдық дәуірден кейінгі кездегі саяси  



құрылымдар дәуірінде (ХІҮ-ХҮғғ.) 

Мақсаты: Ақ  Орда мен Көк орда туралы тарихи концепциялар туралы түсінік бере 

отырып,  «Ноғай» терминінің этимологиясы  мен ноғай ордасының құрылуы, Әбілқайыр 

хандығының құрылуы және Моғолстан мемлекетінің құрылуы мен саяси тарихы, 

қоғамдық құрылысы, ішкі, сыртқы саясаты туралы жан-жақты мағлұмат беру. 

1.

 

Ақ Орда-жергілікті этникалық негізде құрылған алғашқы мемлекеттік құрылым. 



2.

 

Батыс Қазақстан Ноғай Ордасының құрамында 



3.

 

1428ж1468 жж Шығыс Дешті қыпшақтағы мемлекет-Әбілқайыр хандығы.  



4.

 

Оңтүстік-Шығыс Қазақстан Моғолстан құрамында  



Тапсырма:  СӨЖ-ге  дайындалу  барысында  1428  ж-1468    ж    Шығыс  Дешті  қыпшақтағы 

мемлекет-Әбілқайыр  хандығынің  саяси  тарихына  назар  аудара  отырып,  Әбілқайыр 

хандығының  деректері  мен  тарихнамасы,  ХҮ  ғ.  20  жылдарындағы  Шығыс  Дешті 

қыпшақтағы  саяси  бытыраңқылығы,  Әбілқайыр  ханның  билікке  келуі  жайлы  білімді 

меңгеруі қажет. Сонымен қатар:  

- «Көшпелі өзбектер» мемлекетінің этникалық құрамы туралы сипаттай білу; 

-  Әбілқайр  ханның  Моғолстанға  жорығы,  ішкі  және  сыртқы  саясаттарын  білу  дағдысын 

қалыптастыру,  студенттер  тақырыпты  меңгеру  барысында  төмендегі  теориялық 

мәселелермен  таныс  бола  алады:  Әбілқайр  хандығының  саяси  тарихы,  қоғамдық 

құрылысы, «Көшпелі өзбектер» мемлекетінің күйреуі жайында жан-жақты хабарлама алу. 

Тақырыпты оқып-үйрену барысында студенттер: Қазақ хандығының  жазба деректері, 

ауыз әдебиеті деректері және олардың тарихи маңызы жайлы білімді меңгеруі қажет. 



Әдістемелік нұсқау:  

Реферат  –  латын  тілінен  «referre»  -  баяндау,  хабарлау  деген  мағана  береді.  Реферат-

ғылыми еңбектің мазмұнын жазбаша қысқаша жазу  немесе ауызша баяндау.  



Есеп беру түрі. Жазбаша  

Жұмысты тапсыру мерзімі: 7,8,9-апталар, 6 ұпай 

 

4  тақырып.  ІҮ  –  модуль.  Қазақстан  ХҮғ.-ХҮІІІ  ғғ.  Бірінші  үштігінде.  ХҮғ.-ХҮІІІ  ғғ. 



алғашқы үштігіндегі Қазақ хандығы. 

Мақсаты:    ХҮІ-ХҮІІІ  ғғ.  басындағы  Қазақ  хандығы,  саяси  тарихы  мен  қоғамдық 

құрылысы  жайлы  мағлұматтар  бере  отырып,    Қазақ-жоңғар  қарым-қатынастары, 



жоңғарлардың басқыншылық саясаты мен ірі шайқастары туралы түсінік беру. Сонымен 

қатар, ХҮІ-ХҮІІІ ғғ қазақ-орыс қатынастары, әлшіліктері мен байланыстары туралы жан-

жақты талдау. 

1.

 



Қазақ хандығының құрылуы мен нығайуы. (ХҮ ғ ІІ жартысы) 

2.

 



Қазақ хандығының күшеюі (ХҮІ ғ. бірінші ширегі) 

3.

 



ХҮІ ғ. ІІ жартысындағы Қазақ хандығы. 

4.

 



ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. басындағы Қазақ хандығы 

5.

 



ХҮІІ-ХҮІІІ ғ ғ бірінші ширегіндегі қазақ-жоңғар қатынасы 

6.

 



ХҮІ-ХҮІІІ ғғ қазақ-орыс қатынастары. 

Тапсырма:  СӨЖ-ге  дайындалу  барысында  Қазақ  хандығы  құрылуының  тарихи  алғы 

шарттары,  қазақ  хандығының  әлеуметтік-экономикалық  және  саяси  дамуының  негізгі 

тенденциялары  қарастыру.  Сонымен  қатар,  тақырыпты  оқып-үйрену    барысында 

студенттер  төмендегідей  білімді  меңгеруі  қажет:  Қазақ  хандығының  құрылуының 

этникалық, саяси, мәдени-тарихи алғышарттары жайлы оқып-үйрену,  тақырыпты меңгеру 

барысында  төмендегі  біліктілік  дағдыларын  көрсете  білуі  қажет:  Керей  мен  Жәнібектің 

Өзбек  ұлысынан  бөлінуі  және  Қазақ  хандығының  құрылуының  басталуы  жайында  жан-

жақты  баяндай  білу  дағдысы.  Қазақ  хандығының  саяси  тарихы,  саяси  құрылымы, 

қоғамдық құрылысы, әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен мәдениеті жайлы теориялық 

ақпарат  алады. 



Әдістемелік нұсқау:  

Коолоквиум-  латын  тілінен  «coologuim»-әңгіме,  әңгімелесу  деген  мағана  береді.  Оқу 

сабақтары  нысандарының  бір  түрі;  оқытушылардың  студенттердің    білімін  тексеру 

мақсатында  әңгімелесуі.  Жоғары  оқу  орындарында    коолоквиум  әдетте,  лабораториялық 

жұмыстың,  оқу  практикасының  алдында  студенттердің  сол  жұмыстарды  орындауға 

қажетті теориялық білімін байқау үшін жүргізіледі. Қазіргі оқу процесінде коолоквиумде 

электрондық оқыту машиналары жиі пайдаланылады. 



Есеп беру түрі. Ауызша  

Жұмысты тапсыру мерзімі: 10,11, 12-апталар, 6 ұпай 

 

5 тақырып. Ү – модуль. ХҮ-ХҮІІІ ғ.үштігіндегі дәстүрлі Қазақ қоғамы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет