Семинар сабақтарының әдістемелік нүсқаулығы №1 практикалық/семинар сабағының



бет6/12
Дата14.02.2023
өлшемі74,84 Kb.
#67787
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ГОӘ Практикалық семинар жұмысы

Пайдаланатын әдебиеттер тізімі
1. Е.А.Тоқпанов, О.Б.Мазбаев, Т.О.Увалиев, Б.Қ.Асубаев. Географияны оқыту әдістемесі: оқулық. - Алматы: «Эверо», 2015.
2. Ә. С. Ақашева, К. Ж. Дүйсебаева, Г. Н. Нүсіпова. География мен экологияны оқыту әдістемесі: оқу әдістемелік құрал. - Қарағанды : Ақ Нұр, 2012. 
3. Географиялық білім беру жүйесіндегі жаңа инновациялық технологиялар. Е.А.Тоқпанов [және т.б]. - Алматы: Эверо, 2019.
4. Жаратылыстану –математикалық бағыттағы пәндер бойынша педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының профессор – оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. Оқытушыға арналған нұсқаулық. Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Ғылыми-әдістемелік кеңесі ұсынған. © «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2018.

8 практикалық/семинар сабағының


әдістемелік нұсқауы


Мақсаты: Мұғалімнің сабаққа дайындығына қойылатын талаптарды, сабақтың негізгі кзеңдерінде білімді меңгерту, тексеру мен бекітудің маңызын анықтау сабақты жоспарлауға қойылатын әдістемелік талаптарды ашып көрсету. География пәнін оқыту барысында қолданылатын жаңа білімді меңгерту, жаңа білімді меңгерту және іскерлік дағдыларды қалыптастыру (құрамдасқан) білімді іс жүзінде пайдалану, жинақтап қайталау сабақтарының құрылымын, мақсатымен міндеттерін пайдаланатын оқыту әдістерін, оқушыларды қарқынды ой әрекетіне жұмылдырудың жолдарын сабақ барысында мұғалімнің жеке басының қасиеті мен өзін-өзі ұстауының маңызын білімді меңгерту тәсілдерін анықтау.
Пайдаланатын құрал-жабдықтар: оқулықтар мен мектеп географиясының оқу бағдарламалары, ғылыми-көпшілік әдебиеттер, әдістемелік журналдар, приборлар мен құрал-жабдықтар.


Тақырып: Күнделікті сабақты жоспарлау


Тапсырмалар.
1. А) Оқулықтың мәтінін, қосымша дерек көздерін пайдаланып, оқу жұмыстарын жоспарлаудың негізгі түрлерін, қызыметін маңызын анықтап бір сабаққа ҚМЖ жазу
Ә) Мұғалімнің сабаққа дайындығына қойылатын негізгі талаптарды анықтап постер құрыңдар.
Б) Мұғалімнің сабаққа дайындалу барысында сабақтың мақсатын анықтаудың, оқу материалдары мен оқыту құралдарын іріктеудің маңызын және оған қойылатын әдістемелік талаптарды ашып көрсет.
В) Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру, жаңа оқу материалдарын оқып үйрену және бекіту кезеңдерінің оқу танымдық маңызын анықтап бір тақырыпқа сабақтың кеңейтілген жоспарын құрыңдар және аудиториямен таныстыр.
2. А) Жаңа білімді меңгерту, іскерлік-дағдыларды қалыптастыру (құрамдасқан) сабақтың құрылымын, оқу-тәрбиелік маңызы мен сабақты өткізуге қойылатын әдістемелік талаптарды анықтап, «Қазақстанның табиғат зоналары» тақырыбынан сабақтың кеңейтілген жоспарын құрыңдар.
Ә) Білімді іс жүзінде пайдалану (сарамандық жұмыс) сабағының оқу-тәрбиелік маңызы мен сабақты өткізуге қойылатын әдістемелік талаптарды анықтап, «Қазақстанның топырағының зоналық таралуы» тақырыбынан сабақтың кеңейтілген жоспарын құрыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет