әдістемелік нұсқауы
Сабақтың мақсаты:Картаны оқулықты, басқада дерек көздерін пайдаланып мектеп географиясынан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарының негізгі түрлерін, атқаратын оқу-тагымдық қызметін, географиялық білімді меңгетіп, кәсіби іскерлік-дағдыларын қалыптастырудағы маңызын ашып көрсету.
Пайдаланылатын құрал-жабдықтар: оқулықтар мен мектеп географиясының оқу бағдарламалары, ғылыми-көпшілік әдебиеттер, әдістемелік журналдар, приборлар мен құрал-жабдықтар.
Тақырып: Географиядан пәнінен өткізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлері және оның географиялық білімді қалыптастырудағы маңызы.
Тапсырмалар.
1. Мектеп географиясы пәнінен жүйелі жүргізілетін сыныртан тыс жұмыстардың түрлерін, мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастыру әдістері мен нышандарын анықтап постер құрыңдар.
2. Мектептегі географиялық үйірмелер мен факультативтердің мақсаты мен міндеттерін атқаратын қызметін болашақ маман ретінде география ғылымының жеке салаларын меңгертудегі алатын орынын анықтаңдар. .
3. География географияны оқыту үрдісінде ұйымдастырылатын оқу экскурсияларының, жергілікті жерде жүргізілетін бақылаулардың негізгі түрлерін, ауа райын болжауды ұйымдастырудың атқаратын дидактикалық қызметтерін, өткізу әдістерін ашып көрсетіңдер.
4. Жергілікті жерде жүргізілетін далалық жаттығу сабақтарының атқаратын қызметін, оқу-танымдық маңызын анықтаңар.
Пайдаланатын әдебиеттер тізімі
1. Е.А.Тоқпанов, О.Б.Мазбаев, Т.О.Увалиев, Б.Қ.Асубаев. Географияны оқыту әдістемесі: оқулық. - Алматы: «Эверо», 2015.
2. Ә. С. Ақашева, К. Ж. Дүйсебаева, Г. Н. Нүсіпова. География мен экологияны оқыту әдістемесі: оқу әдістемелік құрал. - Қарағанды : Ақ Нұр, 2012.
3. Географиялық білім беру жүйесіндегі жаңа инновациялық технологиялар. Е.А.Тоқпанов [және т.б]. - Алматы: Эверо, 2019.
4. Жаратылыстану –математикалық бағыттағы пәндер бойынша педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының профессор – оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы. Оқытушыға арналған нұсқаулық. Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Ғылыми-әдістемелік кеңесі ұсынған. © «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2018.
№ 11практикалық/семинар сабағының
Достарыңызбен бөлісу: |