Семинар сабақтарының тақырыптары және оған әдістемелік нұСҚаулық №1 семинар Сағат көлемі: 1



бет10/19
Дата06.03.2023
өлшемі56,66 Kb.
#71863
түріСеминар
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Байланысты:
ӘДІСТЕМЕ Қаз.тарихы.Межфак-2023(1)

Сағат көлемі: 1
Семинар сабағының мақсаты: Қазақстан аумағын отарлаудың әсерін қарастыру.


Тақырыбы: ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ОТАРШЫЛДЫҚҚА ҚАРСЫ
ХАЛЫҚ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСТЕРІ
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. «Көзге көрінбейтін» Көктемір көтерілісі.
2. 1916 жылғы 25 маусымдағы «Тыл жұмыстарына бұратана халықтарды реквизициялау туралы» Жарлық. 1916 жылғы көтеріліс себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері. Көтерілісшілердің әскери өнері. Жеңіліс себептері және көтерілістің тарихи маңызы. Отандық және әлемдік тарихи әдебиеттегі 1916 жылғы көтерілістіке берілген баға.
3. Қазақстанды еуропалық және ресейлік ғалымдардың зерттеуі. Қазақстандағы экспедициялар.
4. Жер аударылған орыстардың (Г.С.Карелин, М.М. Муравьев-Апостол, Ф.М. Достоевский және басқалар) Қазақстан мәдениетіне қосқан үлесі. А.И. Левшин, В.И. Даль және тағы басқа орыс ғалымдарының Қазақстанның өндіргіш күштерін, өмірі мен мәдениетін зерттеуі. Еуропалық саяхатшылар Қазақ даласы туралы. Ағартушы ғалым Ш. Уәлиханов және оның Қазақстанның тарихы, географиясы, экономикасы мен мәдениетіне қатысты ғылыми мұрасы. Ы. Алтынсариннің ағартушылық қызметінің маңызы. Абай Құнанбаевтың қазақ халқының мәдениетіндегі тарихи рөлі. Абай және Е.П. Михаэлис.
5. Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889 жылдар), Дәулеткерей Шығайұлы (1829-1882 жылдар), Біржан сал Қожағұлұлы (1832-1895 жылдар), Ақан сері Қорамсаұлы (1843-1913 жылдар), Жаяу Мұса Байжанұлы (1835-1929 жж.) және басқалардың музыкалық шығармашылығы.
6. Дулат, Шортанбай, Мұрат, Әбубәкір Кердері. Орыс-қазақ әдеби байланыстары.
7. Орыс географиялық қоғамының бөлімдері мен бөлімшелерінің (Орынбор, Семей, Түркістан бөлімдері) қызметінің маңызы. Статистикалық комитеттер және олардың қызметі. Қазан университетінің тарих, археология және этнография қоғамы. Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясы. «Қазақ», «Вақыт», «Шуро», «Ақмулла» газеттерінің, «Айқап» журналының қазақ халқының ұлттық болмысын қалыптастырудағы рөлі. Мұхамеджан Сералин, Спандияр Көбеев, Сұлтанмахмұт Торайғыров және басқалардың шығармалары.
8. Қазақстан аумағындағы мұсылмандық қайырымдылық қоғамдары. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениетіндегі ағартушылық және реформаторлық бағыт. Қазақтың зияткерлік-рухани элитасының мұрасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет